Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Ризомания немесе тамыржемістердің түктенуі



бет85/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, МУ по произ практике каз (2), 2 5325882729781268778
Ризомания немесе тамыржемістердің түктенуі. Қоздырушысы -Beet necrotic yellow vein mosaic virus. Қызылша бір жерге бірнеше жыл қайталай егілуіне, пайдалануға тіркелген отандық сорттардың бұл ауруға өте бейім болуына байланысты соңғы жылдарыбұл ауру белең алды. Тамыржемістердің жан -жағынан сақал сияқты жіңішке, әлжуаз тамыршалар қаптап шығатындықтан, бұл ауру «бородатость»- деп аталған. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің жапырақтары сарғайып, ширатылады, жүйкеаралықтары бозғылт тартып некроздалады, өсуі тоқырап, солып қурайды. Инфекциятасымалдаушы топырақта тіршілік ететін, төменгі сатыдағы Chytridiomycota класының Плазмодифоралылар қатарына жататын Polymyxa betae Kesk. Өсу кезеңінде бір өсімдік екіншісімен жанасқанда, немесе болар-болмас механикалық зақымдар арқылыауру оңай жұғады. Топырақтаинфекция 4 жылға дейін сақталуы мүмкін. Оның дамуына топырақ реакциясы бейтарап, немесе сілтілі, ылғалдылығы жоғары, температурасы 15-200 С аралығында болғаны қолайлы.
Қызылша Beet mosaic virus қоздыратын мозаикаға шалдығуы мүмкін. Ризоманиядан айырмашылығы бұл ауру жапырақтарда сарғылт дақтар мен әжімдену және кішірек ұяшықтар ретінде байқалады. Инфекцияны өсімдік биттері тасымалдайды. Вирус қызылшамен қатар, бұршақ тұқымдастардың біраз түрлерін залалдайды.
Қызылша гетеродерезі немесе нематодозы Қоздырушысы Heterodera schahtii Schmidt.- дөңгелек құрты. Тамыржемістердің тамыршалары мен түкте-рінде , алғаш ақшыл, біртіндеп қоңырқай тартатын, пішіні домалақтау моншақ тәріздес цисталар түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі баяулайды, кейде олар ерте опат болады. Инфекция топырақта бірнеше жылға дейін сақталады, қызылша бір жерге қатарынан үздіксізегілсе ауру өрши түседі.
Темекі аурулары
Өскіндер мен көшеттердің қарамойнақтануы. Қоздырушылары - Oomycota класының Pythium debaryanum Hess. жәнеDeuteromycota класыныңRhizoctonia solani Kuhn.саңырауқұлақтары. Бұл ауруға көшеттіктерде көбінесе өскіндер шалдығады, тамыр мойыны жіңішкеріп, қараяды, жарнақ жапырақтары сарғайып, ойдым-ойдым болып солып, қурай бастайды. Танапқа отырғызылғанқөшеттер аурудан толық айығып кетпейтіндіктен біртіндеп опат болып, өсімдіктердің тығыздығы сирейді. Ризоктониозды шірікпен залалданған темекі тамырларынреңі қоңырқай саңыраукұлақ мицелийлерінентұратын өңез басады. Өскіндер питиозды тамыр шірігіне шалдықса,тарамдалғанкөлденең перделерсіз мицелий ұшында мөлшері 15-25 мкм болатын зоспорангийлер түзіледі. Бұл саңырауқұлақ көптеген мәдени және жабайы өсімдіктерді залалдайды Көшеттер танапқа отырғызылғаннан кейін жаңбыр жиі және ұзақ жауып, ауа температурасы төмен (10-15 0 С), топырақ ылғалдылығы жоғары болып, қабыршықтанса аурудың дамуы өрши түседі. Инфекция өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады.
Тамырдың құрғақ шірігі. Қоздырушысы - Chytridiomycotaкласының осы аттас қатарына жататын Olpidium nicotianae Preis.Ауруғаөскіндер көшетханада өсу кезеңінде шалдығуы мүмкін. Олардың тамыршалары жіңішкеріп, жарнақ жапырақтары сұрғылт тартады, біртіндеп қурап опат болады.Бұл ауру қөшетхана желдетілмей, топырақ ылғалдылығы өте жоғары, температура төмен болған жағдайда байқалуы мүмкін. Өсімдік жасушаларында саңырауқұлақ шар тәріздес, көлденеңі 12-20 мкм, бірнеше зооспорангийлер түзеді. Кейінірек қалың бұжыр қабықшамен көмкерілген, көлденеңі 8-25 мкм, түссіз немесе сарғылт цисталар пайда болады, олар топырақта бірнеше жылға дейіін сақталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет