Ойын – балалар əрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың əдісі мен құралы. Ойын əрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне əсерін тигізеді. Ойын


Ойынның мақсаты – Ойын технологиясы арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру



бет2/3
Дата11.10.2023
өлшемі24,6 Kb.
#184763
1   2   3
Байланысты:
Ойын технологиясы

Ойынның мақсаты – Ойын технологиясы арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндетті шешеді.
Ойын:
- сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
- сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
- сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойын əрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нəрсе: білім, əрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
1. Мазмұнды-бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-
ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар»,
«бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан;
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дəл тауып айт, т.б.
4. Құрылыс ойындары: лото, жəне басқа констукторларды пайдалану;
5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, əңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сəйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай əртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті жəне тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоциональды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай əдістемелік талаптар қойылады:
1. Ойынның мақсаты жəне керекті көрнекті құралдар мен мате- риалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тəртібі оқушыларға əбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Ойындардың жіктемесін жасауда оқытудың білімділік, тəрбиелік жəне дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісі негізге алынады.
Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланған тиімді. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу үдерістері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, əр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді.
Оқушыларының өзін-өзі дамыту құзырлығы бүгінгікүнібілім беру саласындағы өзекті мəселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы
– сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделетін, өзін-өзі ұстай алатын тұлға ретінде қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.
1. Ойынның əлеуметтік-мəдени белгілері. Ойынның əлеуметтік- мəдени белгілі мəдени байлықты, тəрбие потенциалын игерген
ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі əр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатігездіксіз шешуге, əрқилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.
4. Коммуникативтік ойын. Оқушыларды əр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.
5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.
6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тəртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын жəне оқудағы туындаған əр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.
7. Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тəртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.
Əр мұғалім технологияның нəтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет:
• Əр ойынның тəрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын
алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нəтиже беретіндігін анықтау
• Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының
эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала əзірлеу.
• Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорнына сəйкес келуі.
• Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен
қамтамасыз ету.
• Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пəнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Заман талабына сай əр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үдеріс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты,
тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді əдістердің бipi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет