Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Шалқанның түтікше бактериозы



бет119/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Шалқанның түтікше бактериозы.Қоздырушысы - Xanthomonas campestris Dowson. Бұл ауру айшық гүлділер тұқымдасының көптеген түрлерінде кездеседі. Су өткізетін түтікшелердің бітелуінен кеселге шалдыққан өсімдіктер солып, қурайды, тамыр жемістері құрғақ шірікке айналуы мүмкін. Жапырақтар мен сабақтардағы кішігірім жарақаттар, тыныстану және су шығаратын саңылаушалар арқылы бактерия оңай таралады. Инфекция өсімдіктердің жиын-теріннен кейінгі қалдықтарында және тұқымда сақталады.
Шалқан мозаикасы. Қоздырушысы – Radisch mosaik virus. Айшықгүлділер және басқа тұқымдастарға жататын біраз өсімдік түрлерінде кездеседі. Жапырақтар алапестеніп, жүйкелері некроздалып, пішіні өзгереді. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктердің өсу қарқыны мен түсімділігі төмендейді. Өсу кезеңінде инфекцияны өсімдік биттері таратады.


Көкөніс пен бақша дақылдарын аурулардан қорғау шаралары

Аурулардан келетін орасан зор шығынға жол бермеу, өндірілетін өнім мен оның сапасын төмендетпеу үшін карантиндік, профилактикалық және агротехникалық, қажет болған жағдайда химиялық шаралар кешенді түрде атқарылуы қажет. Олар жиналғанөнімді қоймада ұзақ мерзімге шығынсыз сақтауға тікелей әсер етеді. Кешенді шаралар жүйесін анықтағанда инфекцияның сақталу және таралу жолдары, аурудың дамуына ауа-райының тигізетін әсері ескерілуі қажет. Мәселен, ауру қоздырғышы тұқымда сақталатын болса, бірінші кезекте оны зарарсыздандыруға көп көңіл бөлінгені жөн. Біраз аурулардың инфекциясы шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталып, дақыл бір танапқа қайталай егілсе, кесел өрши түседі. Олардың таралуы мен дамуын бәсеңдетуде алғы дақыл айтарлықтай рөл атқарады. Вирустар қоздыратын аурулардың инфекциясын көбінесе бунақденелілер тасымалдайды, сондықтан олардың таралуын тежеу үшін өсімдік зиянкестеріне қарсы химиялық шаралар қолданылуы қажет.


Карантиндік, агротехникалық және профилактикалық шаралар. Соңғы жылдары жақын және алыс шетелдермен қатынасының ұлғаюы, кедендік одақ, бірегей экономикалық аумақ және дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты бұрын еліміздің аумағында кездеспеген карантинді нысандардан төнетін қауып-қатер әлде-қайда ұлғаюда. Олар тұқым мен көшеттер арқылы оңай тасымалдануы мүмкін. Сондықтан бірінші кезекте карантиндік шараларға ерекше назар аударылып, олар бұлжытпай орындалуы қажет.
Ауыспалы егіс жүйесі қатаң сақталып, көкөніс және бақша дақылдарын жоңышқа, эспарцет және т.б. қөпжылдық шөптерден, немесе біржылдық - асбұршақ, ноқат, қытайбұршақ және т.с.с. сияқты бұршақтұқымдастардан, күздік бидай, жүгері, арпа, сұлы және т.б. дәнді дақылдардан кейін орналастырған жөн. Көкөніс және бақша дақылдарыменолардың ортақ аурулары жоқ, 1-2 жылда танап өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталатын инфекция қорынан тазарады. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерден кейін топырақта гумуспен қатар минералды қоректік заттар мөлшеріартып, биологиялық белсенділігі мен құрылымы жақсарады. Жел және су эрозияларының қатері болмаса, өсімдік қалдықтарының толық шіруін қамтамасыз ету үшін, сүдігерді күзде 25-27 см тереңдіккеаудара жыртқан жөн.
Көкөніс және бақша дақылдарының фитосанитарлық ахуалын оңтайландыруда органикалық және минералды тыңайтқыштар біраз рөл атқарады. Танапты жыртар алдында 1 гектарға 20-30 тонна мөлшерінде қи шашу топырақтың құнарлығымен қатар, инфекциясы топырақта сақталатын ауруларға қарсыбиологиялық белсенділігін арттырады. Калий, фосфор және азот тыңайтқыштарын теңестіре қолданған жөн. Азот біржақты қолданылса, өсімдік сабақтары мен жапырақтары қаулап өсіп, дақылдардың көптеген ауруларға беріктігі төмендейді.
Көпшілік ауру түрлері мен қоздырғыштары ортақ қиярды асқабақ, қызанақты алқа тұқымдастардан, қырыққабатты айшықгүлділерден, мүмкін болса, 1-2 шақырымға оқшаулап отырғызған жөн. Көкөніс және бақша дақылдары жылу сүйгіш өсімдіктерге жататындықтан, олардың тұқымын топырақ жеткілікті қызғанда себу немесе көшеттеріноңтайлы мерзімде отырғызу айтарлықтай рөл атқарады. Тұқым қыза қоймаған (12-150 С) , ылғалдылығы жоғары топыраққа егілсе, өскіндер ризоктониоз, питиоз, фузариоз сияқты тамыр шіріктеріне шалдығып, опат болады. Ұзақ және жиі жауған жаңбырдан топырақтың беткі қабаты нығыздалып, қалың қабыршықтануынан тұқымның танаптық өнгіштігі мен өсімдіктердің жиілігі төмендейді.
Бактериялар мен вирустар қоздыратын көкөніс және бақша дақылдарыныңауруларының біразы тұқым арқылы таралатындықтан, оны зарарсыздандыруға көп көңіл бөлінуі қажет. Бұл мақсат үшін термохимиялық әдісті қолданған тиімді, қырыққабат тұқымы термостатта 700С, қияр - 76-780 С температурада 24 сағат бойы қыздырылады. Өну белсенділігі мен өскіндердің ауруларға беріктігін нығайту үшін олардың тұқымдарын мырыш, марганец және мыс микролементтерінің күкіртқышқылды тұздарының ерітіндісімен (0,1- 0,5%) баптаған жөн. Топырақта кездесетін сапрофитті және жартылай паразитті саңырауқұлақтардан өскіндерді қорғау үшін дақылдардың себілетін тұқымдары жанамалы әсерлі ТМТД немесе жүйелі фундазол препаратының бірімен дәрілеу қажет (8-кесте).
8- кесте. Көкөніс пен бақша дақылдарының тұқымдарын дәрілеуге тіркелген препараттар және олардың қолдану мөлшері

Дақылдар

Аурулар

Препараттар, жұмсалу мөлшері, г/кг

Қияр, қарбыз қауын

Зеңдену, бактериоз, антракноз, фузариоз және т.б. шіріктер,

ТМТД, 80% с.ұ.(4- 6)

Кызанақ, баялы

Зеңдену, құрғақ шірік, бактериоз, макроспориоз

ТМТД, 80 %с.ұ (8,0), фундазол, 50% с.ұ. (5-6)

Қырыққабат, шалқан

Пероноспороз,фомоз, бактериоз, зеңдену

ТМТД, 80 % с.ұ (5-6), фундазол, 50 с.ұ. (0,6-0,8)

Пияз

Зеңдену, пероноспороз сұр шірік

ТМТД, 80% с.ұ. (4-5), фундазол, 50% с.ұ. (5-6)

Сәбіз

Фомоз, шіріктер

ТМТД, 80% с.ұ. (6-8), фундазол, 50 % с.ұ. (2,0)

Асхана қызылшасы

Зеңдену,тамыр жегі

ТМТД, 80 % с.ұ. (4-6)

Көшетхананың топырағы алмастырылып,вирус және бактерия ауруларынан қызанақ пен қырыққабат көшеттерін айықтыру үшін тұқымдары жоғарғы температурада 1 тәулік қыздырылып, ТМТД немесе фундазол препаратының бірімен дәрілеу қажет. Оның температурасы жиі ауытқып, топырақ ылғалдылығы шамадан тыс жоғары болуы - өскіндердің тамыр шірігіне шалдығып, жиілігінің төмендеуінің басты себебі. Сондықтан, күн сәулесі мол ашық күндер көшетхананы желдетіп, өсімдіктердің қатараралықтарын қопсыту керек. Көшеттердің тығыздығы жоғары болса, олар бойлай өсіп, әлжуаз келеді, ашық танапқа отырғызғаннан кейін тез тамырлана алмайды. Отырғызуға тек сау көшеттер ғана пайдаланылады, тез тамырлануы үшін оларды 0,1-0,5% натрий гуматы немесе т.с.с. физиологиялық белсенді қосылыстардың бірінде, топырақта кездесетін патогендерге қарсы фундазол немесе ТМТД препаратының ерітіндісінде (0,05-0,1%) 20-30 минут ұстаған жөн.


Тұқымға арналған пиязшықтарда пероноспороз ауруының инфекциясы кездесетін болса, 40-450 С температурада 10-12 сағат қыздыру қажет,немесе зарарсыздандыру үшін ТМТД немесе фундозол препаратының бірін қолдануға болады
Топырақтың беткі қабатының қатып, қабыршықтануынан көкөніс және бақша дақылдары тұқымдарының өнгіштігініңтөмендеуіне жол бермеу үшін танаптыжеңіл тырмамен тырмалап, өскіндер шыққаннан кейін қатараралықтарды қопсыту қажет. Арамшөптер су мен қоректік заттарды ысыраптаумен қатар, көкөніс және бақша дақылдарының бактериоз және вироз инфекцияларының қосымша көзі болатындықтан, оларды мезгілінде отау аурулардың таралуы мен дамуын тежеуде біраз рөл атқарады. Топырақта ылғал жеткіліксіз болса, күн ысыған кезде өсімдіктердің жапырақтары солып, ауруларға бейімділігі артады. Мәселен, уақтылы суғарылмаса қызанақ жемістерінің жоғарғы ұшы сұрғылт тартып, шіруі мүмкін. Өсімдіктерді оңтайлы мезгілде және жеткілікті мөлшерде суғару - тамыржемістер мен пиязшықтардың қоймада шығынсыз ұзақ сақталуының кепілі.
Көкөніс және бақша дақылдарының фитосанитарлық ахуалын агротехникалық және фитосанитарлық шаралар біраз реттегенмен, кейбір аурулар өсімдіктердің өсу кезеңінде қатты өршіп, өнімнің түсімділігі мен сапасын айтарлықтай төмендететін болса фунгицид қолдануға тура келеді. Төменгі кестеде республика аумағында пайдалануға тіркелген фунгицидтер, оларды қолдану жиілігі мен күту мерзімі көрсетілген (9-кесте).

9-кесте Көкөніс және бақша дақылдарының ауруларына қарсы қолдануға тіркелген фунгицидтер және олардың жұмсалу мөлшері



Дақылдар

Аурулар

Фунгицидтер және жұмсалу мөлшері, кг/га л/га

Қолдану жиілігі



Күту мерзімі



Қияр

Ақұнтақ

Байлетон,25% с.ұ. (0, 6), топаз 100 э.к. (0,12-0,15)

1-3

20

Пероноспороз
антракноз, бактериоз

Акробат МЦ с.ұ. (2,0), балеар 72% к.с. (1,6-1,9), браво 500 к.с. (2,2-2,7); купроксат, а.қ.с. (5,0), метаксил с.ұ. (2-2,5), ридомил-гольд, 68% с.ұ (2,5), мыс хлортотығы, с.ұ. (2,4-3,2), фундазол 50% с.ұ. (0,8-1,0)

1-3

15-20

Кызанақ

Фитофтороз,
альтернариоз
макроспориоз
және т.б.

Байлетон, 25% с.ұ. ( 0, 6), купроксат 34 % (5,0), метаксил с.ұ. (2-2,5); мыс хлортотығы с.ұ. (2,4-3,2), фундазол 50% с.ұ. (0,8-1,0)

1-3

15-20

Пияз

Пероноспороз

Акробат МЦ с.ұ. (2,0) метаксил с.ұ. (2-2,5); микадо 70 с.д. г. (2); ридомил-гольд, с.ұ (2,5), мыс хлортотығы с.ұ. (2,4-3,2)

1-3

15-20

Қарбыз, қауын

Ақұнтақ



Байлетон, 25% с.ұ. (0, 3-0,4)



1-3

20

Сәбіз

Альтернариоз, ақшірік

Ровраль с.ұ. 1,5 (0,8-1,0)

1-2

30

Фунгицидтер жапырақтар немесе басқа мүшелерде ауру белгілері жаңадан ғана байқалған кезде қолданылса, тиімділігі жоғары болады. Қай ауру түрі басым екендігіне байланысты олардың қайсысын қолдану қажеттілігі анықталады. Мәселен, қиярда ақұнтақ байқалса топазды қолдану тиімді, өсімдіктер пероноспорозға шалдықса ридомил-гольдты, екі ауру бірдей байқалса фундазолды пайдаланған жөн. Фунгицид таңдағанда келесі бір еске ұстайтын мәселе, оның қолданғаннан кейінгі күту мерзімі. Жоғарыда көрсетілген фунгицидтердің көпшілігі үшін ол 15- 20 тәулік болса, метаксилмен бапталған қиярды 6, қызанақты 10 тәуліктен кейін жиып, пайдалануға болады. Демек, ауру кеш, қияр гүлдегеннен кейін, немесе жеміс байлана батаған кезде байқалса, осы фунгицидті қолданған жөн. Ауа-райы жағдайы және аурудың даму қарқындылығына байланысты 10-15 тәуліктен кейін онымен өсімдіктер қайталай бүркіледі. Бір фунгицид қатарынан бірнеше жыл қолданыла берсе, ауру қоздырғышының оған берік популяциясы пайда болып, химиялық шараның тиімділігі төмендеуі мүмкін. Сондықтан оларды бір маусымда, немесе 2-3 жылда алмастырып отырған жөн.


Көкөніс және бақша дақылдарының вирустар мен бактериялар қоздыратын біраз ауруларын зиянкестер, атап айтқанда піспектеп- сора қоректенетін өсімдік биттері мен қандалалар және т.б. тасымалдайды. Сондықтан оларды бақылауға алып, сан мөлшері зияндылық көрсететін деңгейге жетсе, тізімде ұсынылған инсектицидтердің бірі қолданылуы қажет.
Қырыққабаттың қауданы мен сәбіз және т.б. тамыржемістерді ұзақ мерзімге сақтауға қояр алдында қойма тазартылып, әктеліп, формалин ертіндісімен (1:100) зарарсыздандыру қерек. Күз және қыс айларында тамыр–жемістер мен пиязшықтар жақсы сақталуы үшін жиын-терін жұмыстары ашық күндері жүргізіліп, қоймада ұзақ мерзімге сақтауға қояр алдында оларды мұхият тексеріп, сұрыптап, суланған және құрғақ шірікке шалдыққандарынан тазарту қажет. Оларды көлеңкеде 3-5 тәулік кептіріп алған жөн. Сақтау кезінде қойманың температурасы 1-30 С аралығында , салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 % болуы керек.
Жылыжайларда өсірілетін көкөніс дақылдарын аурулардан қорғаудың біраз ерекшеліктері бар. Алдымен олардың инфекцияларын жоюға бағытталған профилактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Жиын-терін бітісімен өсімдік қалдықтары толық жиналып, сыртқа шығарылып өртеледі, немесе арнайы шұңқырларға көміледі. Жылыжай іші мен қабырғалары формалин ертіндісімен бүркіліп, топырақ 5-7 тәулік бойы үлбірмен жабылады. Есік, терезе, желдеткіштер толық жабылып ішіне күкірт түтіндетіледі. Нематодтар байқалған жағдайда көшеттер отырғызудан 30- 40 тәулік бұрын топыраққа базомид (1 шаршы метрге 40-60 г) мөлшерінде ендіріледі. Жылыжай айналасы кейбір аурулардың инфекция ошағы болатын арамшөптерден толық тазартылады. Қызанақ пен қияр, басқа асқабақ пен алқатұқымдастар егісінің ара қашықтығы, жоқ дегенде 1-2 шақырымнан кем болмауы керек .
Вирус және бактерия инфекцияларынан айықтыру үшін тұқым 1 тәулік бойы 700 С термостатта қыздырылып, 15% үшнатрий фосфатымен өңделіп, кептіріледі. Осы мақсатқа ТМТД (4г/кг) немес фундазол (2-3 г/кг) препаратының бірін, немесе 1%-ды марганецқышқылды калий ертіндісін пайдалануға болады. Аурулардың таралу және даму қарқыны жылыжай температурасы мен ылғалдылығына тығыз байланысты болатындықтан өсімдіктер жылы сумен суғарылуы қажет, суық су пайдаланылса олардың тамыр шірігіне шалдығуы артады. 7-10 тәуліктен кейін бірен-саран ауруға шалдыққан көшеттер байқалса, оларды түп-тамырымен жұлып, орнына саулары отырғызылады. Температура түнде 18-200С төмендемеуі, күндіз 30-350С жоғарыламауы, түнгі және күндізгі көрсеткіштерінің ауытқуы 3-50 С аспағаныжөн.Тамыр шірігіне шалдығып, сола бастаған бірен-саран өсімдіктер байқалса, олар қайтадан тамырланып кетуі үшін сабақ1-2 буынға төмен түсіріліп, топырақ пен құм араласқан қоспамен 3-4 см тереңдікке көміледі. Өсімдіктерді аурудан айықтыру үшін 1 түпке 0,1- 0,2% фундазол (шамамен 0,25- 0,5 литр) ертіндісі құйылады.
Вирус ауруларының дамуын тежеу үшін қызанақ пен қияр сумен сұйытылған сүтпен (1:10) , немесе көксүтпен бүркіледі. Оларды тасымалдайтын өсімдік биттері мен кенелерді, аққанаттылар және трипстерді жою үшін инсектицидтер қолданылады. Ақұнтақтың алғашқы белгісібайқалысымен топаз (0,5-0,7 л/га) немесе байлетон (0,5-0,6кг/га)фунгицидтерінің бірімен, қызанақты мысхлортотығымен (1-4 кг/га) бүрку қажет. Қиярдапероноспороз, қоңырқай дақ ,аскохитоз, ақшірік аурулары байқалса, браво 500 (3-6 л/га) немесе фундазол (0,8-1 кг/га), ал қызанақта соңғы фунгицид (2-3 кг/га) қолданылады. Аурулардың түрі және даму қарқындылығына байланысты 10-15 тәуліктен кейін оларды жоғарыда көрсетілген фунгицидтің бірімен қайта бүрку қажет.Өсу кезеңінде бұл шара 4-5 рет қайталануы мүмкін. Топаз бен браво үшін қолданылғаннан кейінгі күту мерзімі 3, байлетон - 5, фундазол – 7 тәүлік . Жылыжайларда ауру қоздырғыштары фунгицидтерге тезірек бейімделетіндіктен, оларды алмастырып отырған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет