Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Өсімдік ауруларының эпифитотиясы және оның түрлері



бет147/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Өсімдік ауруларының эпифитотиясы және оның түрлері
Өсімдік аурулары созылмалы – даму қарқыны жыл сайын белгілі деңгейден аса ауытқымайтын және құбылмалы болып,2 топқа бөлінеді. Қоздырғыштары жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталатын аурулардың көпшілігі созылмалы дамиды. Мысал ретінде астық дақылдарының кәдімгі тамыр шірігін келтіруге болады. Ол бидай мен арпаның барлық егістерінде жыл сайын кездеседі. Табиғи аймақтар, алғы дақылдар мен агротехникалық шаралар және егілетін сорттарға байланысты аурудың таралуы көбінесе 5-10–нан 50-60 %, дамуы 1-5-тен 20-30% аралығында ауытқып отырады. Аурудың айтарлықтай зиян келтіретін даму көрсеткіші 15-20% аралығында, мөлшері 5-10%.



8- сурет. Қостанай облысында қатты бидай егісінде тамыр шірігі ауруының даму ерекшелігі


Арпаның гельминтоспориоз және ринхоспориоз аурулары да осы топқа жатады. Олар жыл сайын егіс алқаптарында кездеседі, ауа райының ерекшеліктеріне байланысты даму қарқыны біраз ауытқып отырады. Астық дақылдары дәнегінің, немесе тұқымының альтернариозды қараюына келсек бұл да созылмалы ауру. Ол жыл сайын барлық аймақтарда кездеседі. Ауа райына, сорттардың ерекшеліктеріне және т.б. жағдайларға байланысты ауруға шалдыққан дәнек 3-5-тен 30-40% аралығында ауытқыйды. Ол тұқымның өнгіштігі мен дән сапасына айтарлықтай теріс әсер етпейді. Зияндылығы жоғарылау келетін фузариоз және гельминтоспориоз ауруларына тұқымның шалдығуы көбінесе 1-5%- дан аспайды.


Келесі аурулар тобына тән қасиет – олардың көпжылдық және маусымдық дамуы ауа райына және т.б. факторларға байланысты құбылмалы,айтарлықтай өзгеріп отырады. Бұл топқа жататындар астық дақылдарының тат аурулары мен септориозы, картоп фитофторозы, жүзімнің оидиум, милдью аурулары және т.б. Олар көбінесе мәдени дақылдардың өсуінің белгілі бір сатысында байқалады, жаз айларында құрғақшылық басым жылдары мүлде кездеспесе, жаз айларында жаңбыр мол, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ылғалдылығы жоғары болса, күрт дамып, орасан зор шығынға душар етеді. Мәселен, 1964 жылы республиканың солтүстік аймағында сабақ таты миллиондаған гектар бидай егісін шарпып, аудандастырылған Пиротрикс, Қызыл-бидай және т.б. сорттардың түсімділігін 30-50%-ға дейін, тіпті одан да жоғары мөлшерде төмендетті. 1967 жылы оның эпифитотиясы жапырақ татымен қайталанып, тағыда миллиондаған гектар егіс алқаптарын шарпыды. 2000-20012 жылдар аралығында солтүстік өңірде жапырақ татының эпифитотиясы 5-6 рет қайталанды. 2000 және 2002 жылдары оңтүстік пен оңтустік шығыс өңірлерде күздік бидай егісінде сары тат ауруы айтарлықтай дамып дақылдың түсімділіген 30-40ғ-ға дейін төмендетті. Септориоз ауруына келсек, республиканың солтүстік аймақтарында оның бірінші эпифитотиясы 1986 жылы байқалды. Жүргізілген көпжылдық зерттеулер аталған аурулардың таралуы мен дамуы шілде мен тамыз айларындағы гидротермиялық коэфициентке тығыз байланысты екенін көрсетті. Ауру қоздырғышының инфекциясы аңыздағы бидай қалдықтарында сақталатындықтан бұл ауру жыл сайын байқалады, тек кей жылдары ғана эпифитотия дәрежесіне дейін дамиды.

9- сурет. Гидротермиялық коэффициентке (ГТК) байланысты жаздық бидай егісінде септориоздың дамуы

Мәдени дақылдардың көптеген ауруларының эпифитотия дәрежесіне дейін дамуы үшін ауаның ылғалдылығы жоғары болуы шарт, жаңбырлы және ашық күндер алмасып отыруы қолайлы. Бұл, әсіресе, өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерін залалдайтын фитопатогендер үшін өте қажет. Олардың спораларының өнуі үшін бірнеше сағат (2-3-тен 10-12)бойы тамшы ылғал болуы керек. Осы себептен де, көпшілік аурулар өсімдіктер бойы өсіп, қатараралықтарын жауып, егісте қолайлы микроклимат болғанда ғана байқалады. Топырақ температурасы мен ылғалдылығы өсімдік тамырларының ауруғашалдығу дәрежесіне тікелей ықпал етеді. Фитопатогенді ағзалардың споралары өніп, өсімдікті залалдауы үшін оның ылғалдылығы 30–60% арасында болғаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет