Антракноз. Қоздырушысы - Gloeosporium ampelinumDB Yacz.Deuteromycota класының Меланкониялылар қатарына жатады. Ауру белгілері жапырақтармен қатар, шиен мен жеміс шоғырларында байқалады. Жапырақтарда ойылып түсіп қалатынжиектелген кішірекқоңырқай дақтар түзіледі. Шиендерді бунақтаған созылған қоңырқай сызаттар терең жарақаттарға айналады. Жидектерде күлгін жиекпен көмкерілген қоңырлауойыс дақтар байқалады, олар шытынап жарылады. Бір-екі жылдық сабақтың сыртқы қабықшасының астындатабақша тәріздесдомалақтау келген спора шоғыры орналасады. Бір-біріне қабыса орналасқан сағақтар ұшында эллипс немесе жұмыртқа тәріздес, бір жасушалы, мөлшері 3-6х2-3 мкм конидиялар түзіледі. Пісіп жетілген кездеолардың реңі күлгін немесе күңгірт-сары тартады.Аурудың дамуына ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары, немесе ұзақ уақыт тамшы ылғал сақталуы қажет, өсімдік мүшелерінің механикалық және зиянкестермен зақымдалуы оны өршіте түседі. Кулджинка, Тербаш, Баян ширей, Қара кішміш сорттары ауруға өте бейім, Кабарне, Ркацители,Жемчуг Саба, Рислинг, Саперави берігірек. Залалданған сабақ желілерінде мицелийлер, жапырақтар мен жемістерде конидиялар мен склероцийлер қыстап шығып,инфекцияның келесі жылға сақталуын қамтамасыз етеді.
Церкоспороз немесе жапырақтардың теңбілденуі.Қоздырушылары - Deuteromycota класының Монилиялылар қатарының өкілдері Cercospora vitis(Lev.) Sacc.жәнеPseudocercospora vitis(Lev.) Speg. Жапырақтардың төменгі бетінде жүйкелермен шектелген кішірек дақтар байқалады, кейінірек сарғылт немесе қоңырқай тартады. Олардың үстіндежаңбырдан кейін саңырақұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын зәйтүн реңді, нәзік өңез түзіледі. Конидиялар түйрегіш немесе цилиндр тәріздес, жоғарғы ұшы доғал, бір пердемен бөлінген, мөлшері 13-17х5-9 мкм. Кесел жайлаған жеміс сағақтары мен жидектерді ашық жасыл өңез басады, соңғылары біртіндеп кеуіп , қатайып жеуге жарамайды.Жалғанцеркоспороз (қоздырушысы – Ps.vitis) белгілері жапырақтар мен жемістерде жайылып, бір-біріне ұласқан , үлкен қошқыл дақтар ретінде байқалады. Саңырауқұлақ конидиялары ірі, 5-14 қөлденең перделермен бөлінген,мөлшері 35-95х6-8 мкм.Кеселге қатты шалдыққан жапырақтарда фотосинтез қарқыны төмендеп, олар мезгілінен ерте түсіп, бұталардың өсіп-жетілуі және қысқы үскірік аязға төзімділігі нашарлайды.Ауру көбінесе су көбірек жиналатын ойпаң жерлерде және жүзім жиі отырғызылып, шиен уақтысында шырпылып, сиретілмесе жиі бақалады. Мицелийлер біржылдық сабақтарда, конидиялар түсік жапырақтарда қыстап шығады.