Таңқурайдың қошқыл теңбілі. Қоздырушысы– Didymella applanataSacc.Ascomycotaкласының Дотидеалылар қатарына жатады. Ауру белгілері сабақтардың төменгі бөлігінде жайылған қошқыл-қызыл дақтар ретінде байқалады. Кейде оларжапырақ сағақтарының қолтығынан басталып, сабақты бойлай, оның 3/1 бөлігіне дейін қамтиды, бунап тастайды. Жапырақтарда үлкен сарғылт жайылған дақтар байқалады. Ауру жайлаған сабақтардың қабықшасы шытынап, сылынады, опырылғыш келеді, жидектері ұсақталып, жапырақтары солып, қурай бастайды.Дақтарда ерте көктемде саңырауқұлақтың жалған жеміс денелері - псевдотецийлер, ал олардың ішіндегі қалташаларда эллипс немесе жұмыртқа тәріздес, түссіз, мөлшері 13-16х5-6 мкм аскоспоралар түзіледі. Мамыр мен маусым айларында жаңбыр жиі жауып, ауа ылғалдылығы жоғары, температурасы төмен (15-200 С) болуы,аурудың дамуына қолайлы, инкубациялық мерзімі 20-25 тәулікке дейін созылады.Залалданған таңқурай сабақтарында саңырауқұлақ мицелийлері, өсімдік қалдықтарында аскоспоралар қыстап шығып, келесі жылға инфекция ошағы болады.
Таңқурай антракнозы.Қоздырушысы - Gloeosporium venetum Speg.Deuteromycotaкласының Меланкониялылар қатарынан. Жапырақтардаұсақтау, шашыраңқы,немесе бір-бірімен ұласқан, қошқыл жиекті, ірілеусұрғылт дақтар түзіледі, жапырақтар солып, өсімдік қурайды. Сабақтарда ортасы сарғылт, шеті қошқыл -қызыл, терең жараларға айналатынкіріңкі дақтарбайқалады. Олардың пішіні жалпақ табақша тәріздес, пісіп жетілген кезде саңырауқұлақтың споралану мүшелерінен тұратын тұратын қоймалжың сарғылт зат бөлінеді. Конидиялар бір жасушалы, эллипс тәріздес, мөлшері 5-8х2-3 мкм, сағақтарда жекелей немесе топтаса орналасады. Инфекция залалданған бұталар мен түскен жапырақтарда келесі жылға дейін сақталады.
Таңқурай мен құлпынай тамырларының фитофторозы. Қоздырушысы Phytophthora fragariae Wil. Dunc. Ооmycotaкласының Пероноспоралылар қатарынан. Карантинді нысанға жатады. Құлпынайдың ауруын осы дақылға маманданған var.fragariaeформасықоздырады. Жаңадан жайылған жас жапырақтардың реңі алғаш сарғылттанып, кейін күңгірт-қызыл тартады. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің жанама тамырлары қоңырқай тартып, өзекшесі қошқыл, қызғылт реңімен ерекшеленеді, өсуі нашарлайды. Гүлдеу кезеңіндеолар біртіндеп солып, қурап опат болуы мүмкін, жидектер байланғанның өзінде майда келеді, немесе пісіп жетілмей солып, кебеді.
Таңқурай фитофторозын Ph. fragariae var.rubi формасы қоздырады. Ауру белгілері көктемнің соңына қарай, немесе маусым мен шілде айларында байқалады. Жеміс бұташалары бүр жармай, солып, біртіндеп қурайды. Біржылдық сабақтардың жоғарғы ұшы ілгек тәріздес иіледі, жапырақтары сұрғылт немесе қызғылт тартады, төменгі бөлігінің сыртқы қабықшасын сыдырсақ, өзекшелері қызғылт-қоңыр немесе күңгірт реңге боялғаны байқалады. Кесел жайлағантамыр жүйелері қоңырқай тартып, біртіндеп шіри бастайды. Залалданған мүшелерде көлденең перделерсіз саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелері түзіледі. Спорангийлерінің пішіні алмұрт тәріздес, мөлшері 32-90х22-52 мкм, ооспоралар сопақтау, бөшке сияқты, көлденеңі 22-44 мкм. Отырғызуға арналған көшеттер арқылы ауру басқа елдерден таралуы мүмкін. Оның дамуына топырақ ылғалдылығы жоғары, температурасы 13-200 С аралығында болғаны қолайлы. Инфекция шірімеген өсімдік қалдықтарында және топырақтаұзақуақытсақталуымүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |