Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Ризоктониоз немесе қарақотыр



бет94/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Ризоктониоз немесе қарақотыр. Қоздырғышы – Deuteromycotaкласының Стерилді мицелийлер тобына жататынRhizoctonia solani Kuhn.Көктем және күз айларында ауа-райы салқын келетін Оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аймақтарында кең таралған,топырағында сазбалшық мөлшері көбірек солтүстіқ аймақтада кездеседі. Ауру белгілері түйнектермен қатар, өскіндер мен тамыр-сабақтарда қоңырқай жолақтар ретінде байқалады, кейде олар терең жарақаттарға айналады. Картоптың өсу кезеңінің соңына қарай, әсіресе алғашқы үсік жүргеннен кейін, түйнектерде әрең байқалатын, мөлшері 3-5 мм, сыртқы қабықшадан оңай сылынатын, сүйел тәріздесқара склероцийлербайқалады. Көктемде олар отырғызылған түйнектермен біргетопырақта өніп, көлдененең перделерсіз, ені 6-10 мкм жететін,қоңырқай мицелийтүзеді. Ауруға қатты шалдыққан өскіндер опат болып, жиілігі сирейді. Тамыр жүйелері ризоктониозға шалдыққан өсімдіктеркүндіз ауа температурасы жоғарылаған кезде біртіндеп солады. Жаз ортасында немесе соңына қарай жаңбыр мол, күн салқын болса, сабақтың төменгі топырақ деңгейіндегі бөлігінде киіз немесе мақта тәріздес ақ өңез байқалады. Бұл саңырауқұлақтың қалталы сатысы - Hypochnus solani Pr.et Del.) , аурудың бұл түрі - ақсирақ «белая ножка» деген атпен белгілі. Аурудың даму қарқынына байланысты картоп түсімділігі7-ден 20%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Инфекция залалданған түйнектер арқылы таралады, топырақта да ұзақ уақыт сақталады.
Ұнтақты тазқотыр.Қоздырғышы– Plasmodiophoromycotaкласының осы аттас қатарына жататынSpongospora subterraneaWallr. Ауру белгілерітүйнектермен қатар, тамыр-сабақтар мен тамырларда байқалады. Түйнектердің бетінде алғашсызаттары баркішірек қоңырқай дақтар түзіледі. Олар біртіндеп үлкейеді,сыртында суланған сияқтыойлы-қырлыісіктер байқалады,қоймада сақтау кезінде қарайып, сүйел тәріздесөсінділергеайналады. Пісіп жетілген кезде түйнектердің сыртқы қабықшасы жұлдыз сияқты жарылады, іші қоңырқай ұнтаққа толған, қабыршықтанған жаралар байқалады,ішінде көлденеңі 3-5 мкм цисталар түзіледі. Тамыр мен тамырсабақтарда ақшыл, кейіннен қара-қоңыр тартатын,сырты бүршіктенген өсінділер пайда болады. Аурудың дамуына топырақ ылғалдылығы жоғары, температурасытөмен (15-200С)болғаны қолайлы. Инфекция топырақта 4-5 жылға дейін сақталады, түйнектер арқылыда таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет