Ринхоспориоз немесе сақиналы теңбіл.Қоздырушысы –Deytermycota класының Монилиялылар қатарының өкілі Rhinchosporium graminicola Heins. Ауру ертерек– өскіндер 2-3 жапырақ жайып, түптене бастаған мезгілден байқалады, арпа сабақтанып-масақтану кезеңінде оның даму қарқындылығы арта түседі.Оның белгілері жапырақтардың екі бетінде,күңгірт-жасыл немесе сарғылт,қоңырқай жиекпен көмкерілген дөңгелектеу немесе сопақтау, ұзынырақ дақтар ретінде байқалады.Арпаның толысып пісуіне қарай дақтардың реңі ашық-қоңыр, сарғылт немесе күлгін тартады. Жапырақ үлбірінің астында қысқа сағақтарда тығыз орналасқан ауру қоздырғышының конидияларытүзіледі.Олардың реңі түссіз, 2 жасушалы, жоғарғысы құс тұмсығындай иілген, мөлшері 16-18х3-5 мкм. Ринхоспориоз еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс өңіріндегі арпа егістерінде кең таралған. Бұл ауру әсіресе жаз айлары қоңыр салқынкелетін, ылғал мол түсетін Алматы облысының таулы аймағында айтарлықтай дамиды. Инфекция жиын-теріннен кейінгіөсімдік қалдықтарында сақталады.
Тамыр шіруі. Қоздырушылары– Deytermycota класының Монилиялылар қатарына жататын Bipolaris sorokiniana Sacc.және Fusariumтуысының өкілдері. Арпа гельминтоспориозды немесе кәдімгі тамыр шірігіне өте бейім , бұл дақылда фузариозды шірік те кездеседі, кейде аурудың екі түрі бірдей байқалуы мүмкін. Ауа-райы мен топырақ ерекшеліктеріне байланысты олардың біреуі басым болады. Мәселен, оңтүстік-шығыс өңірдің шөлейт -дала және тау етегіндегі дала аймақтарында гельминтоспориозды тамыр шірігі жиірек кездеседі. Ауру белгілері алғашқы тамырд, тамыр мойыны мен сабақтың төменгі буынаралығында қоңырқай сызықшалар немесе жолақтар ретінде байқалады. Ол қатты дамыған жағдайда аталған мүшелердің реңі қара-қоңырға дейін өзгереді. Өскіндер 1-2 жапырақ жайғанға дейін опат болуы, өсімдіктердің сабақтану-масақтану кезеңінде қосымша сабақтардың төменгі буынаралықтары шіріп, олар масақтанбауымүмкін. Арпаның түптену коэффициенті, масақта түзілген дән мен оның салмағының төмендеуі салдарынан дақылдың түсімділігі 10-15 %-ға дейін кемиді.Инфекция топырақта және өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін