Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Сәбіз, асхана қызылшасы мен шалқан аурулары



бет116/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Сәбіз, асхана қызылшасы мен шалқан аурулары

Бұл дақылдар барлық өңірлерде шағын көлемде өсіріледі. Сәбіз өнімімен ірі қалаларды қамтамасыз етудеПавлодар облысының алатын орны ерекше. Ашық танапта өсу және қоймада сақтаукезеңінде ол саңырауқұлақтар қоздыратын ақұнтақ, альтернариоз, фомоз, ақшірік сияқты ауруларға шалдығады.Бактериялар, микоплазмалар және вирустар қоздыратын бірен-саран аурулар да кездесуі мүмкін. Асхана қызылшасында тамыржегі, церкоспороз, фомоз, ақұнтақ , шалқанда – ризоктониоз, альтернариоз, бактериоз және вироздар кездесуі мүмкін.


Сәбіз аурулары
Ақұнтақ. Қоздырушысы - Erysiphe umbelliferarum DB. f. sp. dauci Yacz.Аscomycota класының Эризифалылар қатарына жатады. Ауру белгілері сәбіздің өсу кезеңінің екінші жартысында, немесе соңына қарай, саңырауқұлақ мицелийлері мен көбею мүшелерінен тұратын селдір ақ өңез ретінде жапырақтарда байқалады. Конидиялар тізбектелген, түссіз, пішіні цилиндр тәріздес, мөлшері 28-30х 13-15 мкм. Өсімдіктердің өсу кезеңінде cаңырауқұлақ жыныссыз бірнеше ұрпақ береді, инфекция конидиялар арқылы тез таралады. Кейінірек мицелий шоғырлары нығыздалып, сұрғылт тартады, арасында шар тәріздес , мөлшері 80-90х60- 70 мкм жеміс денелері – клейстотецийлер түзіледі. Олар өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, келесі жылға инфекция ошағы болады.
Фомоз немесе құрғақ шірік. Қоздырушысы- Phoma rostpupiiSacc. Deuteromycotaкласының Сферопсидалылар қатарының өкілі. Ауру белгілері жапырақ сағақтары мен гүлсыйдамдарында қоңырқайсозылған дақтар ретіндебайқалады. Кейінірек ортасында жай көзбен көрінетін, пішіні домалақ пикнидалар, ал олардың ішінде эллипс тәріздес, мөлшері 4-6х1,5-2 мкм конидиялар түзіледі. Тамыр-жемістердің жоғарғы ұшында және басқа бөліктерінде шұңғылқарайған дақтар байқалады. Тұқымдықтардыңауруға гүл шоғыры, бұршаққындары мен ішіндегі дәндері шалдығады. Тамыр-
жемістерді қоймада сақтау кезінде ауру асқындап,ішкі ұлпалардың қарайып шіруінен қуыстар пайда болады. көлденеңінен кессе, ішінде мақта тәріздес ақшыл мицелийлер,олардың араларында пикнидалар байқалады. Жиын-терін кезінде жаңбыр жиі жауып, ауа ылғалдылығы жоғары, температурасы 20-250 С аспағаныаурудың дамуына қолайлы. Инфекциятұқымда, тамыр-жемістер мен өсімдік қалдықтарында мицелийлер, пикнидалар және қарамықтар ретінде сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет