Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Пияз бен сарымсақ аурулары



бет114/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, МУ по произ практике каз (2), 2 5325882729781268778
Пияз бен сарымсақ аурулары
Шалқан пияз көбінесе оңтүстік және оңтүстік- шығыс өңірлерде өсіріледі, пиязшықтары толық жетіліп, қыс—пен көктем айларында жақсы сақталады. Өсу кезеңінде ол пероноспороз , қоймада сақтағанда мойынның сұр және басқа шірік ауруларына шалдығады. Сарымсақтың фитонцидтік қасиеті жоғары, сондықтан бұл дақылда бірен саран ғана ауру кездеседі.
Пероноспороз немесе жалған ақұнтақ. Қоздырушысы - Peronospora destructorCasp.Ооmycotaкласының Пероноспоралылар қатарына жатады . Ауру белгілері шалқан пияз бен сарымсақтың жапырақтары мен сабақтарында жайылған бозғылт сұр,сарғылтдақтар ретінде байқалады. Инфекция тұқым арқылы жүйелі таралса, ол өсімдіктің барлық мүшелерін қамтиды, жапырақтар сарғылт тартып, қурап,өскіндер опат болады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса,немесе жаңбырдан кейін дақтардың үстінде көлденең перделермен бөлінбеген саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын селдірсұрғылт өңез түзіледі. Сағақтар жапырақ саңылаушаларынан топтасып шығады, конидиялар эллипс немесе жұмыртқа тәріздес, реңі сұрғылт- күлгін, сыртқы қабықшасы біртегіс, кейде сәл әжімделген, көлденеңі 35-60х 22-35 мкм. Тұқымдық пияздың гүлсидамында сұрғылт созыңқы дақтар байқалады, ерте сарғайып, қурайды, опырылғыш келеді. Өсімдіктердің өсу кезеңінде саңырауқұлақ жыныссыз көбейіп, бірнеше ұрпақ береді. Инфекция жаңбыр тамшылары және ауа ағысымен таралады. Аурудың дамуына жаңбыр жиі жауып, тамшы ылғал, немесе шық ұзақ сақталуы, ауа –райы қоңыр салқын, температурасы 17-25 0С аспағаны қолайлы. Күзге қарай кесел жайлаған өсімдік мүшелерінде қалың қабықшамен көмкерілген, пішіні шар немесе эллипс тәріздес, көлденеңі 25-35 мкмооспоралар түзіледі. Олар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына берік. Инфекция тұқым мен пиязшықтарда,жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталады.
Тат. Қоздырғышы - Basidiomycota класының Урединиялылар қатарына жататын Puccinia alli(DC)Rud. Бір иелі cаңырауқұлақ, барлық даму кезеңі пияз бен сарымсақта өтеді. Сирек кездесетін ауру, белгілері жапырақтар мен гүлсыйдамда алғаш ашық-сары эций, кейінірек қоңырқай тартатын урединийлерден тұратын пустулалар ретінде байқалады. Урединиоспоралар сарғылт,дөңгелектеу немесе эллипс тәріздес, беткі қабықшасында ұсақ бедері бар, мөлшері 18-32х18-24 мкм. Күзге қарай жылтыраған қара телийлерде телиоспоралар түзіледі. Олар қыстап шығып, келесі жылға инфекция ошағы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет