Алхоры және басқа сүйекті ағаштардың сұр шірігі. Қоздырушысы- Monilia cinerea Bon.Deuteromycota класының Монилиялылар қатарынанан.Көбінесе ауру алхоры жемістері пісе бастағанда анық байқалады,олар семіп, қатпарланады, үстінде саңыраукұлақ мицелийлері мен лимон тәріздес,бір-біріне тізбектелген, мөлшері 12-13х8-10 мкм конидиялардан тұратын қүлгіндеу, сұрғылт қалыңөңез немесе жастықшалар түзіледі.Аурузиянкестермен және механикалық зақымдалған жемістерде жиі байқалады. Олар бір-бірінен залалданып, бұта басында кеуіп, мумияланады. Шабдалы, өрік пен шиеде сирек кездеседі. Саңырауқұлақ мицелийі бұташаларда қалған және жерге түскен жемістерде сақталады, негізгі инфекция ошағы– күзге қарай түзілетін склероцийлер.
Шабдалының ақұнтағы.Қоздырушысы –Sphaerotheca pannosa Lev. Аscomycotaкласының Эризифалылар қатарының өкілі. Біржылдық бұташалар мен жапырақтарда жаз ортасына қарай саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын ақшыл өңез байқалады. Конидиялар шынжыр сияқты тізбектелген, пішіні бөшке тәріздес, біржасушалы, түссіз, мөлшері 16-26х10-13 мкм. Кеселге қатты шалдыққан жапырақтар ширатылады, бұташалардың өсуі баяулап, қыңырланады. Күзге қарай өңез қалыңдап, сұрғылт тартып, шар тәріздес,көлденеңі 60-80 мкмклейстотецийлер пайда болады. Инфекция ошағы біржылдық бұташалар өркенінде сақталатын мицелийлер және көктем айларында жеміс денелерінде түзілетін аскоспоралар. Аурудың дамуына өткінші жаңбыр жиі жауып, температура 25-300 С аралығында болғаны қолайлы.
Шабдалы жапырақтарының бұйралануы. Қоздырушысы –Exoascus deformansFuck.Аscomycota класының Жалаңаш қалталылар қатарына жатады. Бұл саңырауқұлақтың жетілген жеміс денелері болмайды, қалташалардың ішінде4 немесе 8 аскоспора орналасады. Ауру белгілері біржылдық бұташаларда байқалады, жапырақтар бұйраланады, бозғылт, немесе қызғылт-күлгін тартады. Сабақтар жуандап, қыңыраяды, жемістердің өсуі тоқырап, ұсқынсызданады.Ауруға шалдыққан мүшелерде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын жұқалау бозғылт өңез түзіледі.Нәтижесінде фотосинтез екпінділігі төмендейді және т.б. физиологиялық ауытқулар орын алады.