Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Құлпынай жапырақтарының ақшыл теңбілі немесе рамуляриозы



бет134/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Құлпынай жапырақтарының ақшыл теңбілі немесе рамуляриозы. Қоздырушысы- Ramularia tulasney Sacc. Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жатады. Ауру белгілері жапырақ тақталарының екі бетінде ортасы ақшыл немесе сұрғылт, қошқыл сақинамен жиектелген домалақ, гүл сағақтарында - созылған, қоңырқай дақтарретінде байқалады. Кесел қатты дамыған жағдайда дақтар бір-бірімен ұласып, жапырақтың 3/1 бөлігін, тіптен жартысын қамтиды. Нәтижесінде фотосинтез екпіндігі төмендейді, сағақтардың бунақталуынанқоректік заттар мен су жеткілікті тасымалданбайжемістер толысып піспей, қыңыраяды. Ұзақ жауған жаңбырдан кейін, немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса, олардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын сұрғылт өңез түзіледі. Конидиялар цилиндр тәріздес, 1-3 көлденең перделермен бөлінген, түссіз, мөлшері 15-45х3-5 мкм, сағақтары тыныс саңылаушаларынан топтасып шығады. Көктем және жаз айларындаинфекция жаңбыр тамшылары арқылы таралады. Мамыр, маусым және шілде айларында жаңбыр жиі және ұзақ жауып,температура 18-230 С аралығында болса, аурудың дамуына қолайлы.Залалданған жапырақтарда мицелийлер мен склероцийлер сақталады.
Құлпынайдың ақ ұнтағы. Қоздырушысы - Erysiphe fragariae Yacz. Аscomycotaкласының Эризифалылар қатарына жатады. Ауру белгілері жаз ортасында жапырақтар үстінде түзілген селдір, ақшыл өңез ретінде байқалады. Олар мезгілінен ерте қурап, жидектер толысып піспей, солып немесе шіріп кетуі мүмкін. Саңырауқұлақ конидиялары эллипс тәріздес, бір жасушалы, тізбектеле орналасады, мөлшері 20-40х20-30 мкм. Инфекция залалданған жапырақтарда сақталады.
Құлпынай жемістерінің сұр шірігі. Қоздырушысы - Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататын Botrytis cinerea Pers. Аурудың алғашқы белгілері өсімдіктер гүлдей бастаған кезде жапырақтарда және гүл сағақтары мен шоғырларында байқалады. Гүл шоқтары жеміс салмай, қоңырқай тартып, шіри бастайды, кейінірек оларды сұрғылт өңез басады. Жаңадан пісіп келе жатқан жидектерде алдымен суланған сияқты қоңырқай дақтар байқалады,ауа райы құрғақ болса олар біртіндепсолып, қурай бастайды.Жаңбырдан кейін залалданған мүшелерде ауру қоздырушысының мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын өңез түзіледі. Конидиялар эллипс, немесе жұмыртқа тәріздес, шоғырланғандарының реңі сұрғылт, немесе түтін сияқты, мөлшері 9-15х7-10 мкм, сағақтары бұғы мүйізіндей тарамдалған. Жаңбыр жиі және ұзақ жауып, ауа ылғалдылығы жоғары (70-90 %), температурасы төмен (15-200 С) болуы аурудың дамуына қолайлы. Саңырауқұлақ әр түрлі тұқымдастарға жататын 200-ден астам өсімдік түрлерін, шырыны мол жемістер мен тамыр-жемістерді залалдайды. Сондықтан инфекция ауада, өсімдік қалдықтары мен топырақта жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет