Қияр пероноспорозы.Қоздырғышы– Pseudoperonospora cubensis Rost. төменгі сатыдағы Оомycotaкласының Пероноспоралылар қатарына жатады. Ауру белгілері жапырақтардың жоғарғы бетіндеалғаш бозарған, сарғылт, кейінірек қоңырқай тартатынүлкенжайылған дақтар ретінде байқалады. Олар тез ұлғайып, бір-бірімен ұласуынан жапырақтар қурай бастайды. Жаңбыр жиі жауып, ауа ылғалды болса дақтардың үстінде тарамдалған саңырауқұлақмицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын селдірсұрғылт- күлгінөңез түзіледі. Конидиялар жұмыртқа немесе эллипс тәріздес, жоғарғы ұшы шығыңқы, бұртиған, сұрғылт, күлгін, немесе қоңырқай, мөлшері 20-28х16-20 мкм. Өсімдіктердің өсу кезеңіндеинфекция жаңбыр тамшылары және ауа ағыны арқылы таралады. Ауру шілде мен тамыз айлары салқын, жаңбыр жиі жауып, жапырақтарда тамшы ылғал немесе шық ұзақ сақталған, ауаның орташа температурасы 17-220 С аралығындаболса қатты өршиді. Жылыжайда егілген қиярда пероноспороз ерте байқалуы мүмкін. Р. cubensis қиярмен қатар қауын, қарбыз және кәдіні залалдайтыны жайлы деректер бар.Күзге қарай қалың қабықшамен көмкерілген,реңі сарғылт, көлденеңі 36-42 мкм,қоршаған ортаның қолайсыздықтарына берік,шар тәріздес ооспоралар түзіледі.Олартүскен жапырақтарда қыстап шығып, келесі жылғаинфекция қоры.
Қиярдың тамыр шіріктері.Қоздырғыштары-Оомycotакласына жататын Pythium және Deuteromycotа класының Монилиялылар қатарының Fusarium мен Rhizoctonia туыстарыныңөкілдері. Бұлар қос және дара жарнақты өсімдіктердің жартылай паразиті ретінде белгілі,кейде сапрофитті тіршілік етеді. Жылыжайда ауру көбінесе температура төмен, топырақ ылғалдылығы жоғары болған жағдайда байқалады. Жер бетіне жаңадан шыққан тұқым жарнағының сағағында байқалады, 1-2 нағыз жапырақ шыққан кезде сабақтың төменгі буыны жіңішкеріп, бунақталып өскіндер біртіндеп солып, опат болады. Кеселге ересек өсімдіктер шалдыққан жағдайда олардың төменгі жапырақтары сарғайып, біртіндеп қурай бастайды, сабақтың төменгі бөлігі мен тамыр мойыны қоңырқай тартып жөкеленеді. Жылыжайда қиярды өсірудің оңтайлы технологиясы сақталынбай, температура бірқалыпты болмай, жиі ауытқыса, өсімдіктер салқын сумен суғарылып, топырақ ылғалдылығы жоғары болса, тыңайтқыштар, әсіресе азотты, шамадан тыс қолданылса және т.б. себептерден ауру өрши түседі. Инфекция шірімеген өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.