Фитофтороз.Қоздырғышы –Oomycota класының Пероноспоралылар қатарына жататын Phytopthora infestans De Bary. Шілде мен тамыз айлары салқын болып, ылғал мол түскен жылдары еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы өңірде, солтүстікте – орманды-дала және онымен шектесіп жатқан дала аймақтарында кей жылдары кездеседі. Ауру белгілері жапырақтардың жоғарғы ұшы мен шеттерінде күңгірт-қоңыр суланған сияқты дақтарретінде байқалады. Кейінірек сабақтарда да үлкен қоңырқай дақтармен жолақтар түзіліп, ауру қатты өршіген жағдайдаөсімдіктер қара-қоңыр тартып, 7-10 тәулік ішінде қурап, шіріп, опат болады.Жаңбырдан кейін тамшы ылғал ұзақ сақталатын болса, залалданған ұлпалар үстінде ауру қоздырғышының мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын селдір ақшыл-сұр өңез байқалады. Саңырауқұлақ сағақтары жапырақ саңылаушаларынан топтасып шығады,зооспорангийлер жұмыртқа немеселимон тәріздес, түссіз, мөлшері 25-30х15-20 мкм, сыртқы қабықшасы жылтыр, тек жоғарғы ұшында ғана кішірек бүршіктер бар, ооспоралар дөңгелектеу, диаметрі 25-30 мкм. Зооспоралар мен конидиялар өніп, мицелийлер өсімдікті залалдауы үшін міндетті түрде 3-4 сағат бойы шық немесе жаңбыр тамшысы сақталуы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы өте жоғары ( 90-100%) , температура10-20 0С аралығында болғаны қолайлы. Бұл саңырауқұлақ картоп пен қатар қызанақты залалдайды,соңғысының ауруға көбінесе жемістері шалдығады, қоңырқай дақтар байқалып, тез арада шіриді. Таралу мерзімі мен даму қарқынына байланысты аурудың зияндылығы 5-10 - нан 40-50%-ға жетуі мүмкін. Жаңбыр тамшылары және шық арқылы конидиялар мен зооспоралар жапырақтар мен сабақтардан топыраққа шайылып, түйнектерді залалдайды.Жиын-терін кезіндеолар қосымша залалданады, беткі қабатында ішіне қарай тереңдей беретін қоңырқай немесе сұрғылт ойыс дақтар байқалады. Картопты сақтау кезіндеқойма ылғалдылығы жоғары болып, ауасы жеткілікті желдетілмесе ауру өрши түседі. Ол көбінесе сулы, немесе ылғалды шірік ретінде дамып, жиналған өнімді бірталай ысырапқа ұшыратуы мүмкін. Инфекция картоп сабақтары мен түйнектерінде сақталады. Сондықтан да картоп үздіксіз бір жерге қатарынан бірнеше жыл егілетін танаптар мен үй маңындағы участкелер инфекция ошағына айналады.
Фузариоздысолу. Қоздырғыштары – Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататынFusarium oxysporum Slecht., F. solany App. Et Wr., т.б. Бұл ауру оңтүстікпен оңтүстік – шығыс және батыс өңірлердің дала аймақтарында жиі кездеседі. Оның белгілері картоптың гүлдеу кезіндеанық байқалады. Алдымен жоғарғы жапырақтар бозғылт тартып, кейінірекантоцианды немесе күлгін рең байқалады, біртіндеп солып, сарғайып, қурай бастайды. Сабақтардыкөлденеңінен кесіп қарасақ, өткізгіш түтікшелердің қарайғаны байқалады. Ауа-райы ылғалды болса ауру жайлаған өсімдік мүшелерін саңырауқұлақ мицелийлері мен спораларынан тұратын қызғылт немесе ақшыл - күлгін өңез басады.F. oxysporum конидиялары түйрегіш тәріздес, түзу немесе сәл иілген, мөлшері 25-50 мкм. Микроконидиялар мицелий ұшында шоқпар сияқты жинақталады, пішіні цилиндр тәріздес, 10-19х1,3 мкм, хламидоспоралар көп түзіледі.F. solanyмакроконидияларытүйрегіш немесе эллипскеұқсас,3-5 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 30-50х4-6 мкм.Микроконидиялар сопақтау, цилиндр тәріздес, 12-16х3-4 мкм, мицелий бойында пішіні дөңгелектеу сарғылт хламидоспоралартүзіледі. Бұл саңырауқұлақтар дара және қосжарнақты дақылдармен қатар, жабайы өсімдіктерді залалдайды.Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.