Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет86/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Тамырдың қарашірігі. Қоздырушысы - Thielaviopsis basicola Ferr.Deuteromycota класының Монилиялылар қатарына жатады. Жарнақ-жапырақтардың сабағы қоңырқай тартып, жіңішкеруінен өскіндерсолып опат болады. Танапқа отырғызылған көшеттердің орталық және жанама тамырлары қараяды , өсімдіктер біртіндеп солып қурайды. Кеселге шалдыққан мүшелерді саңырауқұлақ мицелийлері мен спораларынан тұратын қоңырқай өңез басады. Арнайы сағақтарда көпжасушалы, беткі қабаты ұсақ сүйел тәріздес, бұжыр қабықшамен көмкерілген, мөлшері 7-20 х10-17 мкм, күңгірт-қоңыр артроспоралар (конидияның бір түрі) түзіледі. Олар өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады, инфекция ошағының рөлін атқарады.
Ақұнтақ.Қоздырушысы- Erysiphe cichoracearum DC. f.sp. nicotainae Jacz.Аscomycotа класының Эризифалылар қатарынан. Алғаш төменгі жапырақтарда селдір ақ өңез ретінде байқалып,біртіндеп сұрғылт тартады. Мицелийлер қөп жасушалы, арнайы сағақтарда конидиялар бір-біріне тізбектеле орналасады, реңі мөлдір, пішіні эллипс немесе цилиндр тәріздес, 20-30 х1015 мкм. Күзге қарай мицелий шоғырларында жеміс денелері - клейтотецийлер түзіледі, олардың көлденеңі 80-125 мкм, ішінде алмұрт тәріздес 10-15 қапшықшалары бар. Ауруға шалдыққан жапырақтардың фотосинтез қарқыны төмендейді, олар сарғылт тартып қурайды, сабақтары опырылғыш келеді.Кеселдің дамуына темекінің жиі отырғызылуы, ауық-ауық өткінші жаңбыр жауып, температура 18-250 С аралығындаболғаы қолайлы. Инфекция жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталады
Пероноспороз немесе жалған ақұнтақ. Қоздырушысы- Peronospora tabacina Adam. Oomycota класының Пероноспоралылар қатарына жатады. <9k fehe Көшетхана мен танаптарда кездеседі. Жапырақтарда алғаш сарғылт, дөңгелектеу немесе жүйкелермен шектелгенсүйір, біртіндеп қоңырқай тартатын дақтар байқалады. Кеселге қатты шалдыққандарынынң шеттері төмен қарай ширатылып, қатпарланып, пішіні ұсқынсызданады. Сабақтар мен жапырақтар және гүл сағақтарында нероздалған қоңырқай жолақтарпайда болып, олар терең, жараларға айналады. Тамыр мойынындағы жарақаттардан ө сабақтар опырылып, сынғыш келеді. Жаңбырдан кейін, немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса, жапырақтардың төменгі бетінде ауру қоздырғышының мицелийі мен споралану мүшелерінен тұратынкүлгіндеу , біртіндеп сұрғылт тартатын өңез байқалады. Конидиялар түссіз, эллипс тәріздес, мөлшері 15-28х12-20 мкм. Ооспоралар дөңгелек, сарғылт-қоңыр, бұжыр қалың қабықшамен көмкерілген. Маусым айында жаңбыр жиі жауып,тұман түсіп, тамшы ылғал ұзақ сақталып, ауа температурасы 12-220 С аралығында болса ауру айтарлықтай дамуы мүмкін.Шілде мен тамыз айларында еліміздің оңтүстік- шығыс өңірінде ауа температурасы 30-350 С жетіп, ылғалдылығы 50-60%- дан аспайтындықтан бұл ауру сирек кездеседі. Өсімдік қалдықтарында ооспоралар қыстап шығады, олар инфекция ошағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет