Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет88/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, МУ по произ практике каз (2), 2 5325882729781268778
Тамырдың қара шіріктері. Қоздырғыштары Deuteromycota класының Стерилді мицелийлер қатарына жататын Rhizoctonia solani Kuhn.және Монилиялылар қатарынан Thielaviopsis basicola Ferr. саңырауқұлақтары. Өсімдіктерді бүкіл өсу кезеңінде залалдайды. Ризоктинозды шірік өскіндердің негізгі тамырларында күңгірт-қоңыр тдақтар мен кішірек жарақаттар ретінде байқалады. Жарнақ жапырақтардың сабақшасы, тамыр мойыны мен негізгі және жанама тамыршалары қарайып, өскіндер солып, опат болады. Ауру созылмалы дамыған жағдайда күн қызғанда жапырақтар тургордан айрылып солады, біртіндеп қурап опат болады. Күзге қарай кеселге шалдыққан өсімдіктердің сабақтары қоңырқай тартып тез солып, қурайды, опырылғыш келеді. Th. basicola саңырақұлағы жаңа өніп шыққан өскіндерді 3-4 жапырақ жайғанға, ересек өсімдіктерді өсу кезеңінің соңына дейін залалдайды. Кеселге шалдыққан өскіндердің жапырақтары сұрғылт тартады , тамырлары алғаш қызыл -қоңыр реңге боялса, кейіннен қараяды.Өскіндедің опат болуынан тығыздығы сиреп, мақтаның түсімділігі төмендейді. Ересек өсімдіктердің жапырақтары сұрғылт тартады, бірақ солып салбырамайды, тамыр мойынында бұлтық пайда болады, сабақтары күңгірт-қоңыр тартып, қыңыраяды. Инфекция өсімдіктерді күтіп-баптау және суғару кезіндетаралады, олардың механикалық зақымдалуы –індетті үдете түседі. Бұл аурулардың қарқынды дамуы үшін температура 20-260 С аралығында, топырақ ылғалдылығы 60-70% болғаны қолайлы. Инфекция топырақта және шірімеген өсімдік қалдықтарында ұзақ уақыт сақталады.
Гоммоз. Қоздырушысы- Xanthomonas campestris pv. Malvacearum Dye бактериясы. Ауру белгілері өсімдіктердің барлық мүшелерінде байқалады. Жарнақ жапырақтарда алғаш майланған сияқтыжарық өткізетін дөңгелектеу дақтар, кейінірек олар қоңырқай тартады, өскіндер солып, опат болады. Өсімдіктердің шанақтану- гүлдеу кезеңінде сабақ буынаралықтарында майланған сияқты көлемі тез ұлғаятын, қоңырқай дақтар байқалады. Олардың кесел жайлаған бөліктері жіңішкеріп, қарайып, жарықшақтанады, опырылғыш келеді. Гүл қауашақтарында пайда болатын дөңгелектеу келген кіріңкі дақтар талшықтарға дейін тереңдеп, бір-біріменжелімдейді, өнімнің түсімділігі мен қатар сапасын да төмендетеді. Инфекция тұқымға дейін жетеді және зауыттарда мақта талшықтарын тазалау кезінде қосымша таралады. Өсімдіктердің болар-болмас зақымдануы, тыныс пен су жолдары және зиянкестер арқылыИнфекция оңай таралады. Ол тұқымда және шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет