Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Гельминтоспориозды дақтар немесе теңбілдер. Бидайда бұл аурдың екі түрі кездеседі. Олар сырт белгілері, ауру қоздырғыштарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері бойынша бір-бірінен ажыратыла



бет18/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Гельминтоспориозды дақтар немесе теңбілдер. Бидайда бұл аурдың екі түрі кездеседі. Олар сырт белгілері, ауру қоздырғыштарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері бойынша бір-бірінен ажыратылады.


Күңгірт- қоңыр теңбіл.Қоздырушысы Deytromycota класының Монилиялылар –қатарына жататын Bipolaris sorokiniana Sacc.,(син: Helminthosporium sativum P. K. et B.).Ылғал мол түскен жылдарыауру белгілеріжапырақтарда дөңгелектеу күңгірт қоңыр дақтар ретінде байқалады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болса олардысаңырауқұлақ мицелийлері мен конидияларынан тұратын күңгірт-жасыл, немесе күңгірт зәйтүн реңді өңезбасады. Осы саңырауқұлақ бидайдың тамыры мен сабақтың төменгі буынаралықтарын және дәнді залалдайды. Соңғы ауру «қара ұрық» деген атпен белгілі. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Сарғылт,сарғылт-қоңыр теңбіл.Қоздырғышы –Deytromycota класының Монилиялыларқатарының өкілі Drechslera tritici-repentis (Died.) Shoem. Аурудың сырт белгілері септориозға ұқсас келеді. Жапырақтарда дөңгелектеу немесе сопақтаукелген, бозғылт немесе қоңырқай жиекпен көмкерілген сарғылт немесе қоңырқай дақтар байқалады. Олар бір-бірімен ұласып, бүкіл жапырақ бетін толықтай шарпиды. Орталық Азияда бұл ауру өткен ғасырдың 80- жылдарының ортасында ғана байқалған еді. Аурудың алғашқы белгілері көбінесе өсімдіктер сабақтана бастағандабайқалады, оңтүстік-шығыс аймақтаоның салдарынан күздік бидай егісіерте көктемдесарғая бастайды. Кесел жайлаған жапырақтар ерте қурауынан және сабақ буынаралықтары жасыл реңінен айрылатындықтан фотосинтез екпінділігі,нәтижесінде дән толыспай, саны мен салмағы айтарлықтайтөмендейді. Өткен ғасырдың соңына қарайсарғылт теңбіл Қазақстанның көптегенөңірлерінде, атап айтқанда оңтүстікпен оңтүстік-шығыс, солтүстік және шығыста бидайдың аса кең таралған және зияндылығы жоғары ауруына айналды. Бұның басты себебі көптеген аймақтардаол дара дақылға айналып, бір жерге қатарынан бірнеше жыл егілуі. Сонымен қатар, дәнді дақылдарды өсірудің минимальды және нөлдік технологиясын өндіріске кеңінен ендіру аурудың таралуы мен дамуына өте қолайлы болуы және пайдалануға ұсынылған сорттардың оған бейімділігі. Инфекция өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтың жалған жеміс денесі - псевдотеций ретінде қыстап шығады.Оларда түзілетін аскоспоралар оңтүстік өңірде сәуір-мамыр айларында, ал солтүстік аймақта мамыр-маусым айларында пісіп-жетіліп, ауа ағынымен егіске таралыпөсімдікті залалдайды. Арнайы зерттеулер бұл ауруды таратуда тұқым айтарлықтай рөл атқармайтынын көрсетті.Оның қатты өршуінежаңбыр жиі және ұзақ жауып, температура 20-270С, ГТК- 1,0-1,2 аралығында және одан жоғары болғаны қолайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет