Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет92/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Вертициллезді солу.Қоздырғыштары –Verticillium albo-atrum Reinke et.Berth. және V. lateritium Berk.Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жатады. Ауа –райы құрғақ және ыстық келетін оңтүстікөңірде жиі кездеседі. Ауру белгілері көбінесе картоп гүлдегеннен кейін байқалады. Жапырақтар сарғайып, біртіндеп қурап түсіп қалады, немесесолып, салбырайды. Сабақтар қоңырқай тартады, көлденеңінен кессек түтікшелердің қарайғанын байқауға болады. Ауа-райы ылғалды болса жапырақ сағақтары мен сабақтарда ауру қоздырғышының споралану мүшелерінен тұратын сұрғылт өңез түзіледі. V. albo–atrumсағақтары күлтеленген, ұшындаэллипс тәріздес,1-2 жасушалы, мөлшері 6-12х2-3мкмконидиялартоптаса орналасады. V. lateritium конидиялары бір жасушалы, мөлшері 3-7х2-3 мкм,жиынтығының реңі қызыл-қоңыр. Инфекция көбінесе микросклероций және дауэрмицелий ретінде өсімдік қалдықтарында және топырақта, кейде түйнектердесақталады.
Макроспориоз және альтернариоз. Қоздырғыштары– Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататынMacrosporium solani(Ell.et Mart.) жәнеAlternaria solaniNeergSor. Бұл аурулар барлық аймақтарда таралған, макроспориоз жапырақтар үстінде ретсіз орналасқан,ортасы шеңберлі дөңгелектеу қоңырқай,альтернариоз - көбінесе шет жағындакездесетін күңгірт-қоңыр дақтар ретіндебайқалады. Сабақтарды бойлай таралған сұрғылт-қоңыр жолақтар, кейде терең жараларға айналады. Түйнектердің үстінде сырт пішіні әртүрлі келетін шұңғыл қара дақтар түзіледі. Ауа-райы ылғалды болса олардаауру қоздырғыштарының мицелийлері мен споралану мүшелерінентұратын сұрғылт, немесе түтін тәріздес сұр өңезтүзіледі. Картоп макроспориозға ертерек – шанақтану-гүлдену кезеңінен бастап шалдықса, альтернариоз – өсу кезеңінің екінші жартысында байқалады. Жаңбыр жиі жауып, түнде шық мол түсіп, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-80% және оданда жоғары, температура 20-25 0С аралығында болса, ауру қатты өршиді. Инфекция картоп пәлегінде сақталады, өсімдік қалдықтарында конидиялар қыс және көктем айларында тіршілік қабілетін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет