Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет123/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Цитоспороз. Қоздырушылары-Deutromycotaкласының Сферопсидалылар қатарына жататын Cytospora capitataSacc.et Shulz. және т.б. саңырауқұлақтар. Ауру белгілері жеміс ағаштарының бұталарында байқалады. Алғаш олардың қабығы сұрғылттанып, қызғылт-қоңыр тартады, дақтар біртіндеп ұлғайып 2-3 жылдық бұталардың біраз бөлігін қамтиды. Күзге қарай немесе ерте көктемде кесел жайлаған бұдыр-бұдырқабықшада сүйел тәріздес, көлденеңі 0,2-0,7 мм қара нүктелер – саңырауқұлақ пикнидаларытүзіледі. Олардың ішінде түссіз, шоғырланғандары сарғылт немесе алтын реңді, бір жасушалы, мөлшері 5-6х1-2 мкм конидиялар түзіледі. Ауру бірнеше жылға созылуы мүмкін, оның салдарынан бұташалардың қабығы некроздалып, кеуіп, сүрегіне дейін қурайды. Саңырауқұлақ мицелийлері мен пикнидалары залалданған бұташаларда қыстайды, көктем мен жаз айларында инфекция жаңбыр тамшылары және ауа ағысы арқылы таралады. Бұл ауру үскірік аяздан және т.б. себептермен механикалық зақымданған бұталарда, әсіресе күтіп-бапталмаған ескі бақтарда жиірек кездеседі.
Жеміс монилиозы немесе сұр шірігі. Қоздырушысы - Мonilia fructigena Pers.Deutromycota класының Монилиялылар қатарына жатады. Ауру белгілері алма жемістері жаңғақтай болған мезгілде байқталып, толық піскенге дейін, тіптен қоймада сақтау кезінде жалғасады. Алдымен жемістің бір бүйірінде домалақ,тезүлкейетін сұрғылт немесе қоңырқай дақтар байқалады. Бар-жоғы 7-10 тәулік ішінде жемістолығымен шіріп, жерге түседі, немесе бұта басында біртіндеп кеуіп, мумияланады. Кеселге шалдыққан жемістерді көлденеңінен кесіп қараса,жасушалардың толық ыдырауынан ішкі жұмсақ ұлпалар қоңырқай тартып, шіри бастағанын байқауға болады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса бұталарда қалған немесе жерге түскен жемістердің үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен спораларынан тұратын ақшыл- сұр, күлгін шеңбер бойымен сақиналанған жастықшалар түзіледі. Конидиялар ұзын тізбек құрады, бір жасушалы, түссіз, жұмыртқа немесе эллипс тәріздес, мөлшері 20-24х12-14 мкм. Жаз бойы инфекция конидиялар арқылы таралып, көбінесе жеміс жебірімен және механикалық зақымданған жемістерді залалдайды.Монилиоз алмұрт жемістері пісуге жақындаған кезде байқалады, әсіресе құстар шоқығандары оған жиі шалдығады. Ауруға жайлаған және сау жемістер бір-бірімен түйіскендекесел біртіндепжұғады. Алма жемістерінде жиын-терін кезінде байқала қоймайтын жасырын инфекция болады. Ұзақ мерзімге сақтау үшін іріктеліп алынған жемістердеауру белгілері 1-2 аптаның ішінде байқалады. Өзекшеден бастап олардың ішкі ұлпалары қоңырқай тартып, толығымен шіри бастайды, сырты жылтырап қараяды, бірақ саңырауқұлақ мицелийлері мен спораларынан тұратын сақиналанған өңез түзілмейді. Апортмонилиозды шіруге өте бейім, кейде іріктеліп алған өнімнің 20-30% кеселге шалдығып, сақтаудың алғашқы кезеңінде (10-15 тәулік ) шіритіндіктен, босқа ысырап болады. Заря Алатау, Салтанат, Ренет Бурхардта сорттары ауруға бейім, Джонатан, Старкримсон, Голден делишес, Северный синап, Милтон берігірек.Зиянкестерменжәне желден механикалықзақымданған , құстар шоқыған жемістер монилиозға жиі шалдығады.Жерге түсіп шіри бастаған жемістерде саңырауқұлақ мицелийлері бөлшектеніп, қоршаған ортаның қолайсыздықтарына берік, қалың қабықшамен көмкерілген склероцийлер, немесе қарамық түзеді. Олар және бұта басында қалған жемістердесақталатын конидияларнегізгі инфекция ошағы.
Бұталардың қара ісігі немесе обыры. Қоздырушысы –Diplodia malorumFuck., синонимі - Sphaeropsis malorum Berk. Deutromycotaкласының Сферопсидалылар қатарына жатады,қалталы сатысы - Nectria galligena Bres. Ауру белгілері жеміс ағаштарының қаңқа бұталарында байқалады. Олардың қабықшалары қызғылт-қоңыр тартып, әр жерлері көмпиіп көтеріледі, сылына бастайды. Кейінірек кесел жайлаған қабықшалар астында терең жаралар пайда болып, қаңқа бұталар біртіндеп қурайды. Ауруға шалдыққан, әлі толық қурай қоймаған бұталарда жемістер байланса , олардың үстіңгі жағында үлкен шұңғылдауқарайғандақтар пайда болады, бір жағы семіп, ұсқынсызданады, біртіндеп кеуіп мумияланады. Залалданған бұта қабықшалары мен жемістерде көлденеңі 150-175 мкм жететінпикнидалар, олардың ішіндежазғытұрым бір немесе екі жасушалы, түссіз, зәйтүн реңді, мөлшері 24-30х10-12 мкм конидиялар түзіледі. Инфекция мицелийлер мен пикноспоралар ретінде бұта қабықшаларында және түскен жемістерде сақталады. Бұл ауру алмамен қатар, алмұрт және басқа да жеміс ағаштарында, көбінесе жақсы күтілмеген ескі бақтарда жиі кездеседі. Қыста үскірік аяздан, шілде мен тамыз айларында аптап ыстықтан және күтіп-баптау кезінде механикалық зақымдалған бұталар ауруға жиірек шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет