Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Жеміс ағаштары мен жидекауруларының таралуы мен дамуын шектеу шаралары



бет139/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Жеміс ағаштары мен жидекауруларының таралуы мен дамуын шектеу шаралары

Отырғызылғаннан кейін жеміс ағаштары бір жерде 20-30 жыл, кейде оданда ұзақ, ал жидектер 5-10 жыл өсірілетіндіктен, көпшілік аурулардың инфекциясы жыл асқан сайын қорланып, көбейе береді. Сондықтан оларды тежеу үшін қолданылатын шаралардыңтанаптық дақылдармен салыстырғанда біраз айырмашылықтары бар. Ең алдымен қарантиндік шараларға назар аударған жөн. Жеміс және жидек дақылдарының біраз аурулары, мәселен алхорының шарко немесе шешегі, құлпынай мен таңқурайдың фитофторозы, шабдалы мозаикасы, жүзім жапырақтарының сарғылттануы карантинді нысандарға жататындықтан, жақын және алыс шетелдерден әкелінетін көшеттер мұқият тексеріліп, фитосанитарлық сараптамадан өткізілуі қажет. 1-2 жыл карантин тәлімбағында өсіріліп, аурудан таза екені нақты анықталғаннан кейін ғана оларды тұрақты жерге отырғызып, көбейтуге болады. Біраз аурулар, әсіресе вироздар мен бактериоздар, телу кезінде және отырғызуға пайдаланылатын тіккөшеттер арқылы таралуы мүмкін. Сондықтан телінуші мен телітушінің инфекциядан таза болуына қөбірек назар аударып, қажет болған жағдайда оларды 65-700 С температурада өңдеу арқылы толық зарарсыздандыру қажет.


Жеміс ағаштары мен жиде бұталарын отырғызғанда сорттардың биологиялық ерекшеліктерін еске ала отырып, оңтайлы жиіліктерін сақтау қажет. Олардың сұлбасын дұрыс қалыптастыру үшін артық бұталарын кесіп, бір-бірін көлеңкелемей, жан-жаққа біркелкі тарамдалуын қамтамасыз ету аурулардың таралуы мен дамуына әсер етеді. Біржылдық бұталардын жоғарғы ұшын жыл сайын шырпып отырған жөн. Минералды тыңайтқыштарды ерте көктемде, немесе суғарар алдында әр түптіңсүрек айналасындағы шеңберіне шашу қажет. Азот тыңайтқышы біржақты қолданылған жағдайда жапрықтар мен сабақтар қаулап өсіп, ауруға беріктігі төмендейді,сондықтан,фосфор және калий қоса қолдану қажет. Жылына немесе 2-3 жылда бір рет органикалық тыңайтқыш ретінде шіріген қи , немесе компост (әр түпке 2-3 шелектей) шашып, топырақтың 5- 10 см тереңдігіне сіңірген жөн .
Ерте көктемдежеміс ағаштарының бұталарында сақталатын цитоспороз, қара ісік және т.б. аурулардың ошақтарын жою үшін қабығы сылынып, қурағандарын кесіп өртеу, түскен жапырақтарды жию, ағаш басында сақталған бірен-саран мумияланған жемістерді түсіріп, топыраққа немесе арнайы шұңқырға компостқа көмген жөн. Олардың діңдерін сылынған қабықшалардан тазартып, мыс купоросы (1литр суға 10-20 г) қосылған әкпен ағарту қажет. Бұрын ақұнтақ, тазқотыр, монилиоз және т.б саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға қарсы көктемде жеміс ағаштары бүр жарар алдында 3% бордо сұйығы (1гектарға 5 -10кг мыс купоросы және әк ) шашылатын, бұл шара бактериоз инфекциясына тиімді еді. Бірақта мыс купоросы Республика аумағында қолдануға тіркелген препараттар тізіміне кірмеді. Сондықтан осы мақсат үшін 34,5% мыс сульфатынан тұратын купроксатты (5 кг/га) немесе мыстың хлорлы тотығын (4-8 кг/га) қолдануға болады.
Жеміс ағаштары мен жидек бұталарыныңөсу кезеңінде аурулардың таралуы мен дамуын ұдайы бақылап отыру қажет. Фунгицидтер олардың алғашқы белгісі байқалысымен немесе өсімдіктер өсуінің көпжылдық фенологиясын ( бүр жару, гүлдеу, жеміс байлануы, өсіп- толысуы) негізге ала қолданылғаны жөн. Алма мен алмұрт ағаштарын ақұнтақ, тазқотыр және басқа ауруларға қарсы фунгицид қолдану гүлдеу бітісімен немесе жемістер байланып, мөлшері грех жаңғағындай болған кезде, келесі бүрку – 15- 20 тәуліктен кейін жүргізілгені жөн. Монилиоз ауруын жұқтыруда жеміс жемірлері, бактерия мен вирус инфекцияларын тасымалдауда өсімдік шырынымен қоректенетін биттер мен кенелер және т.б. зиянкестер біраз рөл атқарады. Сондықтан олардың сан мөлшері зиян келтіретін деңгейден жоғары болса,мезгілінде инсектицидтер мен акарицидтер қолданылуы қажет.Жеміс ағаштары мен жидек бұталарының ауруларына қарсы қолдануға Республика аумағында тіркелген фунгицидтер, олардың мөлшері мен жиілігі төмендегі кесте көрсетілген .
Кесте 10- Жеміс ағаштары мен жүзім және жидек бұталарының ауруларына қарсы қолданылатын фунгицидтер, олардың жиілігі мен күту мерзімі

Дақылдар

Ауру түрлері

Фунгицидтер және олардың қолдану тәртібі

мөлшері кг/га л/га

жиі
лігі

күту мерзімі

Алма мен алмұрт

Ақұнтақ, тазқотыр, монилиоз, цитоспороз және т.б.

Байлетон, 25%с.ұ. (0,15-0,2), импакт, 25% с.к. (0,1-0,15) купроксат, 34% ұ.с. (5,0), микадо 70% с.д.г. (1-1,5), мыстың хлор тотығы 92% (4-8), мистик к.э. (0,5), скор 250 к.э. (0,15-0,2), флуалт к.с.(0,1), фундазол, 50% с.ұ. (1- 2)

2-3

20-30

Алхоры, өрік, шие, шабдалы

Клястероспориоз,ақұнтақ,жапырақ бұйралануы және т.б.

Топаз 100 к.э.(0,4- 0,5), топсин, 70% с.ұ. ( 1- 2), мыстың хлорлы тотығы, 92% с.ұ. (4-8)

1-3

20-30

Жүзім

Оидиум, мильдью, антракноз, сұр шірік және т.б.

Байлетон 25% с.ұ. (0,15-0,2), импакт 25% с.к. (0,1), каратан 350 к.э. (0,6), метаксил с.ұ.(2-2,5), микадо 70 с.д.г. (1-1,5), мистик к.э. (0,5), мыстың хлор тотығы, 92% с.ұ (6,0), ридомил гольд, 68% с.д.г. (2,5), топаз100 к.э.(0,4-0,5), топсин М, 70% с.ұ. (1-1,5), флуалт к.с. (0,1), фундазол 50 с.ұ. (1,5)

2-4



20-30



Құлпы-
най, таңқурай,
қарақат

Ақұнтақ, сұр шірік, септориоз, қошқыл дақ және т.б.

Байлетон, 25% с.ұ. (0,2-0,4), топаз,100 к.э.(0,3-0,6), топсин М, 70 % с.ұ. (0,8-1,0), фундазол 50% с.ұ. (0,6-1)

1-2

20-30

Жидектерді аурулардан қорғаудың біраз ерекшеліктері бар. Ерте көктемде қарақат пен қарлығанның қураған және жіңішке, әлжуаз сабақтарын кесіп, бір түпте 6-7 жақсы жетілгендерін қалдырған жөн. Таңкурай екі жылдық өсімдік екенін ескере отырып, жаз ортасында жеміс беріп болған және нәзік сабақтарын кесіп тастау қажет. Нәтижесінде қатараралықтар біраз сиретіледі, біржылдық сабақтар жақсы жетіліп,келесі жылы жақсы өнім береді,аурулардың дамуы да біраз бәсеңдейді. Құлпынай жидектерінің сұр шірікке шалдығуын төмендету үшін қөшеттерді жалдата отырғызып, суғару қатараралықтардағы қарықтар арқылы жүргізіледі. Құлпынайдың ақшыл теңбілі мен сұр шірігі, таңқурайдың қошқыл дағы және т.б. саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға қарсы фунгицид өсімдіктер гүл шоқтарын жарғанға дейін, қажет болса өнім толық жиналып алынғаннан кейін қолданылғаны жөн.
Жүзімнің милдью, оидиум, антракноз таңқурай мен қарақат және т.б. жидек бұталарының септориоз, церкоспороз және т.б. ауруларының алдын алу үшін жапырақ жаңа жайылған кезде купроксат немесе мыстың хлорлы тотығын қолдануға болады. Жүзім шиені шамадан тыс қаулап өсіп, сабақтар бір-бірін көлеңкелесе,жаңбырдан кейін жапырақтар мен жеміс шоғырларында тамшы ылғал ұзақ сақталатындықтан милдью, ақұнтақ және т.б. аурулардың дамуына жағдайқолайлы болады. Сондықтан сорт ерекшілігіне байланыстыбіржылдық сабақтар 7-8 буынға жеткеннен кейін олардың жоғарғы өсу нүктесін шырпып, жапырақтар қолтығынан шығып келе жатқандарын мезгілінде сындырып отыру қажет. Жеміс байланған жүзім бұталарыныңтопыраққа жанаспауын қадағалау керек. Аурудың бастапқы белгілері байқалысымен жүзімдіктер фунгицидпен бүркіледі. Оидиумға қарсы топаз немесе каратан , мильдью, антракноз және т.б. ауруларға - ридомил гольд, мыстың хлорлы тотығы және т.б. қолданылады. Зияндылығы аса жоғары милдью және т.б. аурулардыңдамуына ауа райы қолайлы болса, жүзімдіктерді 15-20тәуліктен кейін қайталай бүрку қажет.
Жеміс және жидек дақылдарында, әсіресе алма мен жүзімде қолдануға тіркелген фунгицидтер жеткілікті. Оларды таңдағанда мына қағидаларды есте ұстаған жөн. Ең бастысы аурудың қай түрі басымжәне қатерлі, сонымен қатар фунгицидтің әсер ету аясы. Мәселен, алма мен жүзімде ақұнтақ аурулары байқала бастаса, оларға қарсы каратан мен топаз фунгицидтерінің бірін қолдану жеткілікті. Шілде айы салқындау, жаңбырлы болып, жүзімдіктерге мильдю қатер тудырып жатса, купроксат, ридомил гольд, метаксил фунгицидтерінің бірін пайдалану тиімді. Соңғы фунгицидтің қолданылғаннан кейінгі күту мерзімі 15-20 тәулік, демек ауру кешеуілдеп, тамыз айында байқалып жатса, осы фунгицидті қолданған жөн. Тағыда бір ескеретін мәселе - бір фунгицид ылғи қолданыла берсе, оғанауру қоздырғышы бейімделіп, осының салдарынан оның тиімділігі төмендеп кетуі мүмкін. Сондықтан қолданылатын фунгицидтерді алмастырып отырған жөн. Мәселен, жеміс ағаштары мен жидек бұталарында және түскен жапырақтарда қыстап шыққанауру инфекция ошақтарын жою үшін, олар бүр жарғанша купроксат немесе мыстың хлорлы тотығы қолданылса, алманың тазқотыры мен ақұнтағына, сүйекті жеміс ағаштарының клястероспориоз және т.б. ауруларына қарсы жемістер байлана бастаған кезде байлетон, скор, топаз сияқты фунгицидтердің бірін қолдану тиімді. Жеміс ағаштары мен жидектерді көп өсіретін еліміздің оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарында шілде айыныңекінші жартысынан күзге дейін жаңбыр өте сирек жауып, ауаның температурасы жоғары, ылғалдылығы төмен болатындықтан, біраз аурулардың таралып, дамуына ауа-райы қолайсыз. Сондықтан көпшілік жағдайда жаздың екінші жартысында фунгицид қолданудың қажеттілігі бола қоймайды.
Қыстық алма мен алмұрт жемістерін температурасы мен ылғалдылығы реттелетін арнайы камераларда немесе қоймаларда, тіптен жай жертөлелерде ұзақ мерзімге сақтауға болады. Соңғылары алдын-ала әктеліп, күкірт түтіні немесе формалин ертіндісімен зарарсыздандырылуы қажет. Жиналған кейін сұрыпталған жемістерді сақтауға қояр алдында 5-7 тәуліктей көлеңке қоймада 20-250 С температурада ұстаған жөн. Осы мерзім ішінде құрғақ және сулы шіріктермен залалданған жемістерде ауру белгілері анық байқалады. Ұзақ мерзімге сақтауға қояр алдында жемістер мұхият тексеріліп, зиянкестермен зақымдалған, болар-болмас механикалық жарақаттары және ауру белгілері барларынан тазартылып, ағаш немесе пластик жәшіктерге іріктеліп салынып, арнайы камераларға немесе жертөлелерге қойылады. Монилиозға аса бейімАпорт, Заря Ала-тау және т.б. сорттарда сақтауға қойылған жемістерде 10-12 тәуліктен кейінаурудың жасырын инфекциясы байқалады. Сондықтан осы мерзім өткеннен кейін жемістер тағыда бір тексеріліп, ауруға шалдыққандарынан тазартылғаны жөн. Ең бастысы арнайы қамералар менқоймаларда оңтайлытемпература (+1-30 С) және жоғары ылғалдылық (50-60%) сақталуы қажет. Механикалық зақымбанбаған, аурудан таза алма мен алмұрт жемістерін жай жертөлелердің өзінде 4-5 айға дейін сақтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет