Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет122/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Тазқотыр. Қоздырушылары-Ascomycota класының Дотидеалылар қатарына жатады,алмағаVenturia inagualis Wint., алмұртқа Venturia pyrina Aderch маманданған. Олардың жыныссыз немесе конидиялы сатылары - Fusicladium dendriticum Fuck. және F. pyrinus Fuck. Ауру белгілері ерте көктемде алма жапырақтарында кішірек келген, күңгірт-жасыл, тез үлкейіп, қоңырқай тартатын домалақтау, немесе жүйкелермен шектелген жайылған дақтар ретінде байқалады. Сәуір мен маусым айлары жаңбырлы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғарыболса олардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын өңез түзіледі. Кесел қатты өршіген жағдайда жапырақтардың 3/1бөлігін, немесе жартысынан астамынқамтиды, фотосинтез қарқыны төмендейді, олар қурап, мезгілінен ерте түсіп қалады.Конидиялар алмұрт тәріздес, бір немесе екі жасушалы, мөлшері 13-30х6-12 мкм. Жаз айларында саңырауқұлақ жыныссызбірнеше ұрпақ береді, инфекция жаңбыр және ауа ағынымен оңай таралып, жемістерді залалдайды. Оларда алғаш кішірек, келген дөңгелектеу қоңырқай, мөлшері тез үлкейіп, жайылып бір-бірімен ұласатын, бір немесе бірнеше торланған дақтар түзіледі.Кесел қатты өршіген жағдайда жемістердің сырт пішіні өзгеріп, бір жағы семіп, ұсқынсызданады, салмағымен қатар тауарлық сапасы төмендейді. Олар ауруға кешірек шалдықса сыртқы қабықшасында торланған кішірекқоңырқай дақтар түзіліп, сапасы айтарлықтай төмендемейді.
Ауру белгілері алмұрттың жапырақтары мен жемістерінде жайылған ірі қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Олардың үстінде саңырақұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын күңгірт-жасыл өңез түзіледі. F. pyrinusконидиялары жұмыртқа немесе алмұрт тәріздес, бір немесе екі жасушалы, мөлшері 13-30х5-9 мкм. Кеселге қатты шалдыққан жемістер піскен кезде сарғаймай, қоңырқай реңімен ерекшеленеді, ұсқынсызданып, олардың тауарлық сапасы төмендейді.
Көктем айларында алма мен алмұрттың түсік жапырақтарында саңырауқұлақтың қалталы сатысы дамып, жалған жеміс денелері түзіледі. Олардың ішіндегі қалташаларда бір кейде екі қатарда түссіз, эллипс немесе жұмыртқа тәріздес, екі жасушалы, мөлшері 14-20х5-8 мкм аскоспоралар тығыз орналасады. Пісіп жетілген кезде олар арнайы саңылаушалар арқылы сыртқа шашырап, ауа ағысы және жаңбыр тамшыларымен таралып, жапырақтарды залалдайды. Аурудың таралуы мен дамуы мамыр, маусым мен шілде айларының ауа-райына байланысты. Осы мерзімде жаңбыр жиі жауып,ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65-70% және одан да жоғары болып, жапырақтар мен жемістерде тамшы ылғал ұзақ сақталса, кесел қатты өршиді. Жергілікті сорттардың көпшілігі, әсіресе Апорт, Заря Алатау, Пеструшка және т.б. бұл ауруға өте бейім, Голден делишес, Старкримсон, Ренет Ландсберг берігірек. Алмұрттың Лесная красавица, Талгарская красавица сортары оған бейімірек.
Тат. Қоздырушысы -Gymnosporangium juniperinum Mart.Basidiomycotaкласының Урединиялылар қатарына жатады. Іле-Алатауының орта белдеуінде,жабайы алмаларға жақын отырғызылған бақтарда кездесуі мүмкін. Жапырақтарда ауру дөңгелектеу, ортасы дөңес, күңгірт-сары немесе қызғылт жастықшалар ретінде байқалады. Олардың жоғарғы жағында конус сияқты өсінді, төменгі бетінде спораларға толы, жұлдыз тәріздес эцийлер түзіледі. Эциоспоралар дөңгелектеу, немесе эллипс тәріздес, реңі қызғылт-қоңыр, мөлшері 28-45х25-35 мкм, қалыңдығы 3-5 мкмбұдырлы қабықшамен көмкерілген. Инфекция таудың жоғарғы белдеуінде өсетін аршаларда мицелий ретінде сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет