Дән ұрығының қараюы. Қоздырушылары - Deyteromycota класыныңМонилиялылар қатарына жататын Alternaria alternata (Fr. ) Keisl., Bipolaris sorokiniana Sacc. (син.: Helminthosporium sativum P. K. et.В.). Cоңғы жылдары Бүкілресейлік өсімдіктер қорғау институтымен бірлесе жүргізген арнайы зерттеулер астық дақылдарының альтернариоз ауруының негізгі қоздырғышы Alternaria tenuissimaмен A. infectoria екенін көрсетті. Залалданған дәнектерден көбінесе, жартылай сапрофитті тіршілік етуге бейімделгенбірінші түр бөлінді. A. infectoria паразиттік қасиеті қалыптасқан ағзаға жатады, бірақ ол сирегірек кездеседі. Ауру белгілері дән ұрығының айналасында, мөлшері әр түрлі келетін, кейде дәнектің 3/1 бөлігіне дейін қамтитынқоңырқай дақтар ретінде байқалады. Еліміздің барлық аймақтарында кездеседі, дәннің толысып пісуі мен жиын-терін кезеңінде ылғал молырақ түскен жылдары оның таралуысолтүстік және шығыс өңірлерде 30-40% жетеді.Ауру қоздырғышының түріне байланыстыгельминтоспориозды және альтернариозды «қараұрыққа» деп аталады. Бидайдәнегібалауызданып пісу мерзіміне дейін инфекциямензалалдануы мүмкін. B. sorokiniana саңырауқұлағының мицелийі дән ұрығы мен жарнақ жапырақта, тамыр нышандарында кездеседі, тұқым семіп, өнгіштігі төмендейді.Дәнек альтернариозды инфекциямен залалданған жағдайда саңырауқұлақ мицелийлері эндосперма мен алейрон қабаттарында шоғырланады, ол тұқымның өнгіштігіне айтарлықтай әсер ете қоймайды.
Жүргізілген көпжылдық зерттеулер еліміздің барлық аймақтарында альтернариозды инфекция басым екенін, гельминтоспориозды «қараұрық»сирегірек кездесетінін көрсетті. Соңғысының зияндылығы жоғары болатындықтан, оларды бір-бірінен ажырата білген жөн. Бұл үшін кеселге шалдыққан дәнектер ылғалды ортада (сорғыш қағаз төселген Петри шынылары) 20-250 С температурада бір аптадай ұсталады. 5-6 тәуліктен кейін саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын сұрғылт, күңгірт-жасыл немесе сұр өңез пайда болады. Гельминтоспориозды инфекция болса саңырауқұлақ өрбімесі тығыздау, күңгірт- зәйтүн реңді келеді, конидиялар пішіні түйрегіштәріздес, тұрқы түзү, кейде сәл иілген, 2-3 тен 5-8-ге дейін көлденең перделермен бөлінген. Альтернариозды инфекция болған жағдайда саңырауқұлақ өрбімесі көбінесе, сұрғылттау және мақта тәріздес келеді. Бұл туысқа жататын саңырауқұлақтардыңконидиялары алмұрт немесе түйрегіш тәріздес,реңі қоңырқай,3-6 көлденең және 1-2 тік перделермен бөлінген,бір-біріне тіркескен тізбек түзеді. Олардың, қысқа1-3 перделермен бөлінгенмойыншасы болуы мүмкінA. alternataэпифитті ағза ретінде өсімдік мүшелері мен қоршаған ортада жиі кездеседі.