Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет87/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Бактериялы алапестену. Қоздырушысы - Pseudomonas syringae pv. tabaci Yong et al. Бактерия таяқша тәріздес, мөлшері 1х3 мкм, талшықтары арқылы қозғалады, Грам әдісімен боялмайды, спора түзбейді. Картоп агарындабеті жылтыр, ортасы шығыңқы, дөңгелек ақшыл шоғыр түзеді. Ауру көшетханалар мен танаптарда кездеседі. Өскіндердің жарнақ жапырақтарының шетінде суланған немесе майланған сияқты дақтар байқалады. Ауа райы құрғақ болса олар қоңырқай тартып, немесе қарайып, қурай бастайды, ылғалды болған жағдайда шіриді. Танапта ересек өсімдіктер жапырақтарында көлденеңі 1 см жететін бозғылт дақтар біртіндеп сұрғылт-қоңыр тартып, көмпиеді, ортасында шеңберлі сақиналар пайда болады. Жапырақ сағақтарында ашық-қоңыр, тұқым қауашағында кіріңкі қоңырқай дақтар байқалады. Бактерияларөсімдік ұлпасына болар-болмас жарақаттар, табиғи саңылаулар арқылы оңай енеді. Аурудың дауына 25-300 С аралығындағы температура қолайлы. Инфекция көшетхана мен жиын-теріннен кейінтанаптарда қалатын өсімдік қалдықтарында және тұқымдасақталады .
Мозаика. Қоздырушысы - Tobaссo mosaiс virus, немесе темекінің мозаика вирусы (ТМВ), тобамовирустар тобына жатады. Ауру белгілері жапырақтардың мозаикалануы, жүйкелер бозғылт, аралығындағы ұлпа күңгірт-жасылтартып, көмпиіп немесе көбіршектеніп, жеке бөліктерінің некроздалуы ретінде байқалады. Кесел жайлаған мүшелерде вирус Х тәріздес кристалды зат түзеді. Инфекция өсімдіктер бір-бірімен түйіскенде, күтіп-баптау кезіндешырын арқылы оңай жұғады,оны таратудаөсімдік биттері айтарлықтай рөл атқарады. Бұл вирус мәдени және жабайы бұршақ және тәжігүл тұқымдас көптеген өсімдіктерді залалдайды, олар аурудың табиғи ошағы болып саналады. Темекіде вирус ауруларының басқа да түрлері кездесуі мүмкін. Мәселен, неповирустар қоздыратын сақиналы дақ, тобравирустар - жапырақтартар сылдырмағын, иларвирустар - жолақтануын қоздырады. Елімізде бұл аурулардың бар-жоғы жайлы нақты дерек кездеспейді.
Мақта аурулары
Вертицеллезды және фузариозды солу немесе вилт.Қоздырушысы Deuteromycota класының Монилиялылар қатарынанVerticillium dahlia Kleb. және Fusariumт уысына жататын саңырауқұлақтар. Ауру мақта жер бетіне өніп шыққаннан бастап, жиын-терінге дейін байқалады, әсіресе өсімдіктердің шанақтану кезінде қарқындай түседі. Алдымен төменгі, кейінірек жоғарғы жапырақтардың шетінде пішіні дөңгелектеу, немесе жүйкелермен шектелген сүйірлеу ашық-жасыл немесе сарғылт дақтар түзіледі. Өсімдіктер ауруға ертерек шалдығып кесел қатты өршіген жағдайда жапырақтар төменнен жоғары қарай солып, қурап түсе бастайды, өсуі тоқталып, сойдиған сабақтары қалады. Жаздың соңына қарай, немесе қыркүйекте ауру аяқ астынан өршіп, тез дамуы мүмкін. Өсімдіктердің жапырақтары бозарып, тургорын жоғалтады, 2-3 тәулік арасында солып, қурай бастайды. Фузариозды шіріктердің вертициллезды солудан айырмашылығы - жапырақ сағақтарын көлденеңінен ескенде су жүргізетін талшықтар қарайғаны байқалады. Сонымен қатар, ауру қоздырғыштарының морфологиялық ерекшеліктері бойынша бірі-бірінен ажыратылады. Кеселге шалдыққан өсімдік мүшелерін ылғалды ортада ұстасақ, саңырауқұлақ мицелийі мен споралану мүшелерінен тұратын селдір өңез түзіледі. V. dahlia конидиялары түссіз, бір жасушалы, кейде бір көлденең пердемен бөлінген, пішіні эллипс тәріздес , мөлшері 6-12х2-3 мкм. Ол қоршаған ортаның қолайсыздығына берік , қалың қабықшамен көмкерілген дауэрмицелий және ұсақ склероцийлер түзеді. 15-ке жуық тұқымдастарға жататын мәдени және жабайы өсімдіктерді, олардың ішінде картоп, қызанақ, темекі, зығыр және т.б. залалдайды. Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтар мақта тәріздес қалың, ақшыл, сарғылт мицелийлер мен споралану мүшелерін түзеді. Микроконидиялар бір немесе екі жасушалы, эллипс, немесе жұмыртқа тәріздес, макроконидиялар жаңа туған ай немесе орақ тәріздес, көп жасушалы. Хамидоспоралар дөңгелектеу, сарғылт немесе қоңырқай, мицелий аралығында бір-бірімен тізбектеліп орналасады. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады, қатараралықтарды өңдеу және суғару кезінде таралады. Аурудың дамуына 23-260 С температура, топырақ ылғалдылығы жоғары (60-70%) болғаны қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет