Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Cүйекті жеміс ағаштарының аурулары



бет127/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Cүйекті жеміс ағаштарының аурулары
Өрік пен алхорының негізгі ауруына клястероспориоз жатады, шабдалы ақұнтақ пен жапырақ ширатылуына жиі шалдығады. Шие көптеген ауруларға табиғи иммунитетімен ерекшеленеді.Сүйекті жеміс ағаштарында бактериялар мен вирустар қоздыратын аурулардың біраз түрлері кездеседі. Олардың қоздырғыштары жабайы және сәндік бұталарды, кейде дара және қос жарнақты шөптесін өсімдіктерді де залалдайды. Алхорыда карантинді нысанға жататын шарко немесе шешек ауруы кездесуі мүмкін .
Клястероспориоз немесе жапырақтардың ойық дағы. Қоздырушысы - Stygminacarpophila( Lew.) Ell., синонимі -Clasterosporium carpophilum Adehr.Deuteromycota класының Монилиялылар қатарына жатады. Бұл ауруға өрік алхоры, әсіресі жабайы өрік қатты шалдығады. Оның белгілері жаңа жайылып келе жатқан жапырақтар мен сабақтарда, гүл сағақтары мен жемістерде, бұташалар қабықшасында байқалады. Алдыменжапырақтарда кішірек, бозғылт дөңгелектеу дақтар байқалып,олар 4-5 тәулік ішінде үлкейіп, қызыл-қоңыр жиекпен көмкеріледі. 7-10 тәулік өтпестен дақтар ойылып түсіп қалады, жапырақтар бытырамен атқандай шұрық-тесікке айналады. Кесел жайлаған гүл шоқтары түйін салмайды. Жемістерде дақыл түрлеріне байланысты ауру белгілері әртүрлі келеді. Өрікте кішірек домалақ, немесе жайылған қоңырқай дақтар тез үлкейіп, беті көпіршіп, қабықшақтанады, бір-бірімен ұласып сүйел тәріздес бұдырға айналады. Бұташалар қабығында байқалатын күңгірт-сары жолақтар терең жарақаттарға айналып, кейіннен шайырланады. Кесел қатты өршіген жағдайда жемістер семіп, пішіні ұсқынсызданады, мезгілінен ерте түсіп қалады,тауарлық сапасы төмендейді. Шие жемістеріндегі ойық дақтар сүйекке дейін тереңдейді. Залалданған жеміс ағаштарының өсу және көбею мүшелерінде саңырауқұлақ мицелийлері мен4-5 көлденең перделермен бөлінген,цилиндр немесе түйрегіш тәріздес конидиялардан тұратын жүқа өңез байқалады. Өсімдіктердің өсу кезеңінде инфекция жаңбыр тамшылары және ауа ағысымен оңай таралады. Сәуір, мамыр және маусым айлары жаңбырлы және салқын жылдары ауру қатты өршиді, оның дамуына 15-220 С аралығындағы температура қолайлы. Инфекция бұта қабықшаларында, түсік жемістер мен жапырақтарда сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет