Қатпарлынемесе әжімделгенмозаика. Аурудың негізгі қоздырғышы - Potato virus У (КУВ- картоптың У вирусы), М, S және X вирустар бірге кездесуі мүмкін. Аса кең таралған және зияндылығы жоғары ауру. Алғашқы белгісі – жапырақ жүйкелерін бойлай, біртіндеп сағақтар мен сабақтарға таралатынқара жолақтар. Инфекция түйнек арқылы берілгенде жапырақ теңбілденеді, қатты ширатылады, өсімдіктердің өсуі тоқырайды. Кесел баяу дамыған жағдайда жоғарғы жапырақтардың теңбілденуі, пішіні өзгеріп, некроздалуы байқалады.Жүйкелер ортасындағы ұлпалар біркелкі өспеуінен жапырақтар көмпиеді, қатпарланып, ақшыл, кейіннен сарғылтнемесе сұрғылт тартады, төмен қарай ширатылады.
Жапырақтардың алапестеніп қатпарлануы. Қоздырғыштары – Potato virus КжәнеМ,S X вирустары қатысуы мүмкін. Ауру белгілері өсімдіктер шанақтанып-гүлдеу кезеңінде анық байқалады. Жапырақтар бозғылт тартады, кейде теңбілденіп, сәлмозаикаланады, пішіні өзгеріп, жоғары ширатылады. Кесел қатты дамыған жағдайда олардың шеттері бұйраланып, ортасы деформацияланады, сарғылт тартады. Зияндылығы жағынан алдыңғы аурудан асып түседі, картоп түсімділігін 15-45%, крахмал мөлшерін 2-3%-ға дейін төмендетеді. Инфекция түйнектерде сақталады, жапырақтар бір-бірімен түйіскенде және жұмыс құралдары арқылы жұғады,оны өсімдік биттері мен шабындық қандалалар тасымалдайды.
Жапырақтардың ширатылуы. Қоздырғышы – Potato leaf roll virus(син.Solanium virus 14).Ауру қоздырғышыкартоптың персистентті «L» (КLB) вирусы. Алдымен өсімдік жапырақтарының жүйке аралықтары, кейінірек олар тұтасымен сарғылт тартады, некроздалады,орталық жүйкені бойлай жоғары қарай ширатылады. Ауруға қатты шалдыққан өсімдіктер гүлдемеуі мүмкін, төменгі жапырақтары қызғылт-күлгін реңге боялып,крахмалдың шамадан тыс жинақталуынан қатаяды, сабақтары опырылғыш келеді. Топырақта ылғал жеткіліксіз, ауаның температурасы жоғары болса,дамуы өрши түседі. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктердің түйнектері майда келеді, түсімділігі 30- 70%-ға дейін төмендейді. Оларды көлденеңінен кессек орталық түтікшелердің қарайғаны байқалады. Көктемдезалалданған түйнектер әлжуаз өскіндер береді. Инфекция картоп түйнектерінде сақталады, өсу кезеңінде оны колорадо қоңызы, өсімдік биттері мен қандалалары белсенді таратады.
Жолақ мозаика. Қоздырғышы– Potato virus. Ауру жайлаған өсімдіктер бойының аласалығымен, алапестенуімен ерекшеленеді, жапырақтары бұйраланып, орталары көмпиеді, сабақтары нәзік, опырылғыш келеді. Жапырақ жүйкелері некроздалады,оларда сақиналанған дөңгелек, немесе бұрышты дақтар, сабақтарда бойлай таралған жалпақ қара жолақтар немесе сызықшалар байқалады. Бұл ауру оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жиі кездеседі және аса зиянды. Өсімдіктердің түсімділігін 4-5 есе, түйнектер салмағы 2-2,5 есе төмендетеді. Инфекция түйнектерде сақталады, өсу кезіндеөсімдіктер бір-бірімен жанасқан кезде жұғуы мүмкін және оны өсімдік биттері тасымалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |