Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Техникалық дақылдарды аурулардан қорғау шаралары



бет89/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, МУ по произ практике каз (2), 2 5325882729781268778
Техникалық дақылдарды аурулардан қорғау шаралары
Оларпрофилактикалық, агротехникалық және химиялық шаралар жиынтығынан тұрады. Жүйенің негізгі шарасының бірі - ауыспалы дақылдар жүйесін игеріп, қатаң сақтау. Өткен ғасырдың 70- 80 жылдары суғармалы жерлердің тапшылығынан қант қызылшасын бір танапқа қайталай еге берудің салдарынан топырақта фузариозды тамыр шіруінің инфекциясы қорланып, кеселдің өршуінен дақылдың түсімділігі күрт төмендеп кеткені белгілі. Техникалық дақылдар үшін жоңышқа жақсы алғы дақыл, 3-4 жылда ол топырақ құнарлылығын, кұрылымын қалпына келтірумен қатар, біраз аурулардың инфекция көздерінен танаптарды айықтырады. Күздік немесе жаздық бидай және т.б. дәнді, біржылдық дәнді-бұршақ дақылдар біраз фитосанитарлық рөл атқарады. Фузариоз, ризоктониоз және т.б. ауру қоздырғыштарының топырақтағы инфекциясын қорландырмау үшін қызылша мен темекінібұрынғы орнына 3-4 жылдан кейін қайта егуге болады. Органикалық тыңайқыштарды қолдану арқылы топырақтың механикалық құрылымын жақсартып, құнарлылығы мен биологиялық екпінділігін, атап айтқанда, өсімдік патогендеріне антоганистік қасиет көрсететін миркроағзалар санын, мен белсенділігін және ауруларға беріктігін арттыруғаболады. Органикалық тыңайқыштар шашылған сүдігерді немесе сүрені ерте және терең жырту өсімдік қалдықтарындағы инфекция қорын төмендетеді. Минералды тыңайтқыштарды бір-бірімен теңестіре қолдану қажет. Азот шамадан тыс берілсе, өсімдіктердің ауруларға беріктігі төмендейді, ал фосфор мен калий, керісінше олардың беріктігін немесе төзімділігін арттырады. Қызылша егісінің 1 гектарына20-30 тонна толық шіріген қижәне минералды тыңайтқыштарды 90-120 кг мөлшерінде (N120P100K90) қолдану ұсынылған. Мақтаның вертициллезды және фузариозды солуларына қарсы шіріген қимен аммоний сульфатын қолдану тиімді екені жайлы деректер бар. Топырақта микроэлементтердің жетіспеуінен дақылдардың өсуінде неше түрлі физиологиялық ауытқулар орын алуы мүмкін. Мәселен, бордың жетіспеуінен қант қызылшасы тамыржемістерінің өзекшесі шіритіні белгілі. Өсімдіктердің көптеген ферменттерінің құрамына мырыш кіреді, оладың өсу екпінділігіне айтарлықтай әсер етеді. Микротыңайтқыштарды тиімді қолдану үшін олардың топырақтағы жалпы және өсімдіктер игере алатын мөлшерін білген жөн.
Техникалық дақылдардың тамыр шірігі ауруына шалдығу қарқыны тұқымды себу мерзіміне байланысты. Қант қызылшасы мен мақта жылу сүйгіш өсімдіктерге жататындықтан, олардың тұқымдарын жеткілікті қызған (15-200 С) топыраққа сіңірген жөн. Топырақ температурасы төмен болса өскіндердің өніп, жер бетіне шығу мерзімі созылып, олар ризоктониоз, фузариоз,питиоз ауруларына шалдығуы артады. Өскіндер опат болуынан,олардың танаптық жиілігі төмендейді. Тұқым себілгеннен кейін жаңбыр жиі жауып, топырақтың қалың қабыршақтануы өскіндердің жер бетіне шықпай опат болуының негізгі себебі.Осының салдарынан кей жылдары қант қызылшасы мен мақта тұқымдарын кей жылдары қайта себуге тура келеді. Тұқыс себілгеннен кейін жаңбыр жиі және ұзақ танаптар жеңіл тырмамен тырмаланып, топырақ қопсытылуы қажет. Темекінің ауруға шалдықпаған,0,1-0,2% фундазол немесе ТМТД суспензиясымен бапталған көшеттерін отырғызу тиімді. Мақта мен темекіні сиреткен кезде ауруға шалдыққандарын жұлып, өскіндер жиілігін оңтайлы мөлшерден 10-15% артық қалдырған жөн. Суғару жиілігі мен мерзімдерін, мөлшерін сақтау, қатараралықтарды қопсытып, арамшөптерден таза ұстау дақылдардың ауруларға беріктігін арттырады. Вирус және бактерия инфекцияларынан айықтыру үшін себілетін тұқымрды жоғарғы температурада 65-700 С бір тәүлікке дейін ұстаған жөн. Инфекциясы топырақта сақталатын ауру қоздырғыштарына қарсы себілетін тұқым дәрілену қажет. Төменгі кестеде техникалық дақылдар тұқымын дәрілеуге қолданылатын препараттар көрсетілген.
6 -кесте Техникалық дақылдар тұқымдарын дәрілеу үшін республика аумағында қолдануға тіркелген препараттар

Дақылдар

Аурулар

Препарат, жұмсалу мөлшері, кг/т л/т

Қант қызылшасы

Тамыр жегі, ризоктониоз, фузариоз

ТМТД, 80% с.ұ.(4-6), тачигарен, 70% с.п. (6,0 )

Темекі

Ризоктониоз және басқа шіріктер

ТМТД, 80% с.ұ.(4- 6)

Мақта

Гоммоз, вертициллез, фузариоз және басқа тамыр шіріктері

Витавакс 200 ФФ (4,0), ТМТД, 80 % с.ұ. (8-10),химоя, 10 % с. (4,0), эмиссар, с.к.(2,5 -3)

Темекі тұқымынкөшетқанағасебер алдында топырақ ауыстырылып, әйнектер мен басқа жабдықтарды формалин ертіндісімен (1: 100) зарарсыздандыру қажет. Тұқым 10 минуттай оның ерітіндісінде ұсталып, сонан кейін таза сумен шайылып, көлеңкеде кептіріледі. Өскіндер шыққаннан кейін ауру белгілері байқалып жатса, олардың түбіне 0,2% фундазол ерітіндісі (1,5-2 л/ м2) құйылады. Қант кызылшасы мен темекі егістерінде ақұнтақ, пероноспороз, церкоспороз және т.б. аурулары байқалысымен фунгицид қолданылады. Сүдігер жырту алдында вертициллезді вилт қатты жайлаған мақта егілетін танаптарға фундазол ендіру(бір гектарға 75-150 кг) ұсынылған. Бірақ бұл шараның экономикалақ және экологиялық тұрғадан тиімділігі күмән келтіреді. Мұндай танаптарды бірнеше жыл қатарынан жоңышқа және басқа дақылдар егу арқылы сауықтыруға болады. Төменгі кестеде техникалық дақылдар ауруларына қарсы қолдануға тіркелген фунгицидтер көрсетілген.


7- кесте.Техникалық дақылдар ауруларына қарсы қолдануға тіркелген фунгицидтер мен олардың жұмсалу мөлшері

Дақылр

Аурулар

Фунгицидтер, жұмсалу мөлшері, кг/га л/га

Қолдану жиілігі



Күту мерзімі



Кант қызылшасы

Ақұнтақ, тат

Байлетон, 25% с.ұ. (0, 6), фундазол 50% с.ұ. (0,8-1,0), колфугосупер, 20 % с.с. (2,0)

1-3

20

Ақұнтақ,
Пероноспороз,
Церкоспороз, Фомоз

Альто 400 с.к. (0,15), дерозал 50% с.к. (0, 6 - 0,8 ), импакт 12,5 с.к. (1,0), скор 250 к.э. (0 ,4), топсин М 70% с ұ. (0,6 -0,8)

1-3

15-20

Темекі

Тамыр жегі

фундазол 50% с.ұ. (1,5-3 г/м2 )*

1

-

Мақта

Вертициллезді
солу

фундазол 50% с.ұ. (75-150 кг/га)**

1

-

*- көшетқанада қолдану, **- сүдігер жырту алдында топыраққа ендіру

Темекі егісінде ақұнтақ, пероноспороз және т.б. саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар байқалса, көкөніс пен жеміс және т.б. дақылдарда тіркелген фундозол немесе мыстың хлорлы тотығын қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет