Тамыр жегі мен тамырдың шіру. Қоздырғыштары– Rizoctonia solani Kuhn. Deuteromycota класынан, Phytium debaryanum Hesse.Ооmycota класының Пероноспоралылар қатарынан. Ауру көбінесе ерте көктемде байқалады, асхана қызылшасы мен шалқанның жарнақжапырақтарының сабағы мөлдіреп, суланып, қоңырқай тартады. Кеселге қатты шалдыққан өскіндер біртіндепсолып, қурап опат болады. Залалданған мүшелерде түзілетін селдір өңез cаңырауқұлақ мицелийлері мен көлденеңі 15-25 мкм зооспорангийлердентұрады. Соңғыларының ішінде мөлшері 14-18 мкм, сыртқы қабықшасы біртегіс пішіні дөңгелектеу ооспоралар орналасқан. Ризоктониозды тамыр шірігіне шалдыққан өскіндердің мүшелерінде жуанырақ, қоңырқай мицелийлер түзіледі . Тұқым жете қызбаған топыраққа ерте егіліп, жаңбыр ұзақ жауып, топырақ бетінде қалың қабыршық пайда болған танаптарда жиіреккездеседі Инфекция топырақта және өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Церкоспороз. ҚоздыруышысыDeuteromycotaкласына жататынCercospora beticola Sacc. қант қызылшасын залалдайды. Жаз ортасына қарай жапырақтар мен олардың сағақтарында ұсақтау, шеті қызыл-қоңыр жиекпен көмкерілген, ортасы сұрғылт, немесе қоңырқай дөңгелектеу дақтар байқалады. Жаңбырдан кейін немесе ауа ылғалдылығы жоғары болса, олардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын сұр өңез түзіледі. Конидиялар сәл иілген, кейбіреулері түзу, түссіз, түйрегіш немесе біз тәріздес, бірнеше көлденең перделермен бөлінген, ұзындығы 30-145х 4-5мкм.Кеселге қатты шалдыққан жапырақтар мезгілінен ерте қурайды. Инфекция шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.
Ақұнтақ.Қоздырғышы -Erysiphe communis Grev. f. sp betaeАscomycota класының Эризифалылар қатарына жатады. Жаз ортасында немесе соңына қарай жапырақтардың екі жағында ақ ұнтақ тәріздес жұқа , кейінірек нығыздалып, сұрғылт тартатынөңез байқалады. Ол саңырауқұлақ мицелийлері мен тізбектелген, түссіз, эллипс немесе бөшке тәріздес, мөлшері 31-43х15-18 мкмконидияларынантұрады. Кесел жайлаған жапырақтарда фотосинтез үрдісінің екпінділігі төмендейді. Күзге қарай мицелий шоғырында пішіні домалақтау, мөлшері 90-105 мкм жеміс денелері - клейстотецийлер түзіледі. Ауру қоздырушысы осы сатыда қыстап шығып, келесі жылға инфекцияның сақталуын қамтамасыз етеді.