Жемістердің сұр шірігі. Қоздырушысы – Botrytis cinereaPers. et Fr.Deuteromycota класының Монилиялылар қатарына жатады.Саңырауқұлақ талғампаз емес, көптеген дақылдардың жемістері мен тамыржемістерінің сұр шірігінің қоздырушысы ретінде белгілі. Жүзім жемістерібұл ауруға көбінесе ұзақ жауған жаңбырдан кейін пісе бастаған кезде шалдығады, олардың қабықшасы шытынап, үстін сұрғылт өңез басады. Механикалық немес құстармен зақымданған жеміс шоғырларында ауру жиі байқалады. Асханалық сорттар алысқа тасымалдауға жарамайды, техникалық мақсатқа арналғандарынан жасалынған шараптың сапасы төмендейді. Шиендер мезгілінде сындырылып сиретілмеген жүзімдіктер, топыраққа тиіп, немесе жақын орналасқан жидек шоғырлары ауруғу жиірек шалдығады. Инфекция қоршаған ортада, өсімдік қалдықтары мен топырақта жиі кездеседі.
Дақты некроз. Қоздырушысы - Rhacodiella vitis Ster.Deuteromycota класының Монилиялылар қатарының өкілі. Қыста жабылатын жүзімдіктердің 2-3 жылдық бұталарының қабықшасы астында бунақталған қара-қоңыр дақтар байқалады. Олардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен спораларынан тұратын сұрғылт өңез түзіледі. Конидиялар домалақтау немесе эллипс тәріздес, көлденеңі 2-3мкм, күлгіндеу. Инфекция мицелий ретінде 2-3 жылдық бұталарда сақталады
Тамыр ісігі. Қоздырушысы - Agrobacterium tumefaciensConn. Бұл бактерия жеміс ағаштарымен қатар жүзімді де залалдайды. Механикалық немесе топырақта тіршілік ететін өсімдік зиянкестерімен зақымдалған тамырларда пішіні әр түрлі, кейде грех жаңғағынан үлкен бұлтықтар пайда болады. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Вирус аурулары. Жүзімге маманданған вирус жоқ болғанмен, оларда томбусвирустар тобына жататын қызанақтың ергежейленуі, совемовирустар тобынан алабұта тұқымдастардың мозаикасы, темекінің сақиналы теңбілін қоздыратын неповирустар және т.б. залалдауы мүмкін.
Берілген материалдыстуденттердің қалай игергенін тексеруге арналған сұрақтар
Саңырауқұлақтар қоздыратын жүзімдеқандай аурулар кездеседі, олардың қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері?
Оидиум немесе ақұнтақ өсімдіктің қай мүшелерінзалалдайды, ауру белгілері қалай байқалады, жаз бойы қоздырғышы қай сатыда дамиды, инфекциясы қайда сақталады ?
Мильдю немесе жалған ақұнтақ белгілері өсімдіктің қай мүшелерінде байқалады, қоздырғышы қай класқа жатады, қандай даму сатылары бар, инфекциясы қайда сақталады?
Ақұнтақ және мильдю ауруларының таралып, дамуына қандай ауа-райы қолайлы?
Антракноз жүзімнің қай мүшелерінде байқалады, ауру белгілері мен қоздырғышының ерекшеліктері, инфекциясы қайда сақталады?
Жидектің сұр шірігі жайлы не білесің? Ауру қоздырғышының мамандануы , инфекция қайда сақталады?
Жүзімнің бактериялар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олар қай мүшелерді залалдайды, қалай байқалады?
Құлпынай мен таңқурай, қарақат пен қарлығанның аурулары
Құлпынайдың кең таралған және зиянды ауруларына жапырақтардың ақшыл теңбілі мен жемістердің сұр шірігіжатады.Таңқурайда сабақтың қошқыл дағы, қарақатта - септориоз, қарлығанда - ақұнтақ және т.б. ауруларкездеседі. Олар бактериялар мен вирустар қоздыратын ауруларға шалдығуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |