Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет28/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Сабақ таты.P.graminisсаңырауқұлағының f.sp.secalisформасы залалдайды. Ауру белгілері сабақ буынаралықтарында, жапырақ қынабында ұзынырақ қызыл-қоңыр сызықтар немесе жолақтар ретінде байқалады.Жабынды ұлпа қабықшасының астында урединийлер түзіледі, олар пісіп жетілген кезде эпидермис қақырап,урединиоспоралар ауа ағынымен инфекция егіске таралады.Олар сопақтау, эллипс тәріздес, бір жасушалы, реңі қоңырқай, қабықшасының үстінде ұсақ бедер бар, мөлшері17-42 х13-23 мкм. Жаз бойыурединий сатысыбірнеше ұрпақ береді, арпа толық пісе бастаған кезеңде реңі қараяып телиоспоралар түзіледі.Сабақ татыеліміздің орманды-дала мен онымен шектесіп жатқан дала аймақтарындажиірек кездеседі. Ауру қоздырғышы күздік қарабидай егісінде урединиомицелий ретіндеқыстап шығады.Сонымен қатар, телиоспоралар жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталып, көктемде аралық ие-өсімдік бөріқарақатты залалдап, онда эций және спермогоний сатылары дамиды.арпамен қатар қоңырбас, бидайық, еркекшөп және т.б. астық тұқымдас жабайы өсімдіктер залалданады.
Сары тат.Қоздырғышы– P. glumarum Eriks et. Henn.Қазақстан мен Орталық Азияда бидай мен арпа дақылдарын және кейбір астық тұқымдас жабайы өсімдіктерді sp.f. tritici формасы залалдайды. Оңтүстік Азия мемлекеттері мен Америка құрылығында ауру қоздырғышының арпаға маманданған формасы кездеседі. Күздік бидаймен салыстырғанда арпада сары тат 5-10 тәүлік кешірек байқалады.Жапырақ тақталарында саңырауқұлақ урединиоспораларынан тұратын ақшыл- сары сызықшалар мен жолақтартүзіледі. Олардың пішіні дөңгелектеу немесе сопақтау,мөлшері 17-30х15-20мкм, сыртқы қабықшасында ұсақ бедерлер бар. Өсімдіктердің өсуінің соңына қарай урединийлердің орнына беті жылтыр, реңі қара- қоңыр,немесе қара телийлер пайда болады. Оларда пішіні түйрегіш тәріздес немесе сопақтау,2 жасушалы, мөлшері 30-45 х 16-24 мкм телиоспоралар түзіледі. Бұл ауруОңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау бөктерінде себілген арпа егістерінде жиі, еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде өте сирек кездеседі. Алматы облысының теңіз деңгейінен 1500-2000 м биіктікте орналасқан таулы аймағы сары таттың дамуына өте қолайлы. Ауру егісте ертерек, дақылдың масақтану кезеңіне дейін байқалса, өнім шығыны 15- 20 % жетуі мүмкін. Таулы өлкеде инфекциякүздік бидай егісінде және жабайы көпжылдық астық тұқымдастарда қыстап шығады, ал тау бөктеріндегі өңірлерге ауа ағыны мен жаңбыр бұлттары арқылы тарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет