Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет96/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Кәдімгі таз қотыр. Ауру қоздырғыштары–Streptomyces candidus Kpas. Және S.scabies Susso сәулелі саңырауқұлақтары. Орталық Қазақстандажәне оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлердің тау және тау бөктерінде орналасқан танаптарда кездеседі.Қоздырғыш пен өсірілетін сорттардың ерекшелігіне байланысты аурудың бірнеше түрі байқалады.Түйнектерқабықшасында пішіні әртүрлі келетін, жеке немесе топтаса орналасқан, жайылғанжалпақ, дөмпиген және торланған дақтарнемесе сүйелдер менөскіндер, сызаттар мен тереңдігі 3-5 мм-ге жететін жарақаттар байқалады.Кейінірек олар бір-бірімен ұласып, түйнектер үсті қатпарланған қабыршаққа айналады.Ауру тамыр-сабақтар мен тамырларда да байқалуы мүмкін. Оның дамуына топырақ реакциясы бейтарап немесе сілтілі, ауа температурасы20-25 0С аралығында болғаны қолайлы. Органикалық тыңайтқыш ретінде толық шірімеген қөң шашылса кесел асқындай түседі. Ауруға шалдыққан түйнектердің тағамдық сапасы, әсіресе дәмі нашарлайды, крахмал мөлшері 5-10-нан 30%-ға дейін төмендейді. Инфекция топырақта және түйнектерде сақталады.
Сақиналы шірік.Қоздырғышы – Corynebacterium sepedonicumScap. et Burk. Бұл ауру Қазақстанда сирек кездеседі. Бактерия денесі домалақтау, немесе қисық таяқша тәріздес, спора түзбейді, сұйық ортада қозғалмайды, мөлшері0.5-1 мкм. Ет-пептон агарында ортасы аздап көтерілген, шырышты, кейінірек май тәріздес болатын дөңгелектеу ақшыл шоғырлар түзіледі. Түйнектердің тамыр-сабақтар орналасқан жағында су өткізетін түтікшелері сақиналанып, сарғылт тартады. Картоптың өсу кезеңіндеинфекция түйнектерден сабақтармен жапырақтарға таралады. Залалданған өсімдік тез солып,кейде бір түп тұтасыменсарғайып,қурайды. Ауру қатты өршіген жағдайдакартоп жасыл реңін біраз сақтағанмен, кейіннен сабақтары қара-қоңыр тартады. Кеселге шалдыққан ұлпаларды сықса,одан қоймалжың сары экссудат бөлінеді. Су түтікшелері арқылы бактериятамыр-сабақтарға және жас түйнектерге таралады. Инфекция отырғызуға пайдаланылатын картоп түйнектерінде және басқа алқа тұқымдастарда сақталады.
Қара мойнақтану.Қоздырғышы– Erwinia phytophthora (Jones) Dyc.Бактерия таяқша тәріздес, 0,5-1х2-3 мкм, спора түзбейді, Грам әдісімен боялмайды, талшықтары арқылысұйық ортада қозғалады. Картоп ангарында ақшыл-сұр, ортасы шығыңқы, жиегі тегіс домалақ шоғырлар түзеді. Залалданған түйнектерден шыққан өскіндердіңтөменгі жапырақтары орталық жүйке бойымен жоғары қарайширатылады және солады.Өсу кезеңінде өсімдік ұлпаларының ыдырауы салдарынан сабақтардың төменгі бөлігі қарайып шіриді, олар оңай жұлынады. Осы себептен ауру «черная ножка» деп аталған. Түйнектердің тамыр-сабағында алғаш түссіз, кейінірек қараятын дақтар байқалады, кейде олар кеуектенеді. Түйнектер жеткілікті қызбаған топыраққа отырғызылып, өскіндер шыққанға дейін температура төмен болса(10-150С)ауру өрши түседі.Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады, түйнектермен таралады.
Сулы шірік. Қоздырғыштары–Erwinia carotovora (Jones) Bergey және Bacillius subtilis Erenb. (син.:B.mesentеricus Flugge) бактериялары.Бірінші бактерия таяқша тәріздес, 0,5-1х2-3 мкм, спора түзбейді, Грам әдісімен боялмайды, талшықтары арқылысұйық ортада қозғалады. Екіншібактерия - аэроб, спора түзеді, мөлшері 0,8х2-3 мкм, Грам әдісімен боялады.Ауру көбінесе картопты қоймада сақтау кезінде байқалады.Түйнектер жұмсарып, шырыштанады, жағымсыз иіс шығарып, ботқа тәріздес қойыртпаққа айналады. Жаңбыр шамадан тыс жауып, топырақ ылғалдылығы жоғары болған жылдарытанаптаосы ауруға шалдыққан бірен-саран түйнектер кездеседі. Картопты қоймада сақтау кезінде сулы шіру аса зиянды. Оғанмеханикалық жарақаттанған, үсікке ұрынған, фитофтороз, сақиналы шірік және басқа ауруларға шалдыққан түйнектер бейім келеді. Бактерия талғампаз емес,көптеген көкөніс дақылдарын, шырынды жеміс-жидектерді және тамыр-жемістерді залалдайды.Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет