Жеміс ағаштары мен жидек бұталарының аурулары
Жеміс ағаштары мен жидектерде аурулардың таралуы мен дамуын анықтау үшін әр сорт бойынша 5-10 түп ағаш немесе бұталар белгіленіп, өсімдіктердің өсу кезеңінде бірнеше рет тексеріледі. Бірінші бақылау олар бүрленіп, жаңадан жапырақ жайып келе жатқанда жүргізіледі. Өрік ағаштары мен шиеде клястероспориоз, коккомикоз, алма мен алмұртта – ақ ұнтақ және тазқотыр аурулары есептеледі. Екінші бақылау сүйекті және жеміс ағаштар түйін сала бастағанда, келесілері айына 1-2 рет жүргізіледі. Жеміс ағаштарының төрт жағынанжұлмай 50-100 жапырақ немесе жемістер мұхият қаралады. Теңбілдену немесе дақтардың (клястероспориоз, таз қотыр және т.б.) даму қарқыны төменде келтірілген шкала бойынша анықталады:
0 – ауру белгісі байқалмайды;
1 балл – жапырақтарда немесе жемістерде бірен-саран кішілеу дақтар кездеседі;
2 балл - дақ тексерілген мүшелердің 5% көлемінен аспайды;
3 балл - дақ тексерілген мүшелердің 10% көлемін алып жатыр;
4 балл - дақ тексерілген мүшелердің 20-25% көлеміне жайылған;
5 балл - дақ тексерілген мүшелердің 50-75% көлеміне жайылған, жапырақтар ерте сарғайып, түсе бастайды.
Алма бұталары мен жапырақтарының, шабдалы мен қарлығанның ақ ұнтақ аурулары төменде келтірілген шкаламен анықталады:
0- ауру белгісі байқалмайды;
0,1 балл – гүл шоғырлары мен сабақтарда селдір ақ өңез кездеседі;
1 балл – 5%- ға дейін гүл шоғырлары мен бұташаларда ауру кездеседі;
2 балл –10%- ға дейін гүл шоғырлары мен бұташалардаауру байқалады;
3 балл –20-25% гүл шоғырлары мен бұташаларда ауру кездеседі;
4 балл –50%-дан астам гүл шоғырлары мен бұташаларауруға шалдыққан.
Жүзім жемістерінің милдью, ақ ұнтақ және сұр шірік ауруларын анықтау үшін 25-50 бұталар немесе жеміс шоғырлары тексеріледі. Бірінші тексеру олардың белгілері байқалысымен, келесілері 10-15 тәуліктен кейін, соңғысы – жидектерді жинау алдында жүргізіледі. Аурудың даму қарқынынанықтау үшін төменде келтірілген шкала қолдаланылады:
0 - ауру белгісі байқалмайды;
1 балл - жапырақтарда немесе жеміс шоғырында ақшыл дақ немесе селдір үлпек байқалады;
2 балл - дақ немесе үлпек жапырақтар мен жеміс шоғырының 10% көлемінежайылған;
3 балл -дақ немесе үлпек жапырақтың немесе жеміс шоғырының20-25% көлеміне жайылған;
4 балл - дақ немесе үлпек жапырақтың немесе жеміс шоғырының 50%-дан аса көлемін алып жатыр.
13-кесте. Жеміс ағаштары мен жидектерде аурулардың таралуы мен дамуы жайлы мәліметтер
Жағрафиялық координаттар СЕ (N)__________ ШҰ (EO)________ __ТДБ__________ м
Ауылдық округ_____________________Шаруашылық________________________
Дақыл__________ Сорт___________ , Жеміс ағаштарының отырғызылған жылы _______
Бақтың көлемі______ га.Агротехникалық шаралар: тыңайтыш_______, суғару _____ Өсімдіктің өсу сатысы_________ Қолданылған пестицидтер _________________________
Ауру түрі
|
Өсімдік мүшесі
|
Аурудың алғаш байқалуы
|
Тексеру кезінде өсімдік мүшелеріндегі ауру көрсеткіштері , балл, %
|
Ескертпу
|
өсімдіктің
өсу сатысы
|
мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тұқым арқылы таралатын дәнді және майлы дақылдардың ауруларын анықтау тәсілдері
а б
в г
41 -сурет. Петри ыдысында тұқымды ылғалданған құмда және сорғыш қағазда (а, б,в, г) және бума қағаз әдістерімен тексеру
а б
42– сурет. Жапырақтарды ылғалданндырылған сорғыш қағазда тексеру (а), астық дақылдарының тұқымын пластик ыдыстарға толтырылған құмда өсіру ( б).
а б
43- сурет Ауру қоздырғыштарының таза себіндісін жасанды ортада бөлу: Bipolaris sorokiniana және Fusarium spp (а), Drechslera tritici –repentis саңырауқұлақтары (б).
а б
44-сурет. Ауру қоздырғыштарының таза себіндісін жасанды ортада өсіру. Fusarium ( а) және Аlternaria (б ) саңырауқұлақтары.
45- сурет Bipolaris sorokiniana саңырауқұлағының таза себіндісінің жасанды ортада өсуіне әр түрлі температураның әсері
АУРУЛАРДЫҢ ДАМУЫн БОЛЖАУ және химиялық шараларды жоспарлау
Достарыңызбен бөлісу: |