Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет26/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)


АРПА АУРУЛАРЫ




Бұл дақыл саңырауқұлақтар мен бактериялар және вирустар қоздыратын бірнеше ауруларға шалдығады. Олардың ішінде аса кең таралғандары мен зияндылығы жоғарыларына қаракүйенің 3 түрі, сары және сабақ таты, тамыр шірігі мен жапырақтардың гельминтоспориозды және басқа теңбілдері мен дақтарыжатады. Соңғы жылдары Батыс Еуропа елдерінде және Белорусь пен Ресейде вирус қоздыратын арпаның «сары ергежейлену» деп аталатынауру таралуда.Ол дақылдың түсімділігін 40-50 % -ға тіптен одан да көп мөлшерде төмендетуі мүмкін. Бұл ауру ҚазақстанныңРесеймен шектесіп жатқан солтүстік және батыс өңірлеріне аса қатерлі.


Қаракүйе түрлері
Арпада Basydiomycota класыныңУстилагиниялылар қатарына жататын саңырауқұлақтар қоздыратын қаракүйенің үш түрі кездеседі. Олар бір-бірінен морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері бойынша ажыратылады.
Қатты немесе тас қаракүйе.Қоздырғышы–Ustilago hordei (Pers.) Lager.Ауруға шалдыққан өсімдіктердің масақтарында дән орнына жұқа гүл қабыршықтарымен көмкерілген, бір-біріне жабысқан тұратын,түйрегіш сияқты, кейде шеті қырлы келетін тастай қатты (сондықтан тас қаракүйе деп аталады)қаракүйе түйірі түзіледі. Телиоспоралардың пішіні шар тәріздес, кейде сүйірлеу, ақшыл немесе күңгірт- қоңыр, сыртқы қабықшасы біртегіс, көлденеңі 6-7 мкм, яғни бидайдың қатты қаракүйесі қоздырғышымен салыстырғанда 3 еседей ұсақ. Олар жиын-терін кезінде тозаңдап, дәнекті споралайды, бірақ толық үгітілмей, ірілі-ұсақты түйіршектер дәнмен бірге қоймаға түседі немесе аңызға шашылады. Дәнді тазалаған кезде олар үгітіліп,тұқымды қосымша тозаңдайды. Бұл ауру арпа егілетін барлық аймақтарда кең таралған. Оның зияндылығы егісте ауруға шалдыққан масақтар санымен есептелетін нақты немесе көрнеу және бірден көзге байқала қоймайтын шығын мөлшерінен тұрады. Соңғысы спораланған тұқымның танаптық өнгіштігі, өскіндердің түптенуі және өсу кезеңінде кеселден айыққан өсімдіктердің дән салуы төмендеуіне байланысты . Дәнек қауызында және топырақта сақталған телиоспоралар көктемде себілген тұқыммен бірге өнеді.Саңырауқұлақ өскін жасушаларын торлап, өсу нүктесіне жетіп, сонда шоғырланады да, жаңадан түзіліп келе жатқан масақты қаракүйе спораларынан тұратын түйірге айналдырады. Өскіндердің аурумен залалдануына10-150С аралығындағы температура қолайлы. Инфекция негізінен тұқым арқылы таралады, топырақта келесі маусымға дейін сақталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет