Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Түйнектердің темір дағы немесе тоттануы



бет100/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, МУ по произ практике каз (2), 2 5325882729781268778
Түйнектердің темір дағы немесе тоттануыОңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жиі кездеседі. Негізгі себебтері–картоп түйін салып, түйнектер өскен кезде ауа температурасы жоғары болып, топырақта ылғалмен қатар фосфордың жеткіліксіз, алюминий мен темір тотықтарының шамадан тыс көп болуынан тотықтыру ферменттерінің белсенділігі артып,фотосинтез үдерісінің төмендеуі.Түйнектерді тігінен немесе көлденеңінен кессек, жұмсақ ұлпада ретсіз тереңірек орналасқан, немесе су өткізетін сақиналар айналасына шоғырланған қоңырқай, немесе темір тоты тәріздес, пішіні мен мөлшері әртүрлі келетін дақтарбайқалады.Фитофтороздан айырмашылығы ауру белгілері түйнектердіңбеткі қабатында кездеспей, терең орналасуы және олардың сақтау кезінде шірімеуі. Ауруғашалдыққан картоптың азықтық сапасы төмендейді, тіптен кейде жеуге жарамайды.
Жапырақтардың сұрғылттануы. Ауру көбінесе топырақта кальцийдің шамадан тыс болуына байланысты өзен аңғарында отырғызылған егістерде байқалады. Жапырақтар қалыңдап, қатпарланады, жүйкелер аралығындағы ұсақ дақтар бір-бірімен ұласып, ұлпалар опат болуынан сұрғылт реңге боялады. Олар қатқылданып, жүйкелері адырайып, төмен қарай ширатылады, сабақтар жасыл реңін сақтайды. Ауру қатты өршіген жағдайда жапырақтар күңгірт-күлгін реңге боялып,сабақтардың жоғарғы буынаралықтары қысқарады. Ауа-райының құрғақ және ыстық болуы ауруды өршіте түседі.
Магнийдің жетіспеуі.Жапырақтардың ұштары мен шеттерінде және жүйкелер аралығындабозғылт, немесе сарғылт, қоңырқай дақтар байқалады. Гумус мөлшері төменқұмдауыт және сұр топырақтарда жиі кездеседі. Жапырақтардың өсуі тоқталып, сабақтар опырылғыш келеді, өсімдіктер біртіндеп солып, қурайды.
Кальцийдің жетіспеуі. Көбінесе құмдауыт топырақтарда байқалады. Өсімдіктердің өсуі баяулап, жапырақтар майдаланып, шеттері жоғары қарайширатылады, жіңішкеріп, ашық-жасыл, немесе күлгін реңге боялады. Түйнектер қатқыл келеді, өнбейді, су түтікшелерінің айналасында қоңырқай дақтар пайда болады.


Картопты аурулардан қорғау шаралары






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет