Сары немесе шырышты бактериоз, масақтың сары шіруі.Қоздырғышы–Clabybacter tritici Davis(синонимі- Corynebacterium tritici Hutch.),карантинді нысанға жатады.Ауру белгілері жапырақ қынаптарында ақшыл, немесе сары жолақтар ретінде байқалады,сабақ ширатылады. Масақтар жапырақ қынабынан шықпастан пішінсіз массаға айналады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болса өсімдіктің залалданған мүшелерінде қоймалжың келген сары шырыш түзіледі, құрғақ болса ол қабыршықтанған ұнтаққа айналады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өнімі толығымен жойылады деуге болады. 1999 жылы Мысыр елінен әкелінген бидай тұқымы Жамбыл облысының бір шаруа қожалығында егіліп, сол танапта шырышты бактериоз байқалған. Тек мезгілімен қолданылған карантиндік шаралар нәтижесінде ауру ошағы толығымен жойылды. Инфекцияныңнегізгі тасымалдаушы Anguinia triticiдөңгелек құрты. Ауру қоздырғышы шірімеген өсімдік қалдықтарында ұзақ сақталуы мүмкін. Сонымен қатар, жақын қашықтыққа инфекцияауа ағыны және жаңбыр тамшылары арқылы таралады.
Күздік бидай немесе орыс мозаикасы.Қоздырушысы–Russian winter wheat mosaic virus.Вирус бөлшектерінің пішінітаяқша тәріздес, ұзындығы 240-2880, ені 55-65 нμ. Бұл ауруға тән қасиет–жапырақтардың орталық жүйкесін бойлай орналасқан ақшыл, немесе ашық-жасыл, сарғылтжіңішкелеу жолақтар мен сызықшалар. Басқа вирустарданауру қоздырғышын ерекшеленетін тағы бір қасиеті– ауруға шалдыққан жапырақтар шырынын0,1N HCl ерітіндісімен араластырсақ, кристалл тәріздес вирус бөлшектерінің түзілуі. Бірақта бұл қасиет тұрақты емес, сондықтан аукруды нақты анықтау үшін пайдалануға келе бермейді. Вирустың негізгі ие-өсімдігі– күздік бидай, сонымен қатар ол жаздық бидайды, тарыны, арпа мен күздік қарабидайды, жабайы астық тұқымдастардан итқонақ түрлерін (Setariaglauca, S. viridis) залалдайды.Инфекция күздік бидай мен қарабидайда қыстап шығады, тасымалдаушылары жолақ және қоңыр цикадалар (Psammotettix striatus және Macrosteles laevis).
Бидайдың жолақ мозаикасы.Қоздырушысы–Wheat Yellow leafvirus. Аурудың негізгі белгісі – жапырақ жүйкелерін бойлай орналасқан, көмескілеу байқалатын, бір-бірімен ұласып жатқан ақшыл-сары дақтар мен сызықшалар. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктер дән салмайды. Күздік бидай егетін оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде кездеседі. Қостанай облысында кей жылдары олосы ауруға қатты шалдығып, дән салмаған кездері байқалды.Вирус қыс бойы күздік бидайда сақталып, қоректену кезінде кенелеркөктемде ауруды жаздық астық тұқымдастарғажұқтырады. Тасымалдаушылар – өсімдік биттері мен кененің Aceria tulipae Keif. и A.tritici Schev. түрлері.Инфекция ауру және сау өсімдіктер бір-бірімен жанасқан кезде оңай жұғады. Бидаймен қатар вирус қарабидайды, тары мен сұлыны, еркек шөп және итқонақ түрлерін залалдайды.