Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Қарбыздың фузариозды солуы



бет105/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Қарбыздың фузариозды солуы. Қоздырғыштары - Fusarium және Verticillium туыстарының өкілдері Deuteromycotа класының Монилиялылар қатарына жатады. Қызылорда облысымен қатар еліміздің оңтүстік-шығыс өңіріндекездесетін осы дақылдың аса бір қатерлі ауруы. Жаңа шыққан өскіндердің жарнақ жапырақтары, сағақтары мен тамырларықарайып, олар солып опат болады. Жемістер байлана бастаған кездеөсімдіктердің тамыр мойынында терең жарақаттар байқалады, топырақ астындағы тарамдары жөкеленіпқоңырқай тартады. Ауру жайлаған өсімдік жапырақтары сабақ желілерінің жоғарғы ұшынан бастап солады, баяу дамыса тургор кешкі салқында біртіндеп қалпына келеді. Кесел қатты өршіген жағдайда жапырақтар кенеттен солып, бар-жоғы 5-10 тәулік ішінде өсімдіктер қурай бастайды. Бұл ауру топырағы сортаң жерлерде жиірек кездеседі. Кеселге шалдыққан өсімдік жемістерінің пісіп, жетілуі баяулайды, олар ұсақ және дәмсіз келеді. Инфекция жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Асқабақ тұқымдастардың антракнозы. Қоздырғышы - Deuteromycotа класының Меланкониялылар қатарына жататынColletotrichum orbiculare Aph.. Бұл ауруға қарбыз, қауын және қияр жиірек, асқабақ сирек шалдығады. Оның белгілері тамыр мойыны мен жапырақтарда дөңгелектеу, бір-бірімен ұласқан ашық-жасыл, ал сабақ желілерінде - ұзынырақ, сопақтау дақтар ретінде байқалады. Жемістерде шұңғылдау дақтардың үстінде көлденеңі 1 мм-ге жуық, қызғылтқоймалжың заттан тұратын жастықшалар байқалып, олардабір жасушалы, эллипс тәріздес, немесе сәл иілген, мөлшері 10-40х3-8 мкм конидиялар түзіледі. Кесел қатты өршіген жағдайда жемістердің тауарлық сапасы төмендейді, тез шіриді, дәмі ащы, жеуге жарамайды. Аурудың дамуына ауа температурасы 22-270 С, ылғалдылығы - 70- 80% аралығындаболып, тамшы ылғал ұзағырақ сақталғаны қолайлы. Күзге қарай залалданған мүшелерде склероцийлер түзіліп, саңырауқұлақ осы сатысында қыстап шығады.
Асқабақ тұқымдастардың бактериозы. Қоздырушысы - Pseudomonas syringaepv. lachrimans Yong et. al. бактериясы. Ауру белгілері қиярдың жарнақ жапырақтарында майланған сияқты, кішірек ашық-қоңыр дақтар ретінде байқалады, өскіндер қурап, опат болуы мүмкін. Нағыз жапырақтарда алғаш күңгірт-жасыл, суланған немесе майланған тәрізді, біртіндеп қоңырқай тартатын, жүйкелермен шектелген үлкен дақтар байқалады, ауру қатты өршіген жағдайда олар ойылып түсіп қалады. Жапырақ сағақтары мен сабақ желілері және жемістерде қоңырқай тартатын күңгірт-жасыл ойыс дақтар бірте-бірте терең сызаттарға, немесе жарақаттарға айналады,үстінде бактерия жасушаларынан тұратын түссіз қоймалжың шырын – экссудат түзіледі. Олар таяқша тәріздес, дара немесе екі-үшеуден тіркескен, мөлшері 1-2х0,8 мкм, денесінің ұшында орналасқан талшықтары арқылы сұйық ортада еркін қозғалады,спора түзбейді.Жасанды ортада (картоп немесе ет агары) бактерия реңі ақшыл-сұр немесе түссіз, ортасы сәл көтеріңкі, беті жылтыр,кішілеу домалақ шоғырлар түзеді. Кеселге қатты шалдыққан өсімдік жапырақтарында фотосинтез екпінділігі, жемістердің су және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі төмендейді, пішіні ұсқынсызданып, тауарлық сапасы нашарлайды. Қауын мен қарбызда да осындай ауру белгілері байқалады. Өсімдіктердің өсу кезеңінде инфекция жаңбыр тамшылары, ауа ағыны және күтіп-баптауға қолданылатын жұмыс құралдары арқылы оңай таралады. Бактерия болар-болмас жарақаттар, тыныс саңылаушалары арқылы өсімдік ұлпасына енеді. Оны тасымалдауда асқабақ тұқымдастарда тіршілік ететін,өсімдік шырынымен қоректенетін бунақденелілер біраз рөл атқарады. Аурудың өршуіне 25-300 С аралығындағы температура қолайлы. Тұқымда және шірімеген өсімдік қалдықтарында инфекция келесі жылға дейін сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет