Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Түйнектердің құрғақ шірігі



бет93/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Түйнектердің құрғақ шірігіҚоздырғышы -Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататынF. sambucinum Fuck. Фузариозды шірік картопты қоймада сақтау кезінде дамиды, оған механикалық, немесе дөңгелек құрттармензақымдалған, фитофторозжәне таз қотыр ауруларынашалдыққан түйнектер өте бейім келеді. Олардың сыртқы қабықшасындаалғашпішіні мен мөлшері әртүрлі келетін қоңырқай дақтар байқалады. Түйнектерді қоймада сақтау кезінде ауру қоздырғышы жұмсақ ұлпаны кеулеп, тереңдей түседі, залалданған бөліктері қоңырқай тартады, біртіндеп кеуіп, ішінде қуыстар пайда болады. Оларда мақта немесе киіз тәріздес ақшыл, сарғылт мицелийлер мен споралану мүшелері түзіледі. Макроконидиялар орақ немесе түйрегіш тәріздес, 3-5 көлденең перделемен бөлінген, мөлшері 15-60х3-6 мкм, мицелий аралығында хламидоспораларжиі кездеседі. Қойма құрғак болса, ауруға шалдыққан түйнектер семіп,салмақтары төмендейді, кей жағдайда 20-30% өнім шіріп кетеді. Сақтау кезінде қойма ылғалдылығы жоғары және түйнектер фитофторозға шалдыққан болса, олар сулы немесе ылғалды шірікке айналады. Аурудың дамуына 15-200С аралығындағы температура қолайлы, төменгі деңгейі - 3-5 0С. Инфекция жиналған түйнектер және олардың арасындағы топырақ түйіршектері арқылы қоймаға түседі, танаптарда да сақталады.
Фомоз немесе түйме дақ. Қоздырғышы –Phoma solanicola Pr. et Del. Deuteromycota класының Сферопсидалылар қатарына жатады.Бұл аурумен өсімдіктер өсу және жиын-терін кезінде залалданады. Оның белгілері картоп гүлдегеннен кейін сабақтарды бойлай орналасқан, тез ұлғаятын, ортасы ақшыл, шеттері қоңырқай жолақтар ретінде байқалады. Пәлектер ерте сарғайып, қурай бастайды. Түйнектердің сыртқы қабықшасында көлденеңі 3-5 мм-ге жететін біртіндеп ішкі ұлпаға тереңдей беретін түйме тәріздес шұңғыл дақтар түзіледі. Қоймада сақтау кезінде ауруға шалдыққан түйнектерден инфекция сауларына жұғады. Картоп ұлпасы алғаш қоңырқай, кейіннен күңгірт-қоңыр тартады, семіп, қатпарланады,ішіндегіқуыстарда сұрғылт мицелийлермен көлденеңі 115-140 мкм жететін қоңырқай пикнидалартүзіледі. Конидиялар жұмыртқа тәріздес, бір жасушалы, мөлшері 5-7х3 мкм. Аурудың дамуына ауа температурасы 15-250С аралығында, салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болғаны қолайлы. Инфекция топырақта және өсімдік қалдықтарында сақталады, түйнектер арқылы да таралуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет