Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет126/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Алма мозаикасы. Қоздырушысы- Apply mosaik virus. Алмамен қатар, алмұртты және раушан гүлділер тұқымдасының біраз өкілдерін, сүйекті жеміс ағаштарын залалдайды, алмұртқа жұқпайды. Ерте көктемдежапырақтарда жүйкелермен шектелген,ақшыл-сары жолақтар, сақиналанған немесе торланғандомалақтау немесе сүйір дақтар байқалады. Кеселге қатты шалдыққан жапырақтар қурап, мезгілінен ерте түсіп қалады. Жаз айларында температура жоғарылаған кезе ауру белгілері анық байқалмайды. Алманың Джонатан, Голден делишес сорттары оған аса бейім, Макинтош беріктігімен ерекшеленеді. Инфекция отырғызуға арналған тікпе көшеттер, өсу кезеңінде зиянкестер арқылы таралады,өсімдік бүрлерін бір-біріне телу кезінде жұғады. Алма вирус ауруларының басқа түрлеріне шалдығуы мүмкін, мәселенжапырақтардың бозғылттануы қоздырушысы -Apple chlorotic leafspot virus- шекілдеуік және сүйекті жеміс ағаштарында кездеседі. Ол көшеттер және телуге арналған бүрлер арқылы бүкіл дүние жүзіне таралған. Ауру белгілері жапырақтардың мозаикалануы, некроздалуы, теңбілденуі және бұташа қабықшасының жарықшақтануы ретінде байқалады.
Жемістердің қоймада сақтау кезінде шіруі. Ұзақ мерзімге сақтауға қойылғанжемістерде монилиозды немесе сұр шірік белгілері 10-15 тәуліктен кейін байқалады. Бақтериялы және пенициллезды шіріктеркейінірек басталады. Біріншісінің қоздырушысы шырынға бай тамыржемістер мен жемістерде жиі кездесетін Erwiniaтуысыныңөкілдері. Олардың белсенділігі өте жоғары, бар-жоғы 4-5 тәулік ішіндежемістертолығымен шіріп, сұйықтау немесе қоймалжың шырышқа айналады,олардың тек сыртқы қабықшасы ғана сақталады. Алма мен алмұрттың сақтау кезінде зеңденіп, шіруінің негізгі себепшілері Penicilliumтуысына жататын саңырауқұлақтар. Алмұртжемістерінде пенициллезды шіру 30-40 тәуліктен кейін басталады, баяуырақ дамиды. Алдымен оларда біртіндеп ұлғаятын қоңырқай дөңгелек дақтар байқалып, үстінде ақшы-жасыл өңез түзіледі, іші жұмсарып, толығымен немесе жартылай шіріп, былжыраған қоймалжың щырышқа айналады. Erwinia және Penicillium туыстарының өкілдері сапрофитті ағзаларға жатады, олар ауа мен топырақта, шіріп жатқан жеміс-жидек қалдықтарында кездеседі,қоймалардытолық зарарсыздандыру мүмкін емес.Кейбір саңырауқұлақтар жиын-терін кезеңіндежемістерге қоныстануы мүмкін, іріктегенде жай қөзге көрінбейді. Алма мен алмұрт жемістерініңсақтау кезінде шіруінің себепшілері Alternaria туысыныңөкілдері және т.б. болуы мүмкін. Жемістеролармен өсу кезеңінің соңына қарай залалданады, белгілері сырттай байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет