Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет125/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Тамыр ісігі. Қозздырушысы - Agrobacterium tumefaciensConn. Бактерия таяқша тәріздес, мөлшері 0,5-1х1-3 мкм, талшықтары арқылы қозғалады, спора түзбейді, Грам әдісімен боялмайды, аэроб. Картоп агары және басқа жасанды орталарда түссіз, немесе сұрғылт, ортасы көтеріңкі, жарық өткізетін, домалақ шоғырлар түзеді. Бактерия өсімдік ұлпасына енісімен жасушалардың бөлінуін жылдамдатады, нәтижесінде жанама және орталық тамырларда пішіні әр түрлі келетін, кейде грех жаңғағынан үлкен бұлтықтар пайда болады. Ауру қоздырушысы қоректенген кезде октопин, попалин және т.б. амин қышқылдарын бөліп шығарып, оларды азот және көмірсу көзі ретінде пайдаланады. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің өсуі тоқырап, қоректік заттардың ысырапқа ұшырауынан олар біртіндеп опат болуы мүмкін. Ауру көбінесе көшеттерді қазған кезде байқалады. Бактерия алма, алмұрт, шие, өрік және т.б. жеміс ағаштарымен қатар, жидек бұталары мен жүзімді, көптеген көкөніс дақылдарын және жабайы өсімдіктерді залалдайды. Тікпекөшет тамырларының механикалық немесе топырақта тіршілік ететін зиянкестермен зақымдалуы аурудың таралуын қамтамсыз етеді.
Бактериоздар. Қоздырушысы - Pseudomonas. syringae van Hall. Бактерия таяқша тәріздес, Грам әдісімен боялмайды, спора түзбейді, сұйық ортада қозғалады. Картоп агарында беті жылтыр, шеттері біртегіс немесе аздап толқындаған,ортасы көтеріңкісұрғылт, домалақ шоғырлар түзеді. Ауру белгілері алдымен жұпаргүлдің жаңа жайылған жас жапырақтарында суланған сияқты күңгірт-жасыл, тез қараятын дақтар ретінде байқалады. Ерте көктемде алмұрт пен сүйекті жеміс ағаштарының бүрлері мен гүл шоғырлары қараяды, бұташаларының қабықшасы некроздалады. Жасы ұлғайған ағаштардың қаңқа бұталарының қабықшасы қатпарланады, шұңғыл жаралар үстінде шайырлар түзіліп, біртіндеп қатады. Кесел қатты өршіген жағдайда жеке бұталармен қатар бүкіл жеміс ағашы опат болуы мүмкін. Ауру белгілері алма бұталарында көпіршіп көтерілген кішірек жарақаттар ретінде байқалып, кейінірек қабықшасы сылынып түсе бастайды. Жеміс ағаштарының өсу кезеңінде инфекция жаңбыр және бунақденелілер арқылы тез таралады. Өсімдік ұлпасына бактерия тыныс және су жолдары, болар-болмас жарақаттар арқылы енеді. Әртүрлі тұқымдастарға жататын жеміс және сәндік ағаштармен қатар, дара және қосжарнақты шөптесін өсімдіктерді залалдайды. Инфекция бұташа қабықшаларында және жерге түскен өсімдік қалдықтарында сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет