Энзимді-микозды азғындау. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары Ресейде бұл аурудың туындау себептері жете зерттеліп,ЭМИС ( энзимно-микозное истощение семян)деп аталған.Қоздырушылары Deyteromycota класыныңМонилиялылар қатарына жататын Cladosporium herваrum (Pers.) Lk, жәнеAlternaria alternata (Fr.)Keisl.саңырауқұлақтары деп саналды. Кеселдің жұқпалы және жұқпайтын түрлері болуы мүмкін. Аурудың бірінші сатысы дән байланып,жаңадан толыса бастаған кезде жаңбыр жиі жауып, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болған жағдайда байқалады. Дәнектің ылғалдылығы жоғарылауынан қысымы көтеріліп, ферменттердің белсенділігі, қор заттарының жиналуынан көрі ыдырауы артады. Осының салдарынан балауызданып пісіп келе жатқан дәннің сырт пішіні өзгеріп, қабықшасы жарылып, нәрі шайылады. Аурудың инфекциялы сатысының дамуына сапрофиттіжәне жартылай паразитті саңырауқұлақтарC.herbarum,Alternaria, Fusarium түрлері және B. sorokinianaқатысады. Олар дәнекте түзіліп жатқан органикалық заттармен қоректенеді, ауа-райы ылғалды болса, оны күңгірт-жасыл, сұрғылт немесе күлгін өңез басады.Масақта түзілетін дән саны мен салмағының кемуі салдарынан өнім шығыны орын алады. Дәнде түзілетін ақуыз мөлшері мен маңызы (клейковина), тұқымның өну қарқыны мензертханалық және танаптық өнгішігітөмендейді. Кейбір саңырауқұлақ түрлері, әсіресе Fusarium, зәрлі токсиндер бөліп шығарады. Ресейдің көптеген аймақтарында кең таралған бұл ауру еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне жиын-терін кезінде жаңбыр мол жылдары бидайдың сапасын төмендетіп, біраз шығынға ұшыратуы мүмкін. Сапрофитті саңырауқұлақтар жапырақтар мен масақ қауыздарында және қоршаған ортада жиі кездеседі
Дән мен тұқымның зеңденуі. Толысып пісіп келе жатқанда және жиын-терін мен сақтау кезінде дәнді дақылдардың тұқымына әртүрлі эпифитті микрофлора ( Cladosporium, Alternaria туысының өкілдері), сүт қышқылы және микрококкабактериялары қоныстанады. Соңғыларының 1 дәндегі саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Тұқым үстінде жәнежарнағында, кейде дән қауызының астында қаракүйе саңырауқұлақтарымен қатар, гельминтоспориоз, фузариоз, септориоз және т.б. ауруларды қоздыратын Helminthosporium, Fusarium, Drechsleraжәне Septoria туыстарының түрлері мен фитопатогенді бактериялар сақталуы мүмкін.Ресейдің Еуропа бөлігінде, Батыс Сібір мен Қиыр-Шығыс аймақтарында бидай масақтары мен дәнектері фузариоз ауруына жиі шалдығады. Көптеген саңырауқұлақтар зәрлілігі жоғары токсиндер бөліп шығаратындықтан ұн мен одан пісірілетін нанның сапасы нашарлайды, кей жағдайларда дәнді азық ретінде пайдалануға болмайды.
Дәнді дақылдар тұқымының өнгіштігінің төмендеуінің басты себебі – олардың зеңденуі. Дәннің ылғалдылығы жоғары болса (15-20%және одан да жоғары)жиылған астықты қырманда немесе қоймада сақтау кезінде зең саңырауқұлақтары (Penicillium, Aspergillus, Trichotecium, Mucor және т.б. )дамып,оның сапасын және тұқымның өнгіштігін төмендетеді. Олардың біразы афлотоксин деп аталатын, адам мен жануарлар ағзасына зәрлі әсер ететін улы заттар бөліп шығарады. Дәннің зеңденуқарқынынаоның ылғалдылығымен қатар ұзақ сақтау кезіндегі ауаның немесе қойманың температурасы әсер етеді.Ол неғұрлым жоғары болса, тұқымның зеңдену қарқындылығы артып, өнгіштігі тез төмендейді. Дән қоймада ұзақ мерзім сақталғанда,температура төмен болғанның өзінде (0-50 С)зең саңырауқұлақтары дамуы мүмкін. Дәннің ылғалдығы стандартқа сай (12-14%) болса, жиын -терін кезінде қоныстанатын эпифитті микрофлора және зең саңырауқұлақтары тыныштық қалпында болады, сақтау кезеңінде өніп, көбеймейді, яғни тұқым зеңденбейді.Дәннің ылғалдылығы 15-16% және одан жоғары болса олардның дамуына қолайлы жағдай туады. Қойманың температурасы неғұрлым жоғары болса, оларсоғұрлым белсенді дамиды, бұл үрдіс 3-5 0С температурада да жалғаса береді, ол жоғарылаған сайын зеңдену белсенділігі арта түседі. Сондықтан ұзақ мерзімге сактау кезіндеазықтық астық пентұқымның ылғалдылығы 13-14% -дан аспауы керек. Зең саңырауқұлақтары қоршаған орта мен қоймаларда ылғи кездеседі.