Тамыр ісігі немесе обыры. Қоздырғышы - Plasmodiophora brassicae Boron. төменгі сатыдағы Plasmodiophoramycota класының осы аттас қатарына жатады. Карантинді нысан, еліміздің аумағына 1-2 рет кездейсоқ әкелінгенмен, тарап кеткен жоқ. Ауру белгілері пішіні әртүрлі келетін, шор ісіктер, немесе бұлтықтар ретінде өсімдік тамырларында байқалады. Олардың ішінде алмұрт немесе жұмыртқатәріздес домалақзооспораларда көлденеңі 2-7 мк,шар тәріздес немесе сопақтау келген, сырты сүйел тәріздес жұқа қабықшамен көмкерілген түссіз цисталар түзіледі.Өсімдіктер ауруға кез келген өсу сатысында шалдығуы мүмкін,оның қоздырғышына температура17-220С, топырақ ылғалдылығы 70-90% аралығында болғаны қолайлы. Жаз айлары құрғақ, ауа райы ыстық келетін оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бұл аурудың таралып, дамуына жағдай қолайсыз. Ооспоралар топырақта 5-7 жылға дейін тіршілік қабілетін сақталуы мүмкін.
Фомоз немесе құрғақ шірік.Қоздырушысы - Phoma lingamDesm. Deuteromycota класының Сферопсидалылар қатарына жатады. Ауру белгілері қырыққабат өсуінің барлық кезеңдерінде, әсіресе тұқымдықтарда жиірек кездеседі. Өскіндердің жарнақжапырақтарында қоңырқай дақтар, сабақтың төменгі бөлігі мен тамырларда терең жарақаттарбайқалып, жөкеленеді. Ересек өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарында қызыл-қоңыр жиекпен көмкерілген, шеңберленген дөңгелектеу немесе созыңқы сұрғылт дақтар, ортасында пикнидалар түзіледі. Тұқымдық өсімдіктердің өсуі тоқырап, ауруға қатты шалдыққандары солып, мезгілінен ерте қурайды,сабақтары опырылғыш келеді. Мицелийлер шоғырлануынан олардың түтікшелері қарайып, толықтай құрғақ шірікке айналады. Кеселге шалдыққан бұршаққындар ішіндегі тұқымдар залалданады, оларда инфекция бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін. Шірімеген өсімдік қалдықтарындапикнидалардатүзілетін конидиялар қыстап шығып, инфекцияошағы рөлін атқарады.
Пероноспороз немесе жалған ақұнтақ .Қоздырушысы – Peronospora brassicae Gacum. Оomycotaкласының Пероноспоралылар қатарының өкілі.Бұл ауру жылыжайлармен қатар ашық танаптарда кездеседі, зияндылығы әсіресе тұқымдық егістерде жоғары. Жапырақтардың жоғарғыбетінде жайылған сарғылт дақтар ретінде байқалып, олардың үстіндесаңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын ақшыл сұр өңез түзіледі. Конидиялар түссіз, эллипс тәрізді, мөлшері 12-28х11-23 мкм, сағақтары қосарлана тарамдалған, ооспоралар шар тәріздес, қөлденеңі 25-30 мкм. Тұқымдық өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарында, бұршаққындары мен гүлшоғырларында мөлшері әртүрлі келетін, қара-қоңыр ойыс дақтар байқалады. Сақтау кезінде ауруға шалдыққан қаудандардың беткі орама жапырақтарында жайылған сұрғылт дақтардыақшыл өңез басады. Өсімдік мүшелерінде тамшы ылғал ұзақ сақталып, ауаның температурасы 15-250 С аралығында болса,ауру қатты өршиді. Инфекцияооспоралар ретінде шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады және тұқым арқылы таралады.
Альтернариоз. Қоздырушысы – Alternaria brassicae Sacc. Deuteromycota класының Монилиялылар қатарына жатады. Ауру өскіндердің жарнақ жапырақтары мен сабақтарында қарайған жолақтар немесе дақтар, қаудандардың сыртқы орама жапырақтарында ірі шеңберленген күңгірт дақтар ретінде байқалады. Тұқымдық өсімдіктердің сабақтары мен қындарында шашыраңқы орналасқан жылтыр қара дақтар түзіледі, тұқым толық жетілмейді, қатпарланады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса,немесе жаңбырдан кейін дақтардың үстінде саңырауқұлақ мицелийілерімен споралану мүшелерінен тұратын, барқыт тәріздес күңгірт- зәйтүн реңді өңез түзіледі. Конидиялар бір-біріне тізбектелген, жұмыртқа немесе түйрегіш тәріздес, көлденең және тік перделермен бөлінген, мөлшері 80-130х8-20 мкм, мойыны қысқалау, анық байқалмайды,.