Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет124/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Алмұрттың қаракөк зеңі. Қоздырушысы-Deutromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататын сапрофитті тіршілікке бейімделген Fumago vagansPers.Өсімдік биттері мен кенелері, бүргешіркей және т.б. зиянкестер қоректеуінен жапырақтар мен жемістер және бұта қабықшыларына бөлінген шырындарды қоныстап, жартылай сапрофитті тіршілік етеді. Сағақтары бір-біріне кіріккен конидиялар күңгірт-зәйтүн реңді, бірнеше көлденең перделермен бөлініп,бунақталған, мөлшері 15-17 мкм, шынжыр тәріздес тізбектелген. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады . Бұл саңырауқұлақ алмұртпен қатар, өрік және басқа сүйекті жеміс ағаштарында, бидайдың масақтары мен дәндерінде кездеседі .
Жеміс дақылдарының бактериялы күйігі. Қоздырушысы - Ervinia amylovora ( Burr.) Wins. et all. Бұл ауруға шекілдеуік және сүйекті жеміс ағаштарының 90-ға жуық түрлері, алма мен алмұрт, шие, өрік пен шабдалы және т.б. шалдығады. Карантинді нысан санатына жатады, соңғы жылдары республика аумағында таралғаны белгілі болып отыр. Бактерия таяқша тәріздес, дара немесе жұптасқан2-3 жасушалы қысқа тізбек құрады, сұйық ортада қозғалады, Грам әдісімен боялмайды, спора түзбейді, мөлшері 0,5-1х1,2-1,6 мкм. Картоп агарында ортасы көтеріңкі, беті жылтыр, реңі ақшыл-сұр, көлденеңі 3-4 мм жететін шырышты домалақ шоғырлар түзеді. Ауру белгілері жеміс ағаштарының барлық мүшелерінде байқалады. Жаңадан бүрленіп келе жатқан біржылдық бұташалар қоңырқай тартып, ұшы ілгек тәріздес иіледі. Гүл шоқтары мен жапырақтар және сабақтар кенеттен қарайып, солып, өрт шалғандай қурайды. Жапырақтардың шетінде некрозды дақтарбайқалады, орталық жүйкесі мен тарамдары қараяды, олар ширатылып, бірақ түспей бұтада салбырап тұрады. Кеселге шалдыққан жемістер қараяды, шіріп, қурайды, мумияланады. Инфекция залалданған бүрлер мен жапырақтар және гүл шоқтарынан 2-3 жылдық бұташаларға таралады, олардың қабықшасықөпіршіктеніп, көмпиеді, кейінірек сылынады. Қаңқа бұталардағы жарақаттар сүректерге дейін тереңдеп, олар шытынап, жарықшақтанады. Ауа-–райы ылғалды болса, залалданған өсімдік мүшелерінде бактерия экссудаты - қоймалжың ақшыл шырын түзіледі. Ауру ошақтарынан инфекция отырғызылуға арналған тікпе көшеттерарқылы, ал жақын аумақтарға ауа ағысы мен жаңбыр тамшылары, құстар мен өсімдік шырынымен қоректенетін зиянкестер арқылы таралады. Бактерияның өсуіне және аурудың таралып, дамуына 25-300С аралығындағы температура қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет