Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Теңбіл және басқа мозаикалар



бет99/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, МУ по произ практике каз (2), 2 5325882729781268778
Теңбіл және басқа мозаикалар. Негізгі қоздырғышы– Potato virus«Х» (КХВ), «S» вирусы да қатысуы мүмкін. Ауру белгілері жапырақтарда жайылған ақшылдаутеңбіл дақтар ретіндебайқалады.Ауа райы өсімдіктердің өсуіне қолайсыз, құрғақшылық пен жаңбырлы кезең бір-бірімен алмасса, жолақ немесе қатпарлы мозаиканың белгілері анық байқалуы мүмкін. Вирустың белсенді штаммдары жапырақтардың шеттері мен сабақтың жоғарғы ұштарын некроздап, қуратады. Түйнектердің өнуі және өскін кезінде ауаның температурасы төмен болуы (7-100 С) аурудың дамуына қолайлы. Инфекция түйнектерде сақталады. өсу кезеңінде өсімдіктер бір-бірімен жанасқандажәне жұмыс құралдары арқылы жұғады.Вирус картоппен қатар алқа тұқымдасына жататын көптеген жабайы және мәдени өсімдіктерді залалдайды. Инфекция өсімдік биттері арқылытаралмайды.
Картоп түйнектерінің түйрегіш тәрізденуі немесе готикасы.Қоздырғышы– вироид. Нуклеин қышқылы ретінде тіршілік етеді,ақуыз қабықшасы жоқ. Ауруға шалдыққан өсімдіктер сабақтарыбұталанбайды, жапырақтары тікірейіп тұрады. Түйнектер түйрегіш немесе алмұрт тәріздес, реңі ақшылдау, кейде үстінде жолақ дақтар байқалады. Өркен беретін «көздер»қабақ тәріздес терең орналасады. Залалданған түйнектер әлжуаз, жіңішке өскіндер береді. Өсімдіктердің өсуі кенжелейді, жапырақтары майда, қатпарланады, сағақтары қысқарады, сарғылт тартады, немесе басқа реңге боялады. Инфекциякартоп түйнектерінде сақталады, өсімдіктердің өсу кезеңінде оны қандалалар мен биттер және бүргелердің кейбір түрі тасымалдайды.
Жоғарыда көрсетілген вироздармен қатар картопта темекі сылдырмағы (ВПТ), сарғылт ергежейлену (ВЖКК), бұйралана ергежейлену (ВККК), столбур, өскіндердің жіңішкеруі, «мыстан сыпыртқы», жапырақтардың дөңгеленуі және т.б.вирустар мен микоплазмалар қоздыратын аурулар кездесуі мүмкін.

Инфекциясыз немесе жұқпайтын аурулар


Бұл топқа топырақта азот пен фосфор және калий, мырыш, бор, кальций және т.б. макро және микроэлементтердің жетіспеуінен туындайтын картоп түйнектерінің темірдағы немесе ортасыныңтаттануы менкеуектенуі, сонымен қатар жапырақтардың бозғылттануы, некроздар, сырт пішінінің өзгеруі және т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет