Қарақаттың септориозы немесе ақшыл теңбілі. Қоздырушысы -Septoria ribis Desm. Deuteromycota класының Сферопсидалылар қатарына жатады, жоғарғы сатысы - Mycosphaerella ribis L. Ауру белгілері жапырақтарда сарғылт-қоңыр, кейінірек ортасы ақшыл тартатын, жиегі қоңырқай, домалақтау, сабақтарда созылған кіріңкідақтарретінде байқалады. Олардың ортасында орналасқан, көлденеңі 50-100 мкмпикнидалардатік немесе сәл иілген, мөлшері 25-50х1-2мкм,түссіз конидиялар түзіледі. Кеселге қатты шалдыққан жапырақтарда фотосинтез қарқындылығы төмендейді, олар мезгілінен ерте қурап, түсіп қалуы мүмкін. Мамыр мен маусым айларында жаңбыр жиі және ұзақ жауып, ауа ылғалдылығы жоғары,температурасы 18-250 С аралығында болуы аурудың дамуына қолайлы. Ерте көктемде түсік жапырақтарда түзілетін пикнидалар ішіндегі споралар пісіп жетіліп, инфекция ошағы болады.
Қарақат церкоспорозы.Қоздырушысы -Cercospora ribicola Ell. et Ev.а Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарының өкілі. Жапырақтарда алғаш әрең байқалатын күңгірт-жасыл домалақтау, немесе жайылған, ортасы сұрғылт үлкен қоңырқай дақтар түзіледі. Ауа ылғалдылығы жоғары болса, немесе жаңбырдан кейін олардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен бір-біріне кіріккен сағақтардан тұратын күңгірт-жасыл өңез байқалады. Конидиялар түссіз, түйрегіш тәріздес, кейде аздап иілген, 1-3 көлденең перделермен бөлінген. Аурудың дамуына жаңбырдың жиі және ұзақ жаууы, температура 20-270 С аралығында болғаны қолайлы. Инфекция сабақтарда және түскен жапырақтарда қыстап шығады.
Қарақат антракнозы -Gloeosporium ribisMont. et Desm. Deuteromycotaкласының Меланкониялылар қатарынан. Жапырақтардың үстіңгі бетінде кішірек, көлденеңі 0,3-0,5 мм, қызыл-қоңыр ойық дақтар байқалады. Бір-біріне кірігіп, тығыз орналасқан, цилиндр тәріздес сағақтарда, мөлшері 14-32х5-8 мкм,жоғарғы ұшы сүйір, орақ сияқты конидиялар орналасады. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктердіңжапырақтары сарғайып, мезгілінен ерте түседі, жидектері бүрісіп, кеуіп қалады. Аурудың дамуына жаңбыр жиі және ұзақ жауып, температура 20-270 С аралығында болғаны қолайлы.Инфекция сабақтар мен және түсік жапырақтарда сақталады.