Бұршақ тұқымдас, майлыжәне техникалық, картоп, көкөніс пен бақша
дақылдарының аурулары
Аталған дақылдар ауруларының таралуы мен дамуын анықтау үшін бір немесе екі үшбұрыш бойымен 10 гектар егістен 15-20 өсімдіктен тұратын 10, 50-ден 15, 75 - 100 гектардан 20 үлгі жиналады. Ауру белгілері жарнақ жапырақтар шыққаннан бастап, жиын-терінге дейін байқалуы мүмкін,сондықтан өсімдіктердің өсу кезеңінде жоқ дегенде 3-4 рет бақылау жасалынады. Бірінші анықтау өскіндер топырақ бетіне толық шыққанда, екіншісі - өсімдіктер бұталанып, бұршаққынтүзілу, немесе гүлдеу кезеңінде, үшінші мен төртінші – дәнек түзіле және пісе бастаған мезгілдерде жүргізіледі. Өсімдік мүшелерінде аурулардың таралуы мен дамуы төменде келтірілген шкала бойынша анықталып, көрсеткіштері жеке-жеке жазылады.
0 - өсімдік мүшелерінде ауру кездепейді;
1 -жапырақтар мен сабақ буынаралықтарының, немесе бұршаққындардың 10% көлемі ауруға шалдыққан;
2 - өсімдік мүшелерініңауруға 20% көлемі шалдыққан;
3-ауруға жапырақтар, сабақ буынаралықтары және бұршаққындардың 25-50% көлемі шалдыққан;
4 - өсімдік мүшелерініңауруға 75-90 % көлемішалдыққан.
Саңырауқұлақтар мен бактериялар және вирустар қоздыратын картоп ауруларының таралуы мен дамуын анықтау үшін өсу кезеңінде 50-100 түп өсімдіктер 3-4 рет тексеріледі. 1- тексеру өскіндердің толық шыққан кезінде жүргізіліп, ризоктониоз және т.б. аурулардың бар-жоғы анықталады; 2–тексеру өсімдіктердің жаппай гүлдеу кезеңінде жүргізіліп, макроспориоз, альтернариоз, фитофтороз, вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларға шалдығуы есептеледі; 3 – жиын-терінге 2-3 апта қалғанда жүргізіліп, жоғарыда көрсетілген аурулардың даму қарқынындағы өзгерістер анықталады. Картоп жапырақтары мен түйнектерінің макроспориоз, алтернариоз және фитофтороз ауруларына шалдығуын анықтағанда 5-балды шкала қолданылады:
0 - ауру белгілері байқалмайды;
1 балл - жапырақтар мен түйнектердіңауру жайлаған көлемі 10%-дан аспайды;
2 балл - жапырақтар мен түйнектердіңауру жайлаған көлемі 20% шамасында;
3 балл - жапырақтар мен түйнектердің ауру жайлаған көлемі 25-50% аралығында;
4 балл - жапырақтар пен түйнектердіңауруға шалдыққан көлемі 75% -ға жуық;
5 балл – картоп сабақтары қурап, түйнектер толықтай шіріген.
Картопта кездесетінвирус ауруларының даму қарқынын Г.М. Развязкина ұсынған 4- балды шкаламен анықтауға болады.
1 балл – ауру белгілері әрең байқалады;
2 балл – ауру белгілері анық байқалады, өсімдіктердің өсуінде айтарлықтай өзгеріс жоқ;
3 балл – жапырақтар ширатылып, некроздалады, алапестенеді, өсімдіктердің өсуі кенжелеген;
4 балл - жапырақтарқатты алапестестеніп, әжімделеді, сабақтар біртіндеп солып, қурайды,өсімдіктерң опат болады.
Осы шкаламен техникалық, көкөніс, бақша, майлы және басқа дақылдардың вирус ауруларының таралуы мен дамуын анықтауға болады.
Ұзақ мерзімге сақталатынкартопты қоймаға құяр алдында түйнектердің ауруларға шалдығу дәрежесі анықталады. Бұл үшін салмағы 10 тоннаға жететін үйіндінің әр жерінен 200 түйнектен тұратын үлгі алынып, тексеріледі. Оларда ризоктониоз бен таз қотырдың түрлері және нематодозаурулары кездесуі мүмкін. Кеуектену, қараю, некроздану, сақиналы және фузариозды шіріктер, фитофтороз, фомоз, немесе түйме және темір дақтар және т.б. анықтау үшін 50-100 түйнек көлденеңінен және тігінен кесіліп, қаралады. Аурулардың түрлері көп болып жатса, дитиленхоз, фитофтороз, сулы және құрғақтай, сақиналы шіріктер ғана есептелінеді. Тұқымдық картопты отырғызар алдында түйнектердің вирус аурулары салдарынан болатын азғындауы,ұршық тәрізденуі, өскіндердің жіңішкеруі және т.б. анықталады.
Отамалы дақылдар ауруларының таралуы мен дамуын анықтау үшін екі қатардан тұратын,ұзындығы 5-10 метр3-4 тұрақты алаң белгіленеді. Бірінші тексеру өскіндер жер бетіне шыққан кезде, екінші – қатараралықтар жабыла бастағанда, немесе өсімдіктер гүлдеген кезде, ал келесілері – 15-20 тәуліктен кейін жүргізіледі. Тексерілуге алынған өсімдіктердің төменгі, орта және жоғарғы деңгейдегі жапырақтары мен сабақтарының, жемістерінің ауруға шалдығу дәрежесі анықталады.
Ақ ұнтақ, церкоспороз және фитофтороз ауруларының даму дәрежесін есептеу үшін төмендегі шкала қолданылады:
0 – ауру белгілері байқалмайды;
1 балл - жапырақтардың ауру жайлаған көлемі 1% -дан аспайды;
2 балл - жапырақтардың ауру жайлаған көлемі 5-10%-ға жетеді;
3 балл - жапырақтардың ауру жайлаған көлемі 20%-ға жетеді;
4 балл – жапырақтардың ауру жайлаған көлемі 25-50% аралығында;
5 балл - жапырақтардың 75-100%көлемінауру жайлаған
Көкөніс және басқа дақылдардың переноспороз ауруына шалдығу дәрежесін анықтау үшін мына шкала қолданылады:
0,1 балл – жапырақтарда кішірек келген бірен-саран дақтар кездеседі;
1 балл –дақтаржапырақтар көлемінің 1/5 бөлігіне жайылған;
2 балл - дақтар жапырақтар көлемінің 1/3 бөлігіне жайылған;
3 балл - дақтар жапырақтар көлемінің 2/3 бөлігін алып жатыр.
Жылыжайда қияр мен қызанақтың ақ және сұр шірік ауруларына шалдығуы төмендегі шкала бойынша анықталады:
0 - ауру белгілері байқалмайды;
1 балл – сабақта, немесе жапырақ қынаптарында кішірек дақтар байқалады;
2 балл – көлденеңі 5 см-ге дейін жететін дақтар сабақты бунап тастаған, өсімдік ұлпалары жұмсарып, шіри бастайды, ауру белгілері түйін мен жемістерде де байқалады;
3 балл – бір-бірімен ұласқан үлкен дақтар мен сызықтардан өсімдіктер солып, қурай бастайды, түйіндер мен жемістер шіріген.
12-кесте Картоп, көкөніс және т.б. дақылдардың ауруларының тарлуы мен дамуы жайлы мәліметтер
Жағрафиялық координаттар СЕ (N)________ ШҰ ( EO) ___________ ТДБ _________
Ауылдық округ_____________________Шаруашылық________________________
Дақыл__________ Сорт___________ , Алғы дақыл _________ Егіс көлемі______ га,
Агротехникалық шаралар: тыңайтыш____________ Суғару _____________________
Өсімдіктің өсу сатысы____________ Өсімдік қорғау құралдарының қолданылуы _____
Ауру түрі
|
Өсімдік мүшесі
|
Аурудың алғаш байқалуы
|
Тексерген кездегі ауру көрсеткіштері балл, %
|
Ескерту
|
өсімдіктің
өсу сатысы
|
мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |