Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Тамыр шіріктері, дән ұрығының қараюы,энзимді-микозды азғындауы және тұқымның зеңденуі



бет19/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Тамыр шіріктері, дән ұрығының қараюы,энзимді-микозды азғындауы және тұқымның зеңденуі

Тамыр шіріктерінің бидайда бірнеше түрі кездеседі, бір-бірінен олар сырт белгілері және қоздырғыштарының түрлері бойыншаажыратылады. Жаздық бидай өсірілетін солтүстік өңірде тамырдың гельминтоспориозды немесе гельминтоспориозды-фузариозды шіруі басымырақ келеді. Оңтүстік және оңтүстік –шығыста өңірлерде таулы аймақ пен тау бөктерінде егілетін күздік бидай егістерінде офиоболезды тамыр шірігі және қар зеңі жиірек кездеседі. Батыс Қазақстанның суармалы жерлерінде бұл дақыл церкоспореллез немесе сабақтың опырылғыштығына шалдығатыны жайлы деректер бар.


Офиоболезды тамыр шірігі.ҚоздырушысыDeyteromycota класының Дотидеалылар қатарына жататын Gaeumannomyces graminis Sacc. Arx.et Oliv. (син. - Ophiobolus graminis Sacc.)саңырауқұлағы.Ауру белгілері күздік бидай сабақтарының төменгі буынаралықтарында байс,қалады, олар толығымен қараядынегізгі, кейде қосымша сабақтар опат болады.Залалданған тамыр бөлігінде ылғалды ортада селдірсұрғылт өңез түзіледі. Ауруға қатты шалдыққан өсімдіктердіңмасақтарыдән салмай, кейде толығымен ақмасақтанады, тікірейіп тұрады. Кесел орташа және төменгі дәрежеде дамыса, масақта түзілетін дәннің санымен салмағы төмендейді. Қураған төменгі жапырақтардың астында күзге қарай ауру қоздырғышының жалған жеміс денелері түзіледі. Олардың пішіні домалақтау, ішінде түйрегіш тәріздес, тік немесе біраз иілгенсопақтауқалташаларыбар.Соңғылары 2 қатарға орналасқан, орақ тәріздес,түссіз, 5-7 көлденең перделермен бөлінгенаскоспоралардан тұрады. Инфекция жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталады.
Қар зеңі.Қоздырушысы Deyteromycota класыныңМонилиялылар қатарының өкілі Fusarium nivale (Fr.) Ges., қалталы сатысы - Calonectria graminicola (Berk et. Br.) Wr. Бұл аурукүздік бидай егістеріндееліміздің оңтүстік, оңтүстік- шығыс және шығыс өңірлерінің таулы аймақтарында кездеседі. Қыс және ерте көктемдеқолайсыз жағдайлардан әлсіреген өсімдіктерде, әсіресе бедері ойлы- қырлы келетін және қар қалың жататын жыраларда, ауру жиібайқалады. Қар ерігеннен кейін өскіндер күңгірт-жасыл тартып, олардыкүлгіндеу келген немесе ақшыл-сұр селдір өңез басады. Көпшілік жағдайда ауру жер бедеріне байланысты егісте ойдым-ойдым байқалады, егістің тығыздығы сиреп, түсімділігі айтарлықтай төмендейді.Қыс айларында ауа-райы тұрақты болмай, жылымық күндер үскірік аяздармен алмасуы, әсіресе осындай құбылулар қыстың соңында, көктемнің бас кезінде орын алуы, күздік егістерді әбден әлсіретеді. Ауру қоздыратын саңырауқұлақтыңжеміс денелерінің пішіні пияз тәріздес, сопақтау,көлденеңі 0,2-1,1 мм.Мицелий жіпшелері ортасында хламидоспоралар, ұшында жаңа туған ай тәріздес, екі ұшыжұмырланған1-3 тен 4-7-ге дейін көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 3-18х3-4 мкммакроконидиялартүзіледі. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет