Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Қызанақтың бактериялы ісігі немесе обыры



бет110/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Қызанақтың бактериялы ісігі немесе обыры. Қоздырғышы-Corynebacterium michiganense Jens.Бактериябір жасушалы, тұрқы түзу, немесе сәл иілген, таяқшалар, жасушалары дара немесе жұптасқан, сұйық ортада қозғалмайды, спора түзбейді, Грам әдісімен боялады. Ауруқызанақтың гүлдеу кезеңінде өсімдіктердің кенеттен солуы ретінде байқалады. Оның ерекше білгісі - жемістерде түзілетін ақшыл, біртіндеп сарғайып, ортасы қоңырқай тартып, шытынайтынқұстың көзі сияқты дақ. Өсімдіктердің өсу кезеңінде ауружұмыс құралдары, жел мен жаңбыр, бунақденелілер арқылы таралады. Инфекция шірімеген өсімдік қалдықтарында және тұқымда сақталады.
Қызанақ столбуры. Қоздырушысы–денесі домалақтау немесе сопақ келетін микоплазмалық ағза. Ауруға шалдыққан жапырақтар қүңгірт-күлгін тартады, жіңішкеріп, жоғары қарай ширатылады, сабақтар опырылып, оңай сынады. Гүл тостағаншаларының пішіні өзгеріп, жасыл реңімен ерекшеленеді. Кеселге қатты жайлаған өсімдіктер жеміс салмайды. Жеңілірек немесе кеш залалданған жемістер қырланып, реңі алақ-жұлақ келеді, қатты болатындықтан жеуге жарамайды. Өсімдіктердің өсу кезеңінде инфекцияны цикадалар таратады, күтіп-баптаған кезде ол жұмыс құралдарымен жұғады,ол тұқымда сақталады.
Қызанақ пен баялы мозаикасы.ҚоздырғышыNicotiana virus Smith. Өсімдіктердің жоғарғы жапырақтарында күңгірт және ашық –жасыл, сарғылт реңдер бір-бірімен алмасады. Кесел қатты өршіген жағдайда жапырақтар жіңішкеріп, орталық жүйке бойымен ширатылады, өсімдіктердің өсуі тоқырап, бұталануы, гүлдеуі және түйін салуы төмендейді. Жемістерде белгілі бір пішінсізқатайған қоңырқай дақтар байқалады. Әсіресе жылыжайда топырақ ылғалдылығы жоғары болып, жарық жетпесе, ашық танаптарға көшеттерертерек отырғызылып, ауа температурасы төмен болса ауру өрши түседі. Вирус қызанақпен қатар, көптеген алқа тұқымдастарды, атап айтқанда картоп, темекі,меңдуана және т.б. залалдайды. Инфекция тұқымда сақталады, өсу кезеңіндеөсімдік биттерімен тасымалданады, құрал- саймандар арқылы жұғады. Алқа тұқымдасдақылдарда арамшөптерде таралған вирус ауруының басқа түрлері де кездесуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет