Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты


Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы (түбір гранулемасы)



бет6/15
Дата12.05.2024
өлшемі315,63 Kb.
#202011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы (түбір гранулемасы)

  • Периодонт қабынуының бұл түрі кезінде өршу сатысы болмаса, ешқандай клиникалық белгілер орын алмайды. Тек сирек жағдайда ғана периодонттың гранулдене қабынуына тән белгілер (қызылиектің аздап қызарып, ісінуі, жыланкөз) болуы мүмкін.
  • Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының немесе түбір гранулемасының қорытынды диагнозын рентгендік тексеру арқылы анықтайды. Бұл кезде сырқат тістің түбір ұшында немесе бүйір бетіне жақын домалақ немесе сопақ пішінді шекарасы тегіс және анық диаметрі 0,5 см шамасында қара-көлеңке ошақ анықталады (4-сурет). Егер қара-көлеңке ошақтың диаметрі 0,5-0,8 см болса кистогранулема (cystаgranuloma), ал одан үлкен болса түбір кистасы (корневая киста – cysta radicularis) деген диагноз қойылады. Дегенмен гранулема мен кистогранулеманы толық ажырату үшін гистологиялық зерттеудің қорытындысы қажет. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы кезінде қызылиекте өзгеріс байқалмайды, тек кистогранулема немесе киста кезінде тістің түбір ұшы проекциясындағы қызылиекастындағы сүйек тінінде сипап басқан кезде ауырмайтын томпақ құрылым анықталады. Кейде кистаның үлкею бағытындағы жақ сүйегінің қатты сүйек пластинкасының жұқарғаны соншалықты, сипап тексергенде томпиған сүйек аймағы пергамент қағазын уқалаған кезде шығатын қытырға ұқсас дыбыс береді (симптом хруста). Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы өршіген кезде қызылиекте жыланкөз пайда болуы мүмкін.
  • Түбір гранулемалары көбінесе жоғарғы жақ тістерінің периодонтында (63%), сирек жағдайда (37%) төменгі жақ тістерінің периодонтында дамиды. Сонымен қатар кіші азу тістер аймағына қарағанда (38%), үлкен азу тістер аймағында көбірек (54%) анықталады.
  • Дұрыс емделген периодонттың гранулемаланып қабынуы да көбінесе фиброзданып қабынуға ауысады. Ал емделмеген және түбір өзегі дұрыс өңделіп, пломбыланбаған жағдайда кистогранулемаға немесе түбір кистасына ауысады, кейде бет-жақ сүйегі аймағының одонтогендік қабыну үрдістерімен асқынады.
  • Периодонттың созылмалы қабынуының әр түрлерін бір-бірінен, орта тісжегіден, ұлпаның созылмалы шіри қабынуынан ажырата білу керек.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет