Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Студенттердің берілген материалды қалай игергенін тексеруге арналған сұрақтар



бет140/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, МУ по произ практике каз (2), 2 5325882729781268778
Студенттердің берілген материалды қалай игергенін тексеруге арналған сұрақтар
Жеміс ағаштары мен жидек бұталары ауруларының инфекциясы не себепті жыл өткен сайын қордаланады?
Жеміс ағаштары мен жидек бұталарында аурулардың таралуы мен дамуын шектеу мақсатында қандай алдын-алу шаралары іске асырылуы қажет?
Жеміс ағаштары мен жидектердің қандай карантинді ауруларын білесің, еліміздің аумағынаолардың кездейсоқ таралуына жол бермеу үшін қандай шаралар қолданылуы қажет?
Ерте көктемде қандай профилактикалық шаралар атқарылуы қажет? Жеміс ағаштары мен жидектер бүр жара бастаған кезде қай фунгицидтер, қандай ауруларға қарсы қолданылады?
Ақұнтаққа қарсы қандай фунгицидтерді қолданған тиімді?Мильдю, таз қотыр, антракноз және т.б. ауруларға қарсы қандай фунгицидтер тиімдірек ?
Жеміс ағаштарының бактериялы күйігіне қандай фунгицид тиімді?
Фунгицидтердің қолдану жиілігінеге байланысты, күту мерзімі қанша тәулік?
Жемістерді ұзақ мерзімге сақтауға қояр алдында не істеу керек? Оларды қандай жағдайда сақтаған дұрыс? Не себептен сақтауға іріктеліп алынған жемістердемонилиозды шірік 10-15 тәуліктен кейін байқалады?
өсімдік Ауруларының таралуы мен дамуын анықтау

Мәдени дақылдардың фитосанитарлық жағдайына нақты сипаттама беру үшін аурудың таралуы немесе кездесу жиілігі және оның даму қарқындылығы яғни екпінділігі анықталады. Демек, өсімдіктердің өсу кезеңдерінде тұрақты бақылау жүргізіп отыру қажет. Бұл үшін алдын-ала тұрақты танаптар, немесе бақылау жүргізілетін алаңдар белгіленіп, олар бойынша төмендегі мәліметтер жиналады:


тұрақжайдың аты, танаптың нөмірі, жағрафиялық координаттары;
● топырақ түрі, оның механикалық құрамы және т.б. көрсеткіштері;
●алғы дақыл, минералды және органикалық тыңайтқыштардың қолданылуы;
●дақылдың сорты,қолданылған агротехникалық шаралар, тұқымды себу мерзімі мен мөлшері, егістің суғарылуы;
● көпжылдық өсімдіктердің отырғызылған жылы, жиілігі, сорты және т.б.;
● зиянды ағзаларға қарсы қолданылған пестицидтер, мөлшері, мерзімі және жиілігі;
● дақылдың болжама түсімділігі.
Мәдени дақылдар өсуінің негізгі кезеңдерінде кездесетін ауру түрлері және олардың таралуы мен дамуы, күтілетін(болжама) шығын мөлшері анықталады. Аурудың таралуы танапта оған шалдыққан өсімдіктер санымен сипатталады, даму қарқынын білу үшін арнайы шкалалар пайдаланылады.
Аурудың таралуы (Т) төменде келтірілген формула арқылы есептеліп, пайызбен көрсетіледі.
Т = n x 100 / N
N – тексеруге алынған немесе қаралған өсімдіктер саны;
n – ауруға шалдыққан өсімдіктер саны.

Егер бақылау бірнеше танаптарда немесе шаруашылықтарда жүргізілсе, аурудың орта есеппен алғандағы таралуы (Торт.) төмендегі формула бойынша пайызбен анықталады:


Торт = ∑ SP/S
∑ SP – аурудың таралуы мен тексерілген егіс көлемінің көбейтіндісі;
S - тексерілген егіс көлемі, га.

Аурудың даму дәрежесі немесе екпінділігі (R), арнайы балдық шкалалар арқылы төмендегі формуламенесептеледі:


R = ∑ab/KN
∑ ab - әр балл бойынша ауруға шалдыққан өсімдіктер санының балл көрсеткішіне көбейтіндісі;
N - үлгідегі өсімдіктер саны;
K - шкаланың ең жоғарғы балы.

Мәдени дақылдардың жапырақтары мен сабақтарындағы, жеміс мүшелеріндегі дақтардың немесе теңбілдердің, тат, ақ ұнтақ және т.б. аурулардың пайызға шаққандағы көлемі шкалалармен анықталып, олардың орташа арифметикалық мәні есептеледі.


Аурулардың таралуы мен даму қарқынын жалпылама сипаттау үшін көпшілік жағдайда төменде келтірілген шкала қолданылады:
0 – ауру кездеспейді;
1 балл - бірен-саран өсімдіктерде, немесе олардың мүшелерінде ауру белгісі байқалады;
2 балл - өсімдіктер ауруға орташа шалдыққан, қатты залалданған мүшелер байқалмайды;
3 балл - өсімдіктер ауруға орташа, кейбір мүшелері қатты шалдыққан;
4 балл - өсімдіктер ауруға қатты шалдыққан, опат болуы байқалады.

Егілетін дақылдарға және кездесетін ауру түрлеріне байланысты аурулардың таралуы мен дамуын анықтаудың біраз ерекшеліктері бар. Төменде соларға тоқталамыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет