Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Дәнді дақылдардың аурулары



бет141/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, МУ по произ практике каз (2), 2 5325882729781268778
Дәнді дақылдардың аурулары
Аурулардың даму қарқыны өскін шыққаннан бастап, дән толысып піскенге дейін 3-4 рет есептеледі. Астық дақылдарының өсу кезеңдерін Задокс шкаласы бойынша анықтауға болады ( 2-сурет).



2-сурет - Дәнді дақылдардың өсу кезеңін сипаттайтынЗадоксшкаласы:


10-13 – өскін кезеңі, 2-3 жапырақтың жайылуы, 21 – түптену, 25-32 – сабақтану, 37-49 – жалау жапырақтың жайылуы, 51-59 – масақтану, 59-61 – гүлдеу және71-92 - дән байлану- толысуы.

Өскіндер 2-3 жапырақ жайып түптенге дейін тамыр шірігі,өсімдіктер сабақтанғаннан дән сүттене бастаған кезеңдерде тат, септориоз, гелминтоспориоз, ақ ұнтақ ауруларына көңіл бөлінеді. Масақтың гүлдеу кезеңінде тозаңды қаракүйе, дән балауызданып немесе толық піскенде қатты қаракүйе мен қастауышқа шалдыққан масақтар саны анықталады. Жиын-теріннен кейін дәннің қараұрық, септориоз және т.б. ауруларға шалдығуы тексеріледі. Төменде әр түрлі топқа жататын ауруларды есептеу ерекшеліктері мен шкалалары келтірілген.


Тамыр шірігі.Бұл ауруды өскін шыққан кезеңнен (2-3 жапырақ) түптенуге дейінгі мерзімде және жиын-терін алдында анықтайды. Тұрақжайда алдын-ала белгіленген 0,5 м2 алаңнан, немесе екі қатардан әрқайсысы 25-30 өсімдіктен тұратын 10 үлгі тамырымен қазылып немесе жұлынып алынады. Олар ауруға шалдығу дәрежесіне сәйкес төмендегі шкала бойынша топтастырылады:
0 - ауру белгілері байқалмайды;
0,1 - ұрық тамыршаларында немесе өскіндерде бірен-саран сызықтар байқалады;
1 -өскін тамыры мен төменгі буынаралық аздап қоңырқай тартқан, жіңішке сызықшалар немесе дақтар кездеседі;
2 - тамыр мен төменгі буынаралықтағысызықшалар мен дақтар қоңырқай тартқан;
3 - өскін тамыры мен сабақтың төменгі буынаралығы тұтасымен қарайған;
4 - жас өскіндер аурудан опатқа ұшыраған.

Тамыр шірігінің таралуы жайлы толық мәлімет алу үшін дәнді дақылдар балауызданып немесе толық піскен кезде жоғарыда көрсетілген әдіспен үлгілер жиналып,. Қураған жапырақтардан сабақтардың төменгі буынаралықтары тазартылып, ауруға шалдығу дәрежесіне сай өсімдіктер мұхият тексеріліп, төменде келтірілген шкала бойынша топтастырылады ( 3-сурет). Бұл мақсат үшін сорттық сараптау (апробация) үшін жиналған үлгілерді пайдалануға болады.





3- сурет. Дәнді дақылдардың тамыр шірігі ауруына шалдығу дәрежесі


0 – ауру белгісі байқалмайды;
1 – сабақтың төменгі буынаралықтарындағы сызықтар мен дақтардың көлемі олардың 1/5 бөлігінен аспайды;
2 – қоңырқай сызықшалар мен дақтар ауруға шалдыққан төменгі буынаралықтарының 25 тен 50% дейін көлемін алып жатыр;
3 – сабақ мойыны мен топырақ деңгейіндегі төменгі буынаралығы қатты қарайған;
4 - өсімдіктер ауруға 3 балл дәрежесінде шалдыққан, опат болған, немесемасақтар дән салмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет