Студенттердің берілген материалды қалай игергенін тексеруге арналған сұрақтар
Қант қызылшасының саңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың инфекциясы қайда сақталады және өсімдіктердің өсу кезеңінде қалай таралады?
Ақұнтақ және пероноспороз ауруларының таралып, дамуына қандай ауа-райы қолайлы?
Қант қызылшасының өскіндері мен тамыр-жемістерінде шірік ауруларының қандай түрлері кездеседі, оларды бір-бірінен қалай ажыратуғаболады, инфекциялары қайда сақталады?
Қант қызылшасының вирус қоздыратын қандай ауруын білесің, оның инфекциясы қалай таралады?
Көшетханада темекі өскіндері қандай ауруларға шалдығады, олардың дамуын төмендету үшін не істеу қажет?
Танаптық жағдайда темекі саңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауруларға шалдығады, олардың инфекциясы қайда сақталады?
Темекінің вирустар мен бактериялар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың инфекциясы қайда сақталады және қалай таралады?
Мақта гоммозын қандай ағза қоздырады, ауру белгілері өсімдіктердің қай мүшелерінде байқалады, инфекциясы қайда сақталады?
Мақтаның вертициллезды және фузариозды шіріктерін қалай ажыратуға болады, олардың созылмалы және күрт дамуы қалай байқалады?
Техникалық дақылдар ауруларының таралуы мен дамуын шектеуде ауыспалы дақыл жүйесі, органикалық және минералды тыңайтқыштар мен микроэлементердің атқаратын рөлі?
Тұқым арқылы таралатын вирус және бактериялы аурулардантехникалық дақылдарды айықтыру үшін қандай шара атқарылуы қажет?
Тұқым мен көшеттерді зарарсыздандыру үшін қандай препараттар қолданылады?
Кант қызылшасының саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларына қарсы қандай фунгицидтер қолданылады және оларды қолдану ерекшелігі?
картоп аурулары
Картоп – бидайдан кейінгі негізгі азықтықдақыл ретінде еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі. Ол саңырауқұлақтар мен актиномицеттер, бактериялар, вирустар мен вироидтаржәне микоплазмалар қоздыратын көптеген ауруларға шалдығады.
Саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар
Аса кең таралған және зияндыларына фузариозды және вертициллезді солу, макроспориоз бен альтернариоз, фитофтороз, қара қотыр, немесе ризоктониоз,және т.б. аурулар жатады. Қоймада сақтау кезінде түйнектер құрғақ, кейде сулы шірікке шалдығып, жиналған өнім біраз ысырапқа ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |